7


  • Учителю
  • 7 класс геометрия Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері

7 класс геометрия Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Г. Дөңесова

(аты-жөні)

Ибраимова Раушанның 7 «Г» сыныбында өткізген ашық сабақ жоспары

(мұғалімнің аты-жөні)

Пәні: геометрия

Күні: 8.12.15Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері туралы айту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру

Ә) дамытушылық:

Жылдам ойлауын, есте сақтауын, сызбаларды тиянақты, сауатты сызуын, алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білуін, математика тілінде сөйлеу мәнерін дамыту

Б) тәрбиелік:

Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, қоршаған ортаны аялауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептер шығару, сызбамен жұмыс жасау

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия оқулығы (7 сынып),

Л.С. Атанасян, В.Ф. Бутузов. Геометрия оқулығы (7-9 сынып),

тақта, интерактивті тақта (слайд), сызғыш, плакат, маркерлер, карточкалар

Сабақтың пәнаралық байланыстары:

Экономика, биология (жануартану)

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • амандасу;

  • түгелдеу;

  • оқушының назарын сабаққа аудару;

  • оқу құралдарының дайындығын тексеру

  • амандасу;

  • кезекшілік міндеттерін атқару;

  • сабаққа дайындалу

ІІ. Өткен материалдарды қайталау. (сұрақ - жауап)

  • Қандай үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады?

  • Тік бұрышты үшбұрыштың қандай қабырғасын гипотенуза деп атаймыз?

  • Қандай қабырғалары катеттері деп аталады?

  • Үшбұрыштың неше теңдік белгісі бар?

  • Тік бұрышты үшбұрыштың неше теңдік белгісі бар?

  • Тік бұрышты үшбұрыштың теңдік белгісін айтпас бұрын үшбұрыштардың теңдік белгісін қысқаша атайықшы:

ІІІ. «Маркетинг» ойыны (оқушылар 4 топқа бөлініп, тік бұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін плакатқа сызып қорғау) Ойынның маркетинг аталу себебі, сызбаны сауатты сызып, дұрыс түсіндіру арқылы өз сызбаларын саудаға түсіріп, өткізуі тиіс.



ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері:

. Тік бұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрышының қосындысы -қа тең.

Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы -қа тең, ал тік бұрыш -қа тең, сондықтан тік

бұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрышының қосындысы -қа тең.

. Тік бұрышты үшбұрыштың -қа тең бұрышына қарсы жатқан катеті гипотенузаның жартысына тең.

Мысалы: Бір бұрышы -қа тең тік бұрышты үшбұрыштың осы бұрышқа қарсы жатқан катеті

гипотенузаның жартысына тең екендігін дәлелдеңдер.

B

































D C A





Берілгені:

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу үшін: саламыз, сызбадан көріп тұрғанымыздай

теңқабырғалы, ,

, болғандықтан,

Дәлелдеу керегі де осы.

. Егер тік бұрышты үшбұрыштың катеті гипотенузаның жартысына тең болса, онда осы катетке қарсы жатқан бұрыш -қа тең.

. Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы -қа тең болса, онда бұл үшбұрыш тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыш болады.

Тік бұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрышының қосындысы -қа тең болғандықтан, бір бұрышы -қа тең болса, екінші сүйір бұрышыда -қа тең болады. 7 класс геометрия Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері 7 класс геометрия Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері

V. Есептер шығару. «Қызыл кітап» ойыны

Бұл ойынның мақсаты Қызыл кітапқа енген жануарлардың астында есептер жасырылған, осы есептерді шығару арқылы жануарлардың санын көбейтіп, Қызыл кітаптан алып тастау.

Ақбөкен, киік - №1

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең, ал оның гипотенузасы мен кіші катетінің қосындысы 15 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 10 см

Қарақұйрық - №255 (А)

табаны бар тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі жүргізілген. Егер болса, неге тең?

Жауабы:

Қызыл қасқыр - №256 (А)

Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 600-қа тең, ал оның гипотенузасы мен қысқа катетінің қосындысы 26,4 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 17,6 см

Үкі - №258 (А)

Тең қабырғалы ABC үшбұрышының BC қабырғасының D ортасынан AC түзуіне DN перпендикуляры жүргізілген, AB=12 см болғанда, AN неге тең?

Жауабы: 9 см

Тасбақа - №259 (А)

Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына қарсы жатқан бұрышы 1200-қа тең. Бүйір қабырғасына жүргізілген биіктік 9 см-ге тең. Үшбұрыштың табанын тап.

Жауабы: 18 см



VІ. Жаңа сабақты бекіту. «Ия немесе жоқ» ойыны

Мұғалім сөйлемдер оқиды, сол айтылған сөйлем дұрыс болса, қолымызды жоғары көтереміз, ал бұрыс болса, алдымызға созамыз.

  • Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары 900; 600; 300 болуы мүмкін.

  • Бір бұрышы 300-қа тең тік бұрышты үшбұрыштың осы бұрышқа қарсы жатқан катеті гипотенузаның жартысына тең.

  • Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.



VІІ. Үйге тапсырма

Оқулықтан №152, №166 (1)

Бағалау (сабаққа белсенді араласқан оқушыларды бағалау)





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал