- Учителю
- Экономикалық мазмұнды ҰБТ тапсырмаларының Жолдаудан көрініс табуы
Экономикалық мазмұнды ҰБТ тапсырмаларының Жолдаудан көрініс табуы
Құсайынова Гүлнар Ибрагимқызы,
математика пәнінің мұғалімі,
Қазақ мектеп гимназиясы
Петропавл қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тақырыбы: Экономикалық мазмұнды ҰБТ есептерінің Қазақстан Республикасының Президенті -Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" Жолдауында көрініс табуы.
Сынып: 11 а
Пән: Алгебра және анализ бастамалары, жаратылыстану-математика бағыты
Мақсаты:
Білімділік: Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талдай отыра, ҰБТ-да кездесететін мәтінді есептерді шешудегі практикалық дағдыларын бекіту;
Дамытушылық:Елбасымыздың Жолдауын талдау.Дүниетанымын, тілін, шығармашылық, логикалық ойлау қызметін дамыту;
Тәрбиелік: Экономикалық, қарым- қатынас мәдениетті тәрбиелеу.
Міндеті: Экономикалық мазмұнды ҰБТ-да кездесетін мәтінді есептерді шешу.
Сабақтың типі: Есеп шығарудағы дағдыларын бекіту.
Құрал- жабдықтары: Интерактивті тақта.
Сабақ жоспары:
Ұйымдстыру кезең
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Әр бағытты математиканың ҰБТ-да кездесетін мәтінді есептерімен байланыстыру
Тест тапсырмаларны орындау.
Үй тапсырмасы
Қорытынды
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең.
Ұстаз:Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдайды. Жаңа 2012 жылдың 28 қаңтарында Елбасының " Әлеументтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен таныстық.
Бүгінгі сабағымызда осы Жолдаудағы он бағытты тағы да есімізге түсіріп, ондағы қойылған мақсаттарды күнделікті өмірімізде кездесетін қаржылық, демографиялық, әлеументтік мазмұнды ҰБТ есептерімен , өңіріміздің экономикасымен, әр отбасының өмірінде туындайтын мәселелермен байланыстырып көрейік.
Жолдауды талдау
1-оқушы:1-бағыт. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Үкімет пен әкімдер 2012 жылы ауқымды жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асырады.
Ұстаз:Осыған орай 2011 жылда шыққан ҰБТ-ға дайындық жинағының 9-нұсқасында кездесетін №11 есептң шешімін іздейік.
Есеп. Темір жонушы мен оның шәкірті бір кезекте 65 деталь жасап шығарады. Егер темір жонушы жоспардан 10%, ал шәкірті 20% артық жасайтын болса, онда олар 74 деталь жасап шығарады. Жоспар бойынша бір кезекте темір жонушы және оның шәкірті қанша деталь жасап шығаратындығын табыңыз.
A. 50,15 B. 40, 25 C. 35, 30 D.20, 45 E.15, 50
Шешуі:
Уақыт үнемдеу үшін жауабымен жұмыс атқарайық.
А. Темір жонушы 50 деталь , шәкірті 15 деталь жасап шығарсын. 50 дің 10%-ы 5, 15 тің 20%-ы 3. Барлығы 50+5+15+3= 73, 7374, қанағаттырмайды.
В. 40+4+25+5=74, қанағаттырады.
Жауабы: B. 40, 25
2-оқушы:2-бағыт.Қолжетімді баспана.
Үкімет 2012 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей "Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасын әзірлеп, қабылдайды. Жыл сайын 6 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй іске қосылады. 500 мың жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз ету үшін жалдық тұрғын - жай алаңдарын іске қосуды 1 миллион шаршы метрге дейін жеткізу қажет.
Ұстаз:Бұл бағытқа арналған тапсырма: ҰБТ жинағы.2010 жыл. 25 нұсқа №13
Есеп. Ықшам ауданда 8 көпқабатты үй салынды. Олардың орташа биіктігі 38 метр. Егер сегіз үйдің төртеуінің орташа биіктігі 29 метр болса, онда қалған төрт үйдің орташа биіктігі қандай болғаны?
A. 42,5 B. 38 C. 33,5 D.47 E.45
Шешуі:а,в,с,е,к,л,м,н -үйлер болсын, онда олардың биіктігі: а+в+с+е+к+л+м+н=38*8
Алғашқы төртеуінің биіктігі: а+в+с+е=29*4
Соңғы төртеуінің биіктігі: к+л+м+н=38*8-29*4=4*47
Ендеше төрт үйдің орташа биіктігі 47 метр
Жауабы: D.47
3-оқушы: 3-бағыт. Өңірлерді дамыту.
Үкімет моноқалаларды дамытудың біртұтас бағдарламасын әзірлейді.2012 жылдың 1 шілдесіне дейін Үкімет жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлейді.
Ұстаз: Жаңаөзен қаласындағы жағдай қайталабас үшін моноқалалардың экономикасын дамыту қажет.
Тапсырма.ҰБТ жинағы .2011 жыл. 20 нұсқа. №11
Петропавл қаласының "Рахмет"сауда орталығында тауардың бағасын алдымен 20%-ке, одан кейін жаңа бағасын тағы да 25%- ке кемітті. "Пирамида" сауда орталығында тауар 40%- ға арзандатылды. Бағасы бірдей тауарлар қайсысында арзандау екен?
Шешуі:
Тауардың бағасы - х тенге болсын.
"Рахмет"сауда орталығында тауардың бағасы: х-0,2х=0,8х. 0,8х-0,25*0,8х=0,6х.
"Пирамида" сауда орталығында тауардың бағасы: х-0,4х=0,6х
Жауабы: Екі дүкендегі тауар бағасы бірдей.
4-бағыт. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
2012 жылдың соңына дейін әлеументтік маңызды мемлекет қызметтерінің 60%-ы , оның ішінде лицензиялардың барлық түрлері тек электронды пішінде ұсынылатын болады. Рұқсат беру құжаттар саны 30% қысқарады. 2013 жылдан бастап қазақстандықтар барлық рұқсат беру құжаттарын электронды пішінде немесе ХҚО-лар арқылы алуы тиіс. Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беруді ХҚО- ларға беру керек. Лицензиялар мен рұқсат берулердің барлық түрлерін тағы үштен бірге төмендететін заң жобасы әзірленді.
Ұстаз: автокөлік иелері темір тұлпарларын рәсімдеу үшін енді ХҚО-ларға бару керек болады. Ендеше тезірек машина сатып алайық.
Есеп. Жанұя "Бипек авто" автонесие арқылы машина алатын болды. Дизайны бойынша шетелдік машиналардан кем емес, жүргізушінің қауіпсіздік жастығы, руль басқару күшейткіші бар, двигатель қуаты 1,6 л, орталық құлыптары дистанциондық басқарылатын , сырт терезелері электроприводы және қыздырылатын ерекшеліктері бар LADA PRIORA
машинасын алуды ұйғарды. Автокөлік құны- 10.000$.Оның құнынан 10 % алғашқы жарна төлеп, 5 жылға несие алуға болады. Ал жанұя 50 % төлеп, 2 жылға несие алмақшы болды. Ай сайын 300 $ төлеу керек болады. Ең соңында жанұя қанша артық төлем төлейді?
Шешуі:
Ең әуелі алғашқы жарнаны есептейік: 10.000$: 2=5.000$ (50%). Несие соммасы 5.000$.
Барлық сомманы қайтаруға және 2 жыл =2*12=24 айдағы айырманы есептейік.
24*300$=7.200$. 7.200$. - 5.000$= 2.200$
Жауабы:Жанұя 2.200$ артық төлем төлейді.
5-оқушы: 5-бағыт. Басқарушылардың білікті саяси табын дайындау.
Үкімет пен Президент Әкімшілігі 2012 жылдың 1 жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар бойынша ұсыныстар әзірлейді. Өлшемдер: білім мен кәсібилік, жоғары моральдық сипат, бастамашылық және тапсырылған учаскедегі жұмыс табыстылығы.
Ұстаз: Басқарушылық орындағы адам әрине қазақ тілінен басқа орыс, ағылшын тілдерін де жетік меңгеруі қажет.
ҰБТ жинағы 2010 жыл. 8 нұсқа. №3
Есеп. Кітапханада қазақ, орыс, ағылшын тілінде әдеби кітаптар бар. Қазақ тіліндегі кітаптар барлық кітаптардың 40% , орыс тіліндегілер қазақ тіліндегілердің 75% құрайды, ал 210 кітап ағылшын тіліндегілер. Кітапханада барлығы қанша кітап бар?
A. 525 B. 740 C. 600 D.700 E.620
Шешуі:
Барлық кітаптар саны - х болсын.
Қазақ тіліндегі кітаптар саны- 0,4х
Орыс тіліндегі кітаптар саны:- 0,4х*0,75= 0,3х
Ағылшын тіліндегі кітаптар саны: 210
0,4х+0,3х+210=х
х=700
Жауабы: D.700
6-оқушы: 6- бағыт. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
Үкімет 3 ай мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, ұсынады. Үкімет Евразпол- Еуразия полициясын (Интерпол үлгісімен)құру туралы ұсыныстар әзірлеп, Қазақстанның БЭК бойынша әріптестеріне жібереді. Судьялық корпусты құру тәртібін қайта қарау. 2012 жылы жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі, сол сияқты жеке детектівтік қызмет туралы заң жобасын дайындау аяқталады.2012 жылдың 1 шілдесіне дейін құқық қорғау және арнаулы органдардың бүкіл жеке құрамына қайта аттестаттау жүргізіледі. Құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мәселесін қарау.
Ұстаз: Білімді жүйелеу үшін тест тапсырмасын орындайық Әділ шешімін сот жүйесі емес, ақылды машина берсін.
Тест тапсырмасын орындайды.
Солтүстік Қазақстан облысының 2011 жылғы әлеументік- экономикалық дамуына арналған тест тапсырмалары.
-
2011 жылдың 1 желтоқсанында облыстағы тұрғындар саны584,2 мың адам болды. Олардың 239,1 мыңы қалаларда, 345,1 мыңы ауылдық елді мекендерде тұрады. Қала мен ауыл адамдарының пайыздық мөлшерін анықта.
A. 40,9%; 59,1% B.40,8%; 59,2% C.40,7%; 59,3% D.40,6%; 59,4% E.40,5%; 59,5%
-
2010жылы орташа айлық еңбек ақы 50.945 теңгені құрады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 18,4 % өсті. 2011 жылы орташа еңбек ақы мөлшері қанша?
A. 55.500 B.60.319 C.65.500 D.63.300 E.61.219
-
Облыс өнеркәсібі жағымды үрдіспен серпінді дамып 2010 жылмен салыстырғанда өсім 103,7% құрап, 77,1 миллиард теңгенің өнімін өндірді. 2010 жылмен салыстырғанда қаншаға артық?
A. 2,71 млд B. 2,72 млд C. 2,73 млд D. 2,74 млд E. 2,75 млд
-
2010 жылы тұрғын үй құрылысына 4,55 млд теңге жұмсалды. 2011 жылы бұл көрсеткіш 5,7 % артты. 2011 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаражат жұмсалынды?
A. 4,7 млд B. 4,8 млд C. 4,9 млд D. 5 млд E. 5,1 млд
-
Ауыл шаруашылығында 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы егін шаруашылығынан 2 есе өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 358 млд теңгеге жетіп, 78%-ыегін шаруашылығына тиесілі болды. Егін шаруашылығы өңірімізге қандай пайда келтірді?
