7


  • Учителю
  • Открытый урок по математике на тему 'Бірмүшені көпмүшеге көбейту'

Открытый урок по математике на тему 'Бірмүшені көпмүшеге көбейту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту.Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Бірмүшені көпмүшеге көбейтуге түсінік беру.Алған білімдерін тиянақтау,жүйелеу. 2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,талдау,саралау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділіктерін арттыру. 3.Тәрби
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Бірмүшені көпмүшеге көбейтуге түсінік беру.Алған білімдерін тиянақтау,жүйелеу.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,талдау,саралау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділіктерін арттыру.

3.Тәрбиелік:Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға,өз жауаптарын бағалай білуге үйрету,ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың түрі:жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі:дид.мат.журналдар,интерактивті тақта,плакат.

Сабақтың жоспары:1.Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақ қазақтың жеті қазынасына байланысты.Әр кезеңнен өткен сайын интерактивті тақтада жеті қазынаның біреуінің суреті шығады.Әр қайсысына түсініктеме беріледі.

I.Үй тапсырмасын тексеру

II. Сұрақ-жауап

III. Жаңа білім беру

IV. Есептер шығару

V. Сергіту сәті

VI. Табиғат тамашаларынан сыр

VII.Қорытынды

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып,орындарына отырғызу.Сынып тазалығына көңіл бөлу.

I.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін,тақтада бүркіттің суреті ашылады.

II.Сұрақ-жауап

1)Көпмүше деп нені атаймыз?

2)Көпмүшенің ұқсас мүшелері деп нені атаймыз?

3) «Ұқсас мүшелерді біріктіру» дегенді қалай түсінесіңдер?

4)Көпмүшенің дәрежесі деп нені атаймыз?

5)көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтып беріңдер.

Тақтада жылқының суреті ашылады.

IIІ.Жаңа білім беру

4ab2 бірмүшесін 3a2-5a2b+6a2c көпмүшесіне көбейту қажет болсын.

Көпмүше - бірмүшелердің алгебралық қосындысы. Сондықтан көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана отырып, теңбе-тең түрлендіру арқылы

4ab2∙(3a2-5a2b+6a2c)=4ab2∙3a2-4ab2∙5a2b+4ab2∙6a2c=12a3b2-20a3b3+24a3b2c =24a3b2c-20a3b3+12a3b2

көпмүшесін аламыз. Осыдан мынадай ереже шығады:


  • Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.

Мысалы:

2x3-2x(x2-4x+3)= 2x3-2x3+8x2-6x=8x2-6x

Тақтада мылтықтың суреті ашылады.

IV. Есептер шығару.

№214

№215 (1,3,5,7)

№223 (2,4)

Тақтада иттің суреті ашылады.

V.Сергіту сәті.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг тартады. Екі аяғымен тұрса неше кг тартады? (3кг)

2. Саудагер бір затты 7 теңгеге сатып алып, оны 8 теңгеге сатты. Сол затты қайтадан 9 теңгеге сатып алып қайта 10 теңгеге сатты. Саудагер қанша пайда көрді? (2 теңге)

3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (бесбұрыш)

4. Мына сандарды алып көріңіз. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Осылардың қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе?

Жауабы: Қосындысы 45. Көбейтіндісі 0. 45›0

Тақтада диірменнің суреті ашылады.

VI. Табиғат тамашаларынан сыр шертелік.

  1. Бір тонна мақтадан 3400м. мата тоқылады, 94 кг май, 135 кг мамық алынады.

  2. Көне жазбалардың көрсетуінше пияздың пайда болғанына 40 ғасырдан астам уақыт болған. Жер бетінде пияздың 500 түрі бар екен. Кеңес одағы кезінде 230 түрін өсірген.

  3. Егер сынып оқушыларды бір тонна ескі қағаз қалдығын жинап, мемлекетке тапсырса, онда ормандағы 4 текше метр ағаш кесілмей сақталады.

Тақтада қазанның суреті ашылады.

VII.Қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма: №215(2,4,6,8); №225 (1,3,5).

Тақтада кітаптың суреті ашылады.

Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, өкшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан - қазақтың жеті қазынасы. Жеті қазына халықтың жан дүниесінің, мінез бітімінің, тыныс тіршілігінің айнасы. Қазақ халқының өз тілі, өз ғылымы, өз мәдениеті болғанын ұлтымыздың ұлағатты ұғымдарымен байланыстырып отырған.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал