7


  • Учителю
  • Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ

Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ

</





«Тапқырлар отауы» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.



Сайыс жоспары:

1. Қызықты есептер

2. Адасқан әріптер

3. Логикалық лабиринт

4.Математикалық жұмбақтар

5. Тапқырлық

1 - жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар!

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2 - жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар,

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.



1 - жүргізуші:

Есепті түрлі-түсті шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке де отырамыз.

2 - жүргізуші:

Олай болса, бұл не тұрыс

Сайысты біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазылармен таныстырайық!











1-ші кезең «ҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕПТЕР»



1-топ «Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1.Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?

2.Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады?

3.Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?

4.Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

5.Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?

6.Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?

7. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

8. Оу осі қалай аталады?

9. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады?

10. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар.

2-топ «Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1.Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?)

2. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?

3.Екі олда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?

4.Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды.

Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?

5.86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.

6.Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?

7. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

8. Төртбұрыш қабырғаларының қосындысы?



9. Күн көзі жылына неше рет шығады?

10. 444 саны 3 ке бөліне ме?

3-топ «Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?



2. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды?



4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?



5. Ұшақ Қостанайдан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?



6. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?



7. 4 балада неше саусақ бар?



8. Шеңбердің ұзындығының формуласы



9. 2-ге бөлінетін сандар



10. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды?

4 топ. «Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1) Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қоса есептегенде қанша болады? (20)

2) Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)

3) Екі санның қосындысы сегізге тең, айырмасы екіге тең, көбейтіндісі он беске тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)

4) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

5) Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (6 балаға бір бауырсақтан бір бала бауырсақты тәрелкесімен алады)

6) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең, 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (10+10+9=29, 10+5+10+5+9+5=44)

7. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

8.Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады?

9. Сызықтық функцияның графигі қалай аталады?

10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады?



2 КЕЗЕҢ- Адасқан іздер. (Сайыстың осы бөліміне әр топтан 2 оқушы шығарылады)

берілген аяқ іздернің сыңарын тауып беру керек. Формулаларды дұрыс табуға арналған тапсырмалар.

Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақТапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ





3 КЕЗЕҢ. Тіл-Өнер

Шарты: Берілген ойды аяқтап, орысша, ағылшынша шешуін айту керек.



1.Табиғат тілі- математика…………. (Тіл -язык-language )

2.Математика ғылымдардың…………… (Патша-Царь-king )

3.Математик…….. жанды болу керек (Ақын-поет-poet )

4.Берген сауап- садақа, қасиетті…….. (Жұмада-пятница-fryday)





4-КЕЗЕҢ. Логикалық лабиринт. (Сайыстың осы бөлімінен кейін 2 оқушы шығарылады)

1. Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады. Үй иесі мұны сезіп:

Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те маған бер, - деген екен.

Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз болмас, толы кісі екен, әрі бізден екі есеге артық екен, кетейік» депті. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. (10 адам, 5 ұры)

Сұрақ: Үй иесі айтқан адамдар қанша, ұрылар қанша?



2. Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, оның екеуіне бірдей, үшіншісіне екі есе аз сал» деп тапсырма береді.Күлшеқызға бұршақтарды ыдыстарға дұрыс бөлуге көмектес.( 18+18+9)

3.Екі рюмка он сіріңкеден құрастырылды. Үй суреті салынатындай етіп, 6 сіріңкені алмастырып қойыңдар.

Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ

4.Тоғыз сіріңкеден таразы құрастырылған. Таразы- тепе-теңдік қалыпта тұратындай етіп, оның 5 сіріңкесін алмастырып қойыңдар.

Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ

5 КЕЗЕҢ. Математикалық жұмбақтар.

1) Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Санатқа,

Апасына Қанаттың,

Екі-екіден тараттым,

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойшы, ал жаным? (3)



2) Алма ағашта жеті алма,

Қандай тәтті жесе алма,

Жетеуінде жеп қойсам,

Қалады сонда неше алма? (0)



3) Бір сарайға қамалған,

Тауық, түлкі тағылар

Есеп шарты мынадай

Аяқ пен бас саналар

Отыз аяқ жүр көп боп

Басы 9 бір топ боп

Айыруға болады

Түлкі нешеу қамалған,

Тауық нешеу саналған. (3 тауық, 6 түлкі)



6 КЕЗЕҢ. Тапқырлық сайысы.

Диаграммада жоғарыдан төмен, төменнен жоғары, оңнан солға, солдан оңға қарай, диагоналдар бойымен сөздерді табыңдар:

Уақыт 5 мин.

Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ





Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ

7 КЕЗЕҢ. «KINDER SURPRIZE» САЙЫСЫ. Жұмыртқа ішіндегі есептерді шығару керек. Дұрыс жауап 1 ұпай. Әр топ 3 есептен шығарады.













































































Әділ-қазылар алқасы қортынды шығарады. Жеңіске жеткен топты марапаттау.

Оқушылардан кері байланыс алу.

























































































































Тапқырлар отауы 6 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал