7


  • Учителю
  • Өрнектерді тепе –тең түрлендіру 6 сынып

Өрнектерді тепе –тең түрлендіру 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6 сынып математика Өткізілу мерзімі: 09.01.2015 ж

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе -тең түрлендіру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім беру,алгебралық өрнекті санды өрнектен ажыратуды, алгебралық өрнектің қабылдайтын мәндерін, қандай сан алгебралық өрнектің мәні деп аталатынын, алгебралық қосынды деп аталатынын үйрету, пропорцияға есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, рационал сандарға амалдар қолданып, есептер шығаруды үйрету.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік мақсаты: Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Сабақтың түрі: ойын сабақ/аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру , топпен, карточкамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, дидактикалық материалдар

Ι. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгендеу;

б) дайындау;

в) кезекшімен жұмыс;

г) зейінін, назарын сабаққа аударту,

д)сергіту сәті.

Сабақ барысы:

Сәлеметсізбе оқушылар ,отырындар .Бүгін сабақта кім кезекші ? бүгін кім жоқ?

Қызығушылықты ояту:

Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету. Төмендегі есепті шығаруға 2 минут уақыт беріледі.

Ауызша





Жауабы: а) 6, б) -2; в) -10; г) -0,5; д) -1,4; е) 2,5; ж) 0; з) -2,4; и)

ΙΙ. Негізгі кезең: Оқушыларды есептеуге үйрету. Төмендегі есепті шығаруға 2 минут уақыт беріледі.

1) Қосуды орында: 26+(-6)= 80+(-120)=

-70+50= -4+(-38)=

-17+30= -5,3+6,8=

2) Амалдарды орында: 4-10= -4-7=

-4-(-12)= 14-(-9)=

52-70= -8+8=

-50-(-50)= -17+7

Жауабы:

1) Қосуды орында: 26+(-6)=20 80+(-120)=-40

-70+50=-20 -4+(-38)=-42

-17+30=13 -5,3+6,8=1,5

2) Амалдарды орында: 4-10=-6 -4-7=-11

-4-(-12)=8 14-(-9)=23

52-70=-18 -8+8=0

-50-(-50)=0 -17+7=-10

ΙΙΙ. Бекіту кезеңі: Оқушылар топ бойынша жұмыс істейді.

1) Әр топ өзіңе ат қояды. Барлығы 4 топ, әр топта 2 оқушыдан болады.

Бірінші топтың аты: «Өрнектер» тобы

Екінші топтың аты: «Бөлшектер» тобы

Үшінші топтың аты: «Пропорция» тобы

Төртінші топтың аты «Процент» тобы.

2) Әр топқа карточалық тапсырмалар беріледі.

Тапсырма

«Өрнектер» тобы

1. Оқулық бойынша есепті шығарыңдар: № 702 (1)

2. Тапсырма карточка түрінде беріледі, (карточка № 3)

Карточка № 1

1. Белгісіз мүшені тап: 1) ; 2) 1,5 : 2 = х : 5

2. Амалдарды орында: 1) -41 - (-1,8); 3) -9,7 + 7,7; 5)

2) -5,2 ∙ 1,3; 4) ; 6)

3. Дүкенге бірдей мөлшерде алма мен алмұрт әкелінді. Әр жәшікте 18 кг алма болатын 25 қорап дайындалды. Ал 30 қорап алмұрт дайындау үшін бір қорапта неше кг алмұрт орналастыру керек?

«Бөлшектер» тобы

1. Оқулық бойынша есепті шығарыңдар: № 702 (2)

2. Тапсырма карточка түрінде беріледі, (карточка № 4)

Карточка № 2

1. Белгісіз мүшені тап: 1) 2) 7 : х = 2 : 3

2. Амалдарды орында: 1) -4,4-(-0,1); 3) ; 5) ;

2) 1,4 ∙ (-0,3); 4) ; 6) 15,5+(-15,8).





3. Алихан мектеп кешіне шақыру билеттерін дайындап отыр. Ол жарты сағатта 4 билет жасап шығарды. Осы жылдамдықпен Алихан 30 билетті неше сағатта жасап шығарады?

«Пропорция» тобы

1. Оқулық бойынша есепті шығарыңдар: № 702 (3)

2. Тапсырма карточка түрінде беріледі, (карточка № 2)

Карточка № 3

1. Белгісіз мүшені тап: 1) ; 2) к : 25 = 4 : 5

2. Амалдарды орында: 1) 2,7-(-3,6); 3) -4,4+8,2; 5) ;

2) -3,4∙(-15); 4) ; 6)

3. Автомобиль 56,8 км - ге 4,26 литр бензин жұмсады. 160 км жолды өту үшін оған қанша литр бензин қажет болады?

«Процент» тобы

1. Оқулық бойынша есепті шығарыңдар: № 702 (3)

2. Тапсырма карточка түрінде беріледі, (карточка № 1)

Карточка № 4

1. Белгісіз мүшені тап: 1) ; 2)

2. Амалдарды орында: 1) -2,7-4,1; 3) ; 5) ;

2) 2,7: (-0,9); 4) ; 6) -3,25+3,2

3. Ірімшіктің бағасы 28 тг. Оның бағасын 15% - ке төмендеді. Ірімшіктің жаңа бағасы қандай?

ΙV Сергіту сәті : «Алпамыс»

V. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 693, № 694, № 703.

VΙ. Рефлексия. Топ бойынша қорытынды жасау кезеңі.

3) Оқушылардың топ бойынша шығарған есептерін шығарып, қорытынды жасау. Бүгінгі сабақ мейрамхана сабақ ретінде өтілді. Өйткені, біздің шығарған есептер өтіліп жатқан алгебралық өрнектер тақырыбымен шектелмеді, сонымен қатар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша есептер де шығарылды. Белсенділік танытқан, есептерді дұрыс шығарған топ «5» деген бағаға ие болады.

VΙΙ. Бағалау кезеңі:. Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою. Сонымен сабақ аяқталды сау болыныздар!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал