7


  • Учителю
  • 'Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту' 3- класс

'Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту' 3- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте


Сыныбы 3-сынып

Күні 14. 04.2015.

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту.

Мақсаты

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту тәсілдерін тапсырмалар орындауда пайдалану.

Күтілетін нәтижелер

А. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту тәсілдерін пайдаланатын болады;

В. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту тәсілдерін қолданып, есептерді әр түрлі тәсілмен шығара алатын болады.

С. Көбейту кестесін басшылыққа ала отырып, екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген кестені толтыра алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық Математика 3-сынып авторы: Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.

Электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу.

Жұптық әңгіме.Бірлескен оқу. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Түсіну дәрежесін бағалау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру


Топқа бөлу

5 мин



Позитивті түрде сабақты бастау
1. «Гүл сыйлау» әдісі арқылы бір-біріне жылы сөздер айту.


2. «Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісімен өткенді қайталау.

3.«Жұбыңмен тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру, өзара бағалау.

Оқушылар ойын шоғырландырады.


Бір-біріне тілектер, жылы сөздер айтады.

2 шеңбердегі оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады да. Бір-біріне сұрақ қояды. Шеңбер бағыты ауыстырылуы арқылы жұптар да ауыстырылады..

Жұптар көршілерінің үйден шығарған есептерін тексереді, өзара бағалайды.

№11 (108-бет)

104*4=408 202*3=606

201*2=402 303*3=909

303*2=606 201*3=603

404*2=808

Тұсаукесер

5 мин


Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ жасыру.

Күз болғанда піссе,

Сатылуға түссе.

Базар жаққа барып,

Шелегімен алып,

Салат жасау күзде,

Әдет болған бізге.

-Неден деп ойлайсың- дар, балалар?

-Ал неліктен жасырылды бұл жұмбақ?

Сабақ критерийін құру.

1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін пайдалана білемін.

2. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін қолданып, есептерді әр түрлі тәсілмен шығара аламын .

3. Көбейту кестесін басшылыққа ала отырып, екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген кестені толтыра аламын.


«Иә-жоқ» математикалық диктант.

- 29 бен 3-тің көбейтіндісі 87-ге тең;

- 5 санын 19 есе арттырғанда 85 шығады;

-1- 7 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 98 шықты.

-56-ның жетіден бір бөлігін 12-ге арттырғанда 96 болады.

- Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 11-ге тең. Көбейтіндінің мәні 55.

- 12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кіші.

- 57 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырғанда 90 шықты



Балалар жұмбақты шеше отырып, не себепті көкөніс туралы жұмбақ жасырылғанын болжайды.


Мұғаліммен біріге отырып сабақ критерийін құрады.

Математикалық диктантты тыңдай отырып, балалар дұрыс жауапқа +, қате жауапқа - қойып отырады.

+

-

-

+


+


+

-

Негізгі бөлім

30 мин

№2. 113-бет


№4. Кестені толтыру.

«Алтын балықты аквариум» әдісімен


№ 7. 111-бет

Топтарға ұсынылады.

«Гүл егу» ойыны арқылы ұйымдастырылады.Есепті дұрыс шығарған топ топыраққа гүл отырғызады.


Электронды оқулықпен жұмыс.


№5. 113-бет

Бос орындарға тиісті сандарды қою.

Деңгейік тапсырмалар беру.

Әр топтан бір баяндамашы тақтаға орындайды.

37*3+126=237

48*4+249=441

600-34*5+240=670

800-49*3-160=493

«Әр оқушы өзін «Басбармақ» әдісімен бағалау.

Алтын балықтың суреті кімге түссе, сол оқушы тақтада әріпті өрнектің орнына мәнін қойып, кестені толтырады.

(28+6)*4=136

(47+6)*4=212

(39+6)*4=180

(46+6)*4=208

Оқушы өз-өзін бағалайды.


Топ болып есепті постерге орындайды.

Балалар есеп мазмұнын топта талдайды.

-Есепте не туралы айтылған?

-Есепте не белгілі?

-Есеп нені сұрайды?

-Есеп неше амалмен шығады?

І топ, ІІІ топ.

Әкелінді - ? 15*4

Салды - 12 қалташаға

1 қалташада - ?

Шешуі: 1) 15*4=60

2) 60:12=4

Жауабы: 1 қалташадағы алма 4 кг.

ІІ топ, IV топ.

Запырангүл - 124 түп

Түймедағы - ? 2 есе арт ?

Лалагүл - 142 кем

Шешуі: 1) 124*2=248

2) 248+142= 390

3) 124+248+390=762

Жауабы: барлығы 762 гүл

Бірдей есеп шығарған топтар бір-бірін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалау.

Электронды оқулықтағы қызықты тапсырмаларды топпен шешеді.

Дұрыс орындаған топ мүшелерін мадақтау арқылы бағалау.


Жұппен жұмыс. Екі жұп ақылдаса отырып орындайды.Әркім өз жұбын «Бағдаршам»арқылы бағалайды.

2м4см=204см

3м2дм8см=328см

2саг50мин=170мин

3ц56кг=356кг

2ц3кг=203кг

8саг15мин=495мин


Оқушылар жеке жұмыстанады. Деңгейлік тапсырманың бағалау критерийі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жеке оқушылардың дәптерін тексеріп, бағасы бар смайликтер жапсырып беру.


Қорытынды

5 мин


«Конверт-сұрақ» әдісі арқылы сабақты бекіту.

Әр топқа стикерлері бар конверттер таратылады.

Мұғалімнің жиынтық бағалауы.

Үйге тапсырма: №11. (111-бет)


-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Қандай қиындықтар болды?

Әр топ мүшелері сол стикерлерге тақырып бойынша сұрақ жазып, сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа айналдырады. Келесі топтар келген сұрақтарға жауап жазып, келесі топқа беру арқылы әр топтың сұрағы өзіне кері оралғанша жалғаса береді.Сұрақ иесін тапқан соң, жауаптарын оқып, дұрыс-бұрысын айтады.

Бүгінгі табыс крийтериі арқылы бағалау парағына өз-өзін бағалау.

Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді.


«Сәлемдеме» әдісі арқылы керібайланыс орнатады. Оқушылар сабақта не ұнады, не қиын болғанын айтып, өздерін блоб ағашына белгіледі.

Сабақтың өзіндік талдауы


Сабақ бойынша өзгертулер






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал