- Учителю
 - Поурочное планирование по математике: Тенбе тендеу
 
Поурочное планирование по математике: Тенбе тендеу
Сынып: 6 «А»
Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе-тен түрлендіру
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Алгебралық өрнектің мәнін табуға және алгебралық қосынды құрастыруға есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
 
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
-  
Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.
 -  
- Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
 -  
-Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?
 -  
-Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
 
 
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
 
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 701, №703, №706
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №702, №712
 
ІV Сабақты бекіту кезеңі:
- Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
-Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?
-Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
 
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
 
Үй жұмысы: №714, №715