7


  • Учителю
  • Математика 'Ұзындықты өлшеу' 2 класс

Математика 'Ұзындықты өлшеу' 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ұзындық және оның бірліктері. Мақсаты 1.Ұзындықтың жаңа бірлігі жайында түсінік беру жіне оның метр, дециметр, сантиметрмен ара қатынасын тағайындау,: әр түрлі бірліктердің қолданылуын өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру:екі амалмен шығарыл
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ұзындық және оның бірліктері. Километр.
Мақсаты 1.Ұзындықтың жаңа бірлігі жайында түсінік беру жіне оның метр, дециметр, сантиметрмен ара қатынасын тағайындау,: әр түрлі бірліктердің қолданылуын өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру:екі амалмен шығарылатын есептерді пысықтай түсу.

2. Пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыруға ықпал ету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Математика ғылымының қазақ өнерінде кеңінен қолданылғанына көздерін жеткізу.Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне математиканы арқау етіп , оны жетік білгендігін мақтаныш етуге баулу, ұлттық намысына қозғау салу.
Көрнекілігі: Сандық, буклет, қазақтың ою-өрнектері, құрақ көрпе, буклет «Қазақтың ұлттық өлшемдері» қима сандар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сабаққа дайындау.
2.Өткенді тиянақтау.
- Балалар, біз қазір қандай тарауды оқып жатырмыз?
- Ендеше осы уақыт аралығында не үйреніп не білдіңдер?
- Бірліктермен кім санап береді?
- Ондықтармен ( жүздіктермен ) кері санау.
- Кестеге назар аударайық. Қандай сандарды көріп тұрсыңдар? 523, 235, 806, 710.
- Осы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер?
- Әр санның жазылуындағы әрбәр цифр нені білдіреді?
- Оңнан солға қарай санағанда бірлікті қай орынға жазамыз? Онық қай орында тұрады? Жүздік ше?
- Әр санның жазылуында неше цифр пайдаланылған?
- Мына сандарды өсу ретімен орналастыр?
- 100 200 300 400 500 600 700 800 900 1000
М а т е м а т и к а
- Қандай сөз шықты?
- Балалар, қазақ халқы бұрын математика ғылымын білген бе?
- Халқымыз математика деген сөзді айтуды білмесе де, есепке жетік , өзінің тұрмыс- тіршілігіне қажетті есептеуді орынды, дәл қолдана білген.
- Яғни, ата- бабаларымыз өмір қажетіне пайдаланған бұйымдары, жиһаздары олардың математиканы жақсы білгендігін айқындайды. Мысалы, мына алдарыңдағы тұрған не? Ол не үшін қажет? Осы көрпені құрауда математиканы қолданған ба? Яғни, қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар?
- Ал мынау не?
- Бұл қазақтың аса қымбат, қадірлі дүниесі. Сандықты істеде математиканы қолданған ба?
- Сандықты істеуде шеберліктің үлгісі бар. Күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы.
- Сандыұтан қандай өрнекті өрнекті көріп тұрсыңдар?
- Тағы қандай оюдың түрін білесіңдер? ( Буклетпен жұмыс)
- Оюлар түйе табан , қошқар мүйіз, т.б, деп неге атаған.
- Қазақтың күн көріс көзі - төрт түлік мал болған. Төрт түлік малдың жағдайына қарай көшіп , оты ,суы мол жерге ауысып қоныстанған. Баққан малының етін жеп, сүтін ішкен, терісі мен жүнінен киім тіккен. Рахатын өз еңбