- Учителю
- 1 сынып 8 саны мен цифры
1 сынып 8 саны мен цифры
Қайырбаева Ғ 25.11.15 математика
Тақырып: 8 санының құрамы.
Мақсаты:
1.Оқушыларды 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқушылардың танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.
Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, ауызша, жазбаша,
Көрнекілігі: Сандар құрамы, теңдіктер, теңсізідктер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Балалар, біздің математика сабағындағы ұранымызды айтайық.
Хормен:
«Есеп білмейтін адам,
Түк сезбейтін надан».
- Ендеше, балалар, өткен сабақтарымыз бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.
1).Қайталау.
Футболшының доптарын санайық.
не байқадындар? біз сандарды аттап оқыдық.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1). Қызығушулықты ояту. Логикалық ойын « Жоғалған санды тап»
2). Керекті сандарды тап.
3-7 сандарының құрамдарын жаздыру
Осы құрамдарды 8 санының құрамымен толықтыру
7-1 3-5
6-2 5-3
4-4 1-7
3). Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
8 санды жазайық.
Көркем жазу: 8 8 8
4). Оқулықпен жұмыс.
№1 Сурет бойынша теңдіктер құрастыр.
5). Сергіту сәті:
Жаза,жаза есепті, Талып кетті қолымыз.
Бір, екі, үш, Бойға жинап күш.
Терезені ашайық,
Шаң - тозаңды басайық.
Жалқаулықты тастайық, Қайта сабақ бастайық.
6). Жұмбақ.
Төрт қаз ұшып барады, Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу? Жауабын кім табады? ( 8 аяқ, 4 бас)
Үйге кірді Алдияр, ----------------------Ағаштағы төрт алмұрт,
Оған қоса Мадияр.-------------------- Өскен екен тимей құрт.
Кейін келді Айдана, ------------------ Самал алып екеуін,
Қанша болды бар бала? ------------ Қалдырған екен нешеуін?
(1+1+1 =3 ) ----------------------------------- (4 - 2=2)
Шығармақ болып кеше есеп, ---------- Аулада бес үйрек,
Жиналыпты бес есек. ---------------------Қорада үш үйрек.
Үшеуі ұйықтап отырды, -----------------Бір үйрек тығылды,
Ынталысы неше есек? --------------------Бір үйрек жығылды,
(5 - 3=2 ) --------------------------------------Қалғаны неше үйрек?
--------------------------------------------------------(5+3 - 1 - 1=6)
Көлден ұшты жеті қаз, ---------------------Екі аяқ пен екі қол,
Қайтып қонды екі қаз. -------------------- Бір ауыз бен бір тілің,
Қонбады оның нешеуі, --------------------- Нешеу болды кәне, бол,
Қане, кім тез шешеді? ---------------------- Санап шығар кім бұрын?
(7 - 2=5) ---------------------------------------------------------(2+2+1+1=6)
ІV. Қорытынды.
№5 Клоунға көмектесіндер шашылып қалған доптарынан теңдік құрастырып жазындар.
Үлгі: 2+5 8-1
Мадақтау;