7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу' (7 сынып)

Сабақ жоспары 'Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу' (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ жоспарыПәні: Алгебра Сыныбы: 7 «А»Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйренуДамытушылық: оқушылардың теориялық білімін практикада қолдана білу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау
предварительный просмотр материала

Пәні: Алгебра

Күні: _______

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйрену

Дамытушылық: оқушылардың теориялық білімін практикада қолдана білу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: проблемалық.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар.

Болжамдап отырған нәтиже: есептің шешімін өз бетінше алып, алынған нәтижені талдау.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)

2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)

3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс)

4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)

5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)

6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)

7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек)

8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек)

ІІІ. Тестік жұмыс
1. Ұқсас бірмүшені көрсет:
1) 7xy; 2)- 15; 3) 3xy; 4)- 15xy
A. 1, 3

Ә. 1, 3; 2, 4

Б. 1, 4
2. Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 5c+a; 2) 3x2+y+1; 3) 7c2b2
A. 1,

2 Ә.

3 Б. 2, 3
3. Берілген көпмүшені стандарт түрде жаз: y3y5 - 3yyy5+9a2
А. у8 - 1, 5y3+9a2;
Ә. y8 - 15y3+9a2;
Б. y15 - 15y3+9a2
4. Ықшамда: 11x -(3 - 7x)
A. 18x - 3; Ә. 4x+3; Б. 4x - 3
5. Көбейтуді орында: 2a2(5 - a)
A. 10a2 - 4a2;
Ә. 10a2 - 2a3;
Б.- 10а3

IҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

Көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшенің көбейтіндісі түріне келтіруді көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп атайды.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің 2 тәсілі бар. Олар топтау тәсілі, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Мысалдар:

1. 2xy-3xz+px=x(2y-3z+p)

2. 12a-24b=12(a-2b)

3. 5mn2+4np=n(5mn+4p)

4. 10ab+5b-30bc=5b(2a+1-6c)

5. x(a-5)+(5-a)-a(5-a)=x(a-5)-(a-5)+a(a-5)=(a-5)(x-1+a)

6. 1) x2-2x=0

x(x-2)=0

x=0, x-2=0

x=2

Жаңа білімді бекіту.Оқулықпен жұмыс.

№227 (1,2), (3,4)

№230 (1,2), (3,4)

№267 (1), (2), (3), (4)

№275 (1),(2), (5)

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үй жұмысы: №227 (5,6) №230 (5,6) №267 (5,6),




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал