- Учителю
- 100 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі
100 көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі
Пәні: Математиканы оқыту әдістемесі
</ Тақырыбы: 100, 1000 көлеміндегі сандарды оқыту
Мақсаты: 100, 1000 көлеміндегі сандар ұғымына түсінік беру және оқыту әдістемесімен таныстыру.
Міндеті:
1) Білімділік: жаңа есептеу бірлігі - ондықпен (жүздікпен) таныстыру, екі (үш) таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстырудың әдістемелерімен үйрету;
2) Дамытушылық: натурал сандар ұғымдары туралы
біліктерін қалыптастыру;
3) Тәрбиелік: көрнекіліктерді эстетикалық талаптарға сай
дайындауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ түрі: дәріс сабағы
Әдісі, тәсілі: түсіндіру, оқулықтармен жұмыс, сұрақ-жауап, математикалық диктант
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: абақ, кеспе цифрлар, 2-сынып оқулығы
Сабақтың құрылымдық жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Сабақ мақсатын қою
-
Жаңа білімді меңгерту
-
Бекіту: математикалық диктант жазу
-
Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру
Сабақтың моделі/ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу
- Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс.
- Аудитория тазалығын бақылау.
2. Сабақ мақсатын хабарлау
3. Жаңа білімді меңгерту.
100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.
Тақырыптың міндеттері:
-
Оқушылардың жаңа есептеу бірлігі - ондықпен таныстыру;
-
Натурал сан ұғымымен таныстыру, 10 бірлік - 1 ондық құрайтынын меңгерту;
-
Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;
-
Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға үйрету; 100 көлеміндегі ең кіші, ең үлкен санды анықтауға үйрету;
-
Сан мен цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту, цифрдың орындық мәні;
-
Нумерациялау негізінде 2 таңбалы сандарды қосу, азайту біліктерін қалыптастыру;
-
Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру. М: 1м = 10 дм = 100 см. 100 бірлік = 10 ондық = 1 жүздік.
Қолданылатын көрнекіліктер:
-
Жеке (10) таяқша және он-оннан буылған таяқшалар;
-
Абак (Ондық. Бірлік);
-
Кеспе цифрлар, 2 таңбалы сандар жазылған топшамалар.
«Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі - ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы - разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай - ақ оларды салыстыру қарастырылады.
Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік - ондық.
Шыбықтарды он-оннан санай отырып, бума жасалады, яғни он бірлік, бір ондық құрайтынын көрсеткеннен кейін, 11-ден 100-ге дейінгі сандардың ондықтар мен бірліктерден құралатыны көрсетіледі.
Мысалы:
-
Санағанда 9-дан кейінгі санды ата. Оны қалай табуға болады?
Кейінгі сан алдыңғы санға бірді қосқанда немесе алдыңғы сан келесі саннан бірді азайтқанда шығатынын қайталап, көрнекілік арқылы көрсету керек.
-
9-ға бірді қосқанда 10 шығады.
-
10 шыбықтан бір бума жасайды, демек 10 бірлік 1 ондық құрайды.
-
10-нан кейінгі санды шығарып ал.
10 және 1, 1 ондық 1 бірлік немесе он бір, әрі қарата шыбықтарды қосу арқылы 1 ондық және 2 бірлік, 10 және 2 немесе 12 және т.б. сандарды шығарып алуға болады. Әрі қарата разрядтық кестені пайдаланып, зат-сан цифр арасындағы байланысты ескеріп, сәйкестендіру арқылы 100-ге дейінгі сандарды құрылуы, оқылуы, жазылуы көрсетіледі.
1000 көлеміндегі сандар
Тақырыпты оқыту міндеттері:
-
Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі - жүздікпен таныстыру.
-
ІІІ разрядтық бірлігі ұғымын енгізу. 10-дық санау жүйесінің құрылу принципін меңгерту (1 жүзд. = 10 онд.= 100 бірл.)
-
Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.
-
Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.
-
Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін қалыптастыру. 810-1, 609+1, 500-1, 4онд.+6онд., 5жүзд.+5жүзд. Т.б.
-
Үш таңбалы сандарды шамаларды өрнектеуге қолдануға үйрету. 1м=10дм = 100 см, 1000 м = 1 км.
Қолданылатын көрнекіліктер: кластар кестесі, кеспе цифрлар, есепшот, санды талдау сызбасы және т.б.
-
Бекіту
Математикалық диктант
-
23, 361 сандарының құрамын анықта
-
Қандай сан 5 ондық және 7 бірліктен тұрады?
-
6 жүздіктен 5 ондықтан 4 бірліктен тұратын санды жаз.
-
Бірінші разрядтың 6 бірлігінен және екінші разрядтың 6 бірлігінен тұратын санды ата.
-
62, 26, 37, 72, 66, 40 және т.б. сандардың жазылуында әрбір цифр нені білдіреді?
-
35, 47, 88, 99 сандарының көршілерін ата және олардың разрядтық құрамын ата.
-
997 саны барлығы неше бірліктен және ондықтан тұрады? Бұл сандарды разрядтық қосылғыштар қосындысына жікте.
5.Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру
Сабаққа қатысқан білім алушыларды бағалау.
Үй жұмысы:
-
көрнекіліктер әзірлеу: абак, кеспе цифрлар.
-
Математикалық диктант әзірлеу.
6. Рефлексия
Фразаны аяқтау:
Менің бүгінгі білгенім ...
Мен мынаны түсіндім ...
Маған қызықты болғаны ....
Мен ренжідім, себебі ,,,