7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Ондық бөлшектер

Сабақ жоспары. Ондық бөлшектер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Ашық сабақ









Тақырыбы:

Ондық бөлшектерді

көбейту









Математика пәнінің мұғалімі: Шомакова А.О.































Математика 5 сынып

Күні : 28. 02.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейте білуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  • Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , ойын тез қорытындылауға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.



Сабақтын типі: дәстүрлі емес, ойын түрінде

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы және топтық сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптар жазылған плакаттар, кеспе қағаздары, Пән аралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дене тәрбиесі.

Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс



Сабақтың өту жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Сабақтың барысымен таныстыру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

4. Математикалық жарыстар

5. Қорытынды



Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық кезең, сынып оқушыларын үш топқа болу,

  2. Үй тапсырмасынтексеру

  3. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі



Оқушыларға мысалдар арқылыондық бөлшектерді көбейту туралы түсініктер беріледі.

Мысалы: 7,32 ондық бөлшегін 3,8 ондық бөлшегіне көбейтейік.

Ол үшін:

  1. Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;

  2. Шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрларды үтірмен айырып бөлу керек.



7,32

3,8

5856

2196

27,816



Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001,....., разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

Мысалы: 76,1*0,1= 7,61 т.с.с.



  1. Математикалық ойындар:

А) есептеу ойыны ( бұл ойында әр топқа оқулықтан есептер беріледі

яғни, 1-ші топқа: №1118- ші есеп

2-ші топқа: №1121- ші есеп

3-ші топқа: №1123- ші есеп)

Ә) кім ұзаққа секіреді ойыны( бұл ойында әр топтан 4 оқушыдан шығып бір орында тұрып ұзындыққа секіреді, ал бір оқушы осы оқушылардың секірген сандарын тақтаға есептеп тұрады.)

Б) мақал - мәтелдер сайысы ( әр топ өздерінің сандар туралы білетін мақал - мәтелдерін айтады.)

В) сұрақ - жауаптар сайысы (бұл сайыста әр топ өздерінің дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды.)



  1. Қортынды ( мұғалім жеңімпаз топтарды анықтап оларды марапаттайды)



Оқушыларды бағалау

</ Үйге тапсырма беру:

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал