- Учителю
 - Алгебра пәнінен 'Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері' ақырыбындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспары
 
Алгебра пәнінен 'Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері' ақырыбындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспары
|   Математика пәні мұғалімі ЖАЛГАСБАЕВА МИРАМКУЛ ТАЖИБАЕВНАНЫҢ 7-класқа алгебра пәнінен Блум таксономиясы бойынша өткізген сабағының қысқа мерзімді жоспары  | ||
|   Пән: алгебра  |   Күні :  |   Сынып 7  | 
|   Сабақтың тақырыбы  |   Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері  | |
|   Сілтеме  |   Алгебра7 сынып, дидактикалық материалдар 7 сынып. 
  | |
|   Жалпы мақсаты  |   Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту;логикалық ойлау қабілеті мен дағды ларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығу-шылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.  | |
|   
 Оқу нәтижесі  |   - Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді; -Пікір таласуға үйренеді; -Математикалық терминдердің дұрыс аталуын қадағалайды; - Формулалардың мағынасына қарай қолдануына дағдыланады; -Бүтін көрсеткішті дәреже ұғымының сипаттамасын біліп, түсініп және қолдана білуді меңгереді, қорытындылайды; -Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады. 
  | |
|   Сабақтың барысы  |   
  | |
|   1.Психологиялық дайындық  |   «Үш жақсы қасиетіңді ата» тренингін өткіземін.  | |
|   2.Топқа бөлу  |   Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлемін  | |
|   Блум таксономиясы  | ||
|   3.Білу және түсіну: «Конверт» әдісі  |   Конверт әдісімен натурал және бүтін көрсеткішті дәреже анықтамаларын тиянақтау  | |
|   4.Қолдану:  |   Үй тапсырмасын тексеру (жұппен)  | |
|   5.Талдау:  |   Жигсо 2 (30-31бет) (флипчартқа өз ойларын жинақтап түсіру)  | |
|   6.Жинақтау:  |   «Бүтін көрсеткішті дәрежелердің қасиеттері» топтық таныстырылым (ойлау, сөйлеу, шығармашылық). Дарынды және талантты оқушылар: өзі құрастырған есептерін көрсетеді, қасиеттерге сүйене отырып есептеп топты алға жетелейді. Үлгерімі төмен оқушылар: тек формуланы қайталайды, жұмыс тақырыбына мысал келтіреді. Оқулықпен жұмыс №46-48  | |
|   Үйге тапсырма  |   №49 есепті аяқтау  | |
|   Бағалау  | ||
|   ОүБ және ОБ  |   Бағалау парағын топ жетекшісі толтырады, топтық таныстырылымда критериалды бағалау қолданады.  | |
|   Қалыптастырушы бағалау  |   Әр топ шығарған есептерін бір-бірін жетондармен бағалайды Жасыл түс - «5», сары түс -«4», қызыл түс -«3»  | |
|   Рефлексия  |   « Автор орындығы» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймын  | |