A. 259,24 млд B. 269,24 млд C. 279,24 млд D. 289,24 млд E. 290,24 млд
Тест тапсырмаларын оқушылар компьтерде орындайды. Қорытындысы бірден компьтерден алынады.
7-оқушы: 7-бағыт. Қазақстанда адами капиталдың сапалық өсуі.
Білім беру жүйесін жаңғырту одан әрі жалғасады.Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологиялар енгізіледі. Өңірлерде педагогтардың біліктігін арттырудың интеграцияланған орталықтары жұмыс істейді.2012 жылы қанатқақты режимде салалық ассоциялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз біліктілікті бекіту орталықтары құрылады. Мемлекет жеке - меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатаханалар желісін дамыту тетіктері арқылы жастар үшін білім алуға қолжетімділік ұлғайтылады. Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық ұлттық іс-қимылдар жоспары қабылданады.
Ұстаз: ҰБТ-да жинақтайтын 125 балдың әрбір балы сендер үшін үлкен қаражат. Әрбір жауабын таба алмаған сұрақ жанұя үшін экономикалық залал тигізеді.
1 тапсырма. Гранд иегері атанып, жақсы оқыған әрбір студентке төленетін шәкіртақы орташа есеппен ай сайын 30.000 теңге.4 жыл дәріс алған жоғарғы оқу орнында студенттік шәкіртақы мөлшері қанша?
Шешуі: 30.000*12*4=1.240.000
Жауабы: 1.240.000 теңге
2 тапсырма. Грандқа жинақтаған балл жетпей, ақылы жоғары білім алу үшін ай сайын орташа есеппен 40.000 теңге төлеу қажет.Әр жылда оқу мерзімі он ай болса, 4 жылда жанұя экономиясына келетін шығын мөлшерін есепте.
Шешуі: 40.000*10*4=1.600.000
Жауабы: 1.600.000 теңге
1 тапсырманы бірінші қатар оқушылары, 2 тапсырманы екінші қатар оқушылары орындайды, орындап болған соң дәптер алмасып, бір-бірін тексереді.
Ұстаз: 1.240.000 теңге пайда, 1.600.000 теңге шығын, сондықтан әр күндеріңді бос өткізбей тиімді пайдалануға тырысыңдар.
Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. 2 ай мерзім ішінде Қазақстанда онколгогиялық жәрдемді дамыту бағдарламасы әзірленеді. Астанада ұлттық медициналық холдинг арқауында қуатты ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру туралы мәселе қарастырылады. Үкімет 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып , денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Әкімдер халықтың дене шыныұтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені қарастырады.
Ұстаз: Салауатты өмір салтын қолдауды Елбасы жыл сайынғы Жолдауда айтады. Біздің планетамызда жылына шылымның қолданылуынан үш жарым миллион адам қайтыс болады. Қазақстанда әр күнде шылым шегуден 65 адам, ал жылына сәйкесінше 23.000-24.000 адам өмірімен қоштасады. Онкологиялық аурулардың ішінде де ең біріншілердің қатарында өкпе -жұтқыншақ қатерлі ісіктері жатады. Сондықтан шылым шегу өзіңе қажет пе екендігін бүгінгі таңнан ойлану қажет.
Тапсырма: Бір қорап шылым 60 теңге тұрады. Айлық жалақысы 60.000 теңге азамат күніне екі қорап шылым шегеді. Айлық жалақысының қанша пайызын азамат шылымға жұмсайды?
Шешуі:
Бір айда 30 күн болсын, сонда шылымға жұмсалынған қаражат 30*60*2=3.600 теңге. Бұл барлық қаражаттың неше пайызы болатындығын анықтайық: 3.600*100:60.000 = 6%
Жауабы: Айлық жалақысының 6% -ы шылымға жұмсалады.
8-оқушы: 8- бағыт. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп 2012 жылдың 1 жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Қазақстан ТМД кеңістігінде бірінші болып, жинақтау жүйесін табысты енгізді. Салымшылар саны 8 млн адам құрайды. Жиналымдар көлемі 17 млд доллардан асады.
