- Учителю
- Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану (6 класс)
Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану (6 класс)
Пән: математика 6-сынып 04.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар қолдану бойынша алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйрету, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Білімділігі: натурал сандардың бөлгіштігі ережелерін білуге;
2. Тәрбиелігі: білімділікке, ұлтжандылыққа,сауаттылыққа;
3. Дамытушылығы: ақыл-ойларын, жай бөлшектер және жай бөлшектерге амалдар
қолдану үшін:
1) жай бөлшектің алымын да , бөлімінде бірдей натурал санға көбейткеннен немесе
бөлгеннен жай бөлшек өзгермейді;
2) бөлшектің алымын да , бөлімін де 1-ден өзге ортақ бөлуді бөлшекті қысқарту деп атайды.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру;
Сабақтың түрі : өтілген тақырыпты бекіту сабағы;
Оқытудың әдісі: түсіндірмелі және практикалық, деңгейлеп оқыту
технологиясын қолдану;
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру.
оқушылармен амандасу, оларды түгендеу сыныптың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру оқушылар назарын сабаққа аудару. сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: І топ «Халықтық Банк» , ІІ топ «Альянс Банк» , ІІІ топ «БТА Банк»
Әр топтың бастапқы капиталы 500 евро.
ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны - 10 евро
1. Үй тапсырмасын сұрау.
І нұсқа тапсырмалары.
1. Көбейтуді орында: а) 2325,65·2,3= б) 1965,6·14,4=
2. Есептеп шығарыңдар: а) (23,5+2,31)·1,2=
3. Теңдеуді шешіңдер:
ІІ нұсқа тапсырмалары.
1. Көбейтуді орында: а) 2125,65·21,3= б) 1025,6·24,4=
2. Есептеп шығарыңдар: а) (203,5-2,31)·17,2=
3. Теңдеуді шешіңдер:
ІІІ. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту - 30 евро.
Оқулықпен жұмыс. № 13. 1) ,3) ,5) .
IV.«Қарлы кесек» ойынының 2 нұсқасы, өтілген сабақты бекіту (есептің
жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді).
№14 1) , 3) ̵ 80 евро.
V. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап , таныстырады).
№ 15 , № 16 , № 17 ̵ 70 евро.
VI. Бағалап (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады).
VІI. Үйге тапсырма. № 13 2) , 4) , № 14 2) ,4).