- Учителю
- Алгебрадан ашық сабақ жоспары 'Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің формуласы' (9-сынып)
Алгебрадан ашық сабақ жоспары 'Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің формуласы' (9-сынып)
Сабақтың атауы | Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің формуласы 21.11.2014ж
| |
Сілтеме | Алгебра 9- сынып, А.Н.Шыныбеков, сабақ жоспары | |
Жалпы мақсаты | Оқушыларға арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің формуласын түсіндіріп, оларды есептер шығару барысында қолдана білу дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, шыншылдыққа, жауапкершілікке, еңбек етуге тәрбиелеу. | |
Міндеттер
|
| |
Мұғалім үшін оқу нәтижелері |
| |
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері | топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі | |
Сабақтың көрнекілігі | слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар | |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар формулаларын есептерге толық қолдана алады. Формулаларды біледі, түсінеді.Топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады. | |
Ұйымдастыру кезеңі | а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын Оқушыларды топқа бөлу 2 мин | |
,Сабақтың барысы | ||
2. Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті 36 мин | |
Үйге берілген тапсырманы тексеру Сұрақтар қою 1.Арифметикалық прогрессия деген не? 2.Алғашқы мүшелерін қалай табамыз? Ауызша есептер беру | Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына толық жауап береді. Жазған үй жұмысын тексеру | |
ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту «Ойлы болсаң,озып көр» топтарға тапсырмалар беру | Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады. | |
ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту Оқушылар жұмыс жасап болған соң теориялық қысқаша түсіндіріп өтемін. Оқулықтан №217-1,2) есептерді шығару Оқушылар оқулықтағы есептерді топпен талдап қорғайды.Кезекті тапсырма «Сергіту сәті» логикалық есептер беремін |
Оқушылар тақтаға қарап назар аударып отырады. Әр топ қорғайдыБұл есепті балалар кезектесіп тақтаға шығарады.Постер қорғайды. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды. | |
ҚОЛДАНУ-15мин Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар Есептер шығару карточкалар мен тапсырма беру. Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін. | Оқушылар оқулықтағы есептерді тақтаға, дәптерге орындайды 1топ пен 2 топтар постер қорғайды Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды. | |
ЖИНАҚТАУ-6мин Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету « Тапқыр болсаң ,тауып көр» топтарға тапсырма беру(қосымша есеп ) |
1,2,3,4 топ оқушылары кезектесіп сұрақтарға, жауап береді | |
Бекіту 5 мин | ||
3.Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
«БББ» кестесін таратып беремін БІЛЕМІН | БІЛДІМ | БІЛГІМ КЕЛЕДІ |
|
|
|
Оқушылар кестені толтырады.
Бағалау
2мин
4.Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.
Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалайды
5.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
№215 есептерді шығару
Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия Оқушыларға стикерлер таратамын
30 секунд Оқушылар өздеріндегі стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып күлегештерге жапсырады.