7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара 'Ғажайып алаң' 5-6 сынып

Сыныптан тыс шара 'Ғажайып алаң' 5-6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныптан тыс шара 5-6 сыныптың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыруда мәні зор. Бұл шарада оқушылар алдын ала өз топтарының атын, ұранын тауып дайындалады. Шара барысында әр топқа жоспарымен таныстырлады. 4 турдан тұрады. 1 турда топтың атымен , ұранымен таныс
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ғажайып алаң

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру , есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын, логикалық ойын, тез есептеуге, ізденімпаздылығын дамыту.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі

Барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика - математиканың, ал математика - барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс

4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков

ІІ «Ғажайып алаң» сайысының шартымен таныстыру

1. «Мен , мен, мен едім» таныстыру

2. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» әр топқа сұрақтар қойылады

3. «Жеті рет өлшеп бір рет кес» жабық ұпайларды таңдап сұраққа жауап береді.

4. Кім қырағы

І.Топтардың таныстыруы.

5 «А» сыныбы -Формула

Ұраны: Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол- формула

6 «А» сыныбы- Арифметика

Ұраны:Арифметика - математиканың, ал математика - барлық ғылымдардың патшасы»

ІІ. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Сұрақтар беріледі. Тез арада жауабын беру қажет

1. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 50

2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған? 4 сағат

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? 15 км/сағ

4. Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина жолға шықты.Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған? Бірдей қашықтықта

5. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? 6 бала

6. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? 48 жұмыртқа

7. Үш метрлік 60 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек? 300 рет

8. Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын? 5 есе

9.Бүтін екі санның қосындысы тақ болса, олардың көбейтіндісі тақ па, жұп па? Жұп

10. Бүтін үш санның қосындысы жұп болса, олардың көбейтіндісі жұп па, тақ па? Жұп

ІІІ. Жеті рет өлшеп бір рет кес.

Сандар сыры

20. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 ) 30. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

40. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

50. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

ЕҢ, ЕҢ…

20. Ең кіші жай сан. 2

30. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

40. Ең алғашқы математик әйел. С. Ковалевская

50. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім? Р. Декарт

ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР.

20. Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. әрбір мысық алдында 3 мысық.

Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)

30. Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар

едіңіз? (Сірінкені)

40. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда

кездеседі? (Барлық айда)

50. 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.

(Төрт алманың әр қайсысың беске бөлу керек)

ІҮ. Кім қырағы ?

Шеңбер , кітап, ширек, компьютер,радиус, бөлшек, периметр, қалам, дәптер

Берілген сөздерді 1 минут ішінде еске сақтап алып, ойыңызда қалған сөздерді жазу керек. Қанша сөз жазса сонша ұпай беріледі.

2-жүргізуші:

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал