- Учителю
- Математика 'Уақыт'
Математика 'Уақыт'
Қарағанды қаласы №32 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Уақыт.Сағат
Мұғалімі:Т.Қ.Дәрібаева
Қарағанды қаласы-2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Уақыт.Сағат
Мақсаты: уақыттың өлшем бірлігі -сағатпен таныстыру, «Жыл мезгілі» «тәулік»түсінігін нақтылау
Міндеттері:ондықпен санау,салмақ ,ұзындық өлшем бірліктерін нақтылауға арналған ойындар арқылы білімдерін жетілдіру; ғарышкерлер өміріне деген қызығушылығын арттыру,уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: презентация ,сағат,құрама гүл,қима сандар,глобус
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Бәріңізге құрметпен
Бас иеміз біз.
-бүгінгі сабақта біз саяхатқа шығамыз,тапсырмалар орындаймыз,сол орындаған тапсырмалар үшін жапсырма қағаз жұлдызша алып алдарыңдағы дайын қағазға жапсырып отырасыңдар Сабақ соңында алдарыңдағы қағазда композиция пайда болады.Кімнің композициясы әдемі болып шықса сол үздік бағаға ие болады.Ал жапсырма тек орындалған тапсырмаға ғана беріледі. Сол үшін тапсырманы мұқият тыңдап ,уақытымен орындауға тырысыңдар тақтаға шыққан бала да ғаламшар - жапсырма алады.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Тізбекпен оқыту №4
№1 Гүл құрау (ауызша)
- балалар гүлдерде нелер жазылған?Сендер оларды қандай түспен боядыңдар?Неге?
-сонымен қыс айлары қайсысы?( желтоқсан ,қаңтар,ақпан )
-Көктем айлары қандай?(наурыз,сәуір,мамыр айларын қандай түспен боядыңдар? Неге?
-Күз айлары ше?-қыркүйек,қазан,қараша айларын неге сары түспен боядық?
-Жаз айлары?-маусым,шілде,тамыз неге жасыл?
-қыс,көктем,жаз,күз бір сөзбен бұларды не деп атаймыз?
- мезгіл
-Сонымен балалар жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
Жер күнді 1 жылда 365 күн айналады екен.Сол кезде жер күнді айналғанда мынадай жол жасайды жердің салқын жерге жетіп күннен алыстап кеткен кезін яғни суыққа тап болуын қыс мезгіліне жатқызады.
-4 мезгілдің өтуі - 1 жыл уақытқа тең
-1 жылда-4 мезгіл ,365 күн бар.Қалғанын тағы сабақта айтамыз
ІІ.Жаңа сабаққа дайындық
-балалар жаңа мен айттым саяхатқа шығамыз дедік.Ендеше бүгін не туралы білетінімізді тауып көрелік
-ал қанеки енді өткен сабақтар бойынша өз білімімізді еске түсірелік
-алдарыңдағы қима сандардан түсіп қалған сандарды тауып өсу ретімен жаза қойыңдар
10,…,30,40,….,60,…,…,…,100
қ
у
а
т
ы
70
20
50
90
80
Сол сандардың астындағы әріптерді де орындарына орналастырамыз
Не деген сөз шықты? Уақыт
-ендеше бүгін уақыт ,оның өлшеу құралы(өлшемімен)танысамыз
ІІІ.Жаңа сабаққа өту
-балалар әрине біз саяхатқа интерактивті тақта көмегімен шығамыз
-балалар бүгін саяхатқа басқа балалар да шығып жатқан шығар,өйткені бүгін 12 сәуір-……………күні.Ендеше қайда? саяхатқа шығамыз
-ғарышқа немен барамыз? Ғарыш кемесімен
-ғарышқа ұшатын адамды кім дейді? «ғарышкер» түсінік беру
-Онда біз нені көреміз деп ойлайсыңдар?Ғаламшар деген не?
-қане алдымен ғарыш кемемізді жасап алайық(геометриялық фигуралардан құрастыру)
-ғарыш кемесіне қай жерден отырамыз ?
Б
а
й
қ
о
ң
ы
р
2+1
1+3
3-3
4+4
8-2
6+3
5-3
10-7
-не киеміз? Скафандра «жоқ әріпті жаз»
с
к
ф
н
д
р
-скафандра кидік
Бауларымызды тақтық
Дұрыстап отырдық
1-2-3-4-5 алға!
1 аялдама «Меркурий »
Көркем жазу минуты
-
Алғаш рет адам ғарышқа қашан ұшты?
-
12 неше таңбалы сан?
-
1+2
-
Көркем жазу минуты 3 санын жазу
-әдемі жазған балаларға Меркурий ғаламшарынан естелік,жапсырамыз
1 аялдама «Юпитер»
Уақытты өлшеп сынап
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?(сағат)
Сағаттың құрылысымен таңыстыру.
3 аялдама «Шолпан»
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС №2
Балаларға қима қағаз тарату
4 аялдама «Марс» №3
Мәтін есеп
Оқулықпен жұмыс(173 бет,№4).
Алматыдан Таразға дейін поезд 10 сағат,ал автобус одан 2 сағат кем жүреді.Таразға дейін автобус неше сағат жүреді?
5 аялдама «Сатурн» Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей
Иілеміз оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иілеміз солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
6 аялдама «Уран»
7 аялдама «Нептун»Дәптермен жұмыс
1 минутта неше есеп шығарасың? Тексеріп көр
8 аялдама «Ай»
Артық болмас білгенің (ғарышкердің тамағы)
Түртіп ал Уақыт өлшемдері
Секунд,минут,сағат,тәулік,апта,ай,жыл
Қорытынды Жерге оралу
-
Сабақ ұнады ма?
-
Уақыт немен өлшенеді?
Үйге тапсырма
№4 174- бет
Бағалау Композициясына қарап бағалау