- Учителю
- Келтірілген квадрат теңдеу (8 класс)
Келтірілген квадрат теңдеу (8 класс)
23.11.2015 алгебра 8 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Келтірілген квадрат теңдеу
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға келтірілген квадрат теңдеу алу әдісін, шешу жолдарымен таныстыру. Есеп шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын.Есептеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез
ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ - жауап.
Практикалық жұмыс.
Көрнекілігі: Кестелер, формулалар, компьютер.
Сабақтың түрі : білім мен дағдыны тиянақтау, жүйелеу сабағы;
Сабақ әдісі : Блум таксономиясы.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, слайдтар, сәйкестендіру, тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин.)
1). Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту - екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:
1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (бұрынғы білімді еске түсіру) (5 мин)
«Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
2. Түсіну - тезаурустық деңгей (алған білімді пысықтау) Мәселені шеш! (10мин)
«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Оқулықпен жұмыс.
3. Қолдану - методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету)
(10 мин.) Жасырын әріптерді тап! «Математикалық эстафета ойыны» Сәйкестікті анықта.
4. Талдау (анализ) - технологиялық деңгей (Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешу). (10 мин.) Тез есептей білеміз бе? «Есептеу - білімді еселеу»; «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары) «Математикалық дуэль»
5. Жинақтау (синтез) - зерттеушілік деңгей (жалқыдан жалпыға, жеке бөлшектерден жаңа дүние жасау). «Өтілген тақырыпты бекіту» (5 мин.) Тест.
ІІІ. Қорытындылау бөлімі (2 мин.) Рефлексия
IV Бағалау (2 мин.)
V Үйге тапсырма (1 мин.)
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу , сабаққа ынтасын аудару; Сабақтың мақсатымен таныстырып, нұсқау беру.
ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту - екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:
1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (5 мин)
«Миға шабуыл» (бұрынғы білімді еске түсіру);
-
«Сәйкестікті табу». Берілген теңдеулердің арасынан толық, келтірілген және толымсыз квадрат теңдеулерді сәйкестігін табу.
а) х2 + 3х - 19 =0 толымсыз
б) х2-7х+11=0 келтірілген
ә) 4х2+5х=0 толық
д) 2х2-5х+1=0 келтірілмеген
в) 8х2=0 толымсыз
г) 3х2-21х=0 келтірілген
ғ) 8х2-3х=0 толық
е) х2-25=0 толық
ж) х2-4х-45=0 толымсыз
з) 18-2х2=0 келтірілмеген
и) 4х2-28х+49=0 толық
к) 2х2-5х+3=0 толымсыз
2
. Түсіну - тезаурустық деңгей (Жаңа білім алу) Мәселені шеш! (10мин)
«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Жаңа материалы меңгеру.
ax2+bx+c=0 (1) түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.
Мұндағы а, в, с нақты сандар. , х-айнымалы.
а -1 коэффициент, в - 2 коэффициент, с бос мүше.
Егер (1) теңдеудегі . болса, онда ол теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады.
Мысалы 5x2+5x+7=0
В немесе с, немесе в мен с нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.
Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады.
1. ax2+bx+c=0 , мұндағы с=0.
2. ax2+c=0, мұндағы в=0.
3. ax2=0, мұндағы в=0, с=0.
Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1-ге тең болса (а=1), онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
.x2+px+q=0
3. Қолдану - методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету)
(10 мин.) Жасырын санды тап! «Математикалық эстафета ойыны» Сәйкестікті анықта.
Семантикалық картаны толтырыңыздар
№
Квадрат теңдеулер
Толымды теңдеу
Толымсыз теңдеу
Келтірілген теңдеу
a=0
в=0
с=0
1
+
2
+
+
3
+
4
+
+
5
+
+
6
+
+
7
+
Оқулықта: 119, 120, 121 тақ
4. Қорытынды. Сонымен сабақта біз не үйрендік? (балалар жауап береді.)
1топ 2 топ 3 топ
5. Үй жұмысы. 122, 125, 127,129 жұп