Ұстаз: Жастық кәрілікті асырайды. Қазіргі таңда жұмысқа жарамды азамат өзінің айлық жалақысының 10 % зейнетақы қорына аудару арқылы болашақ зейнетақысының мөлшерін көбейтеді.
ҰБТ жинағы. 2011 жыл. 24 нұсқа. №11
Әкесі баласына 700 шаршы метр жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тигенін анықта.
A. 175 B. 400 C. 205 D. 525 E. 500
Шешуі: Үлкен ұлының еншісі - х шаршы метр болса, кіші ұлыныкі - х. Барлығы х+х=700
х=400
Жауабы: 700
9-оқушы: 9- бағыт. Индустриялық - инновациялық жобалар.
2012 жылы қуаты 1320 мегаватт болатын Балқаш ЖЭС-тің бірінші модулінің құрылысын бастайды. Құны-2,3 млрд доллар. "Батыс Еуропа- Батыс Қытай "халықаралық автомобиль дәлізінің Қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтау. Жезқазған - Бейнеу, Арқалық - Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кіреді. Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны жалғастырады. Құны -2 млрд доллар. Атырау мұнай өңдеу кешені, Атырау газ -химия кешені өз жұмысын қолға алады.
Ұстаз: Атырау мұнай өңдеу кешенінің іске асуы арқасында өңіріміздегі бензин құны да тұрақталынады деген сенімдеміз.
Тапсырма. 2011 жыл 17 нұсқа №11
Автобус бірінші күні өтетін жолдың бөлігін өтті, ал екінші күні бірінші күнде өткен жолдың бөлігін өтті, ал үшінші күні қалған 252 км жолды өтті. Егер 4 км жолға л бензин жұмсалатын болса, автобустың барлық жолға қанша бензин жұмсалғанын есепте.
A. 345,6 B. 4,6 C. 21,6 D. 7,35 E. 432
Шешуі: х+х*+252=х
х=232
232/4*=21,6
Жауабы: 21,6 литр
10-оқушы: 10-бағыт. Ауыл шаруашылығының дамуы.
Жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін займдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесі енгізіледі.
Үкімет бөлшек саудаға делдалдарсыз мемлекеттік қолдау көрсету тетігін әзірлеп, енгізеді. Мемлекет астық саласын ұйымдастырып және құрылымдап, біртұтас астық холдингін құруы қажет. Ет өндірісінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендіру қажет. Үкімет мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөнінен бағдарлама әзірлейді.
Үй тапсырмасы:
2011 жыл. 13 нұсқа. №11
Қоймада сақталған бидайдың ылғалдылығы 20% болған. Кептіргеннен кейін оның ылғалдылығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептіргеннен кейін бидайдың массасын тап.
A. 38 т B. 50,7 т C. 48,7 т D. 50 т E. 48 т
Қорытынды.
Ұстаз: Қазақстан Республикасының білім жүйесі саясатының мақсаттарының бірі-жан-жақты, білімді, шығармашыл қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары, экономикалық сауатты және мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру. "Талап - тұлпар, білім - сұңқар" дегендей дарынды, білімді жастар ғана мемлекетіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеументтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан да болашақ түлектер, сіздерге сәт сапар тілей отыра ҰБТ сынағын ойдағыдай тапсырып, Жолдаудағы бағыттарды айқын орындайтын Қазақстанның білімді азаматтары болыңдар.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халына арнаған Жолдауы.28 .01.2012 ж
2. Солтүстік Қазақстан газеті. №14.31.01.2012ж. Солтүстік Қазақстан облысының 2011 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуы.
3. Аганина К.Ж. Экономикалық білім беру - заман талабы. Қазақстан мектебі.№4.2000ж
4. Экономикалық тәрбие. Интернет материалы.
5. Матеметикадан ҰБТ жинақтары, 2010ж, 2011ж.