7


  • Учителю
  • Алгебраның алғашқы тарауын қайталау(7-сынып,дәстүрлі емес сабақ)

Алгебраның алғашқы тарауын қайталау(7-сынып,дәстүрлі емес сабақ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Алгебра әлеміне саяхат» математикалық жарысы(алғашқы тарауды пысықтау) (Дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың тақырыбы:



Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту,алгебраның алғашқы тарауынан алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.



Тәрбиелеу

Дидактикалық, логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.



Дамыту

Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.





Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыстар: физика,сызу,геометрия

Көрнекіліктер: Сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, компьютер

Сабақтың барысы:

Жоспары:

  1. Топтардың таныстыруы.

  2. Топ мүшелерінің сайысы.

  3. «Жұмбақтар шешейік!»

  4. Адасқан әріптерден сөз құрау.

  5. Викториналық сұрақтар.

  6. Топ жетекшілерінің сайысы.

  7. Қорытындылау.



І. « Пропорция » тобы

« Функция» тобы

«Дәреже» тобы

ІІ. Топ мүшелерінің сайысы. Сұрақтарға үші топ бірдей жауап береді.(Жауапты жазу үшін қағаздар таратылып, оған жазған жауаптары мұғалімге тапсырылады)

1) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді

8-4-3=1 (8+4):3=4 8:4+3=5

8:4·3=6 8-4+3=7 8+4-3=9

(8-4)·3=12 8+4+3=15 8·4-3=29

8·4+3=35 (8+4)·3=36 8·4·3=96

2) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды? (10 торғай қалды, ал қалғаны ұшып кетті)

3) Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (12)

4) Түйе, бота маң басқан

Төр аяғын тең басқан

Бие бар құлын емізген

Қос ешкі туған егізден

Үш қозы мен екі қой

Бәрі қанша ойлап қой. (15)

5) Бір - бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім біледі? (8)

6) Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі? (6)

7) Тақтада көрсетілген 81 санынан 63 - ті алып, 86 санына 12- ні қосу керек. Сонда біріншідегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? (сандар жазылған карточкаларды 900 - қа бұру керек.)

8) М нүктесі С және Д нүктелерінің арасындағы орналасқан. МС = 4 дм, ДС =6 дм болса, МД кесіндісінің ұзындығын тап (2)

9) Квадраттың қабырғасы 5 см болса, оның ауданы неге тең?

(25 см 2 )

10) Есептеңіз: -12 + (-2)3 ( - 20 )

11) Салыстыр: а) 9990 және 99990 ( 9990 = 99990 )

б) 23 және 32 ( 23 < 32 )



12) 35 нешеге тең?

ІІІ. «Жұмбақтар шешейік!»

1.Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.

( Х )

2) Күшіне сенген бір мықты

Жығып алып сегізді

Барайын қайда дегізді.

( ∞ шексіздік )

3) Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды.

( циркуль )

4)Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?

(жүз-100)

5) Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады.

(Дәреже)

6) Егіз тұған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Бір мәреге келмейді.

(Паралель түзулер)



7) Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай.

(Натурал сан)

8) 12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.

(Жыл,12ай,52апта,7күн)

9) Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. Ол не?

(0мен 9 арасындағы сандар)

10) Оң сандарға қолшатырдай,

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасың сен оны.

(Квадрат түбі

IV. Адасқан әріптерден сөз құрау.

1-топқа:

А Н С

Л Е С У Ә

К И Р Ь Л У Ц

2-топқа :

ҚАЖЫТҚЗЫ

У К Б

З У Ү Т

3-топқа :

Ұ Р Ш Ы Б

Н У К Я И Ф Ц

КТАВРАД

V. Викториналық сұрақтар.

  1. "Пропорция" тобына

1) 10- ның кубы

2) 1 Км - де қанша метр бар

3) Геометрия сөзінің мағынасы.

4) 3х= -15 теңдеуінің шешімі

5) - 7 санының квадраты

6) 18 және 12 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші

7) - 3 және -5 сандардың көбейтіндісі неге тең

8) Бұрышты өлшеуге арналған құрал.

9) 16 саны 2 санының қандай дәрежесі

10) 2-1 дәрежесі неге тең

11) Өзара қилыспайтын түзулер қалай аталады?

тең ?

12) Негізгі геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, жазықтық)

«Дәреже» тобына

1) Жазыңқы бұрыштың өлшемі неше

2) Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

3) Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

4)Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (1800)

5)Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

6) 6 және 4 сандарының ең үлкен ортақ

9) 27саны 3 санының қандай дәрежесі

10) 3-2 дәрежесі неге тең ?

11) Сызықтың функцияның графигі қалай аталады?

12) Z әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді?

13) -4 және -3 сандардың қосындысы неге тең?

"Функция" тобына

1) N әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді

2) -5 және 10 сандардың қосындысы неге бөлгіші

3) - 4 және 5 сандардың көбейтіндісі неге тең

4) Шеңбер салуға арналған құрал

5) 3 санының кубы

6) 1 кг қанша грамм бар?

7) Геометрия пәнінің негізін

қалаған математик

8) -5х=20 теңдеуінің шешімі

9) - 6 санының квадраты

10) Тік бұрыштың өлшемі неше

11) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)

11)Вертикаль бұрыштар қандай (тең)

22)Үшбұрыштың бір іщкі бұрышына сыбайлас бұрыш (сыртқы бұрышы)



VІ. Әр топтың топқа есептер беру сайысы.

  1. y= функциясының графигін салыңдар әне бұл функция қай аралықтарда оң және теріс болады?

  2. y= функциясының графигін салыңдар әне бұл функция қай аралықтарда оң және теріс болады?

  3. y= функциясының графигін салыңдар әне бұл функция қай аралықтарда оң және теріс болады?

VІІ.Қорытынды.

Жеңімпаздар анықталып, марапатталады. Белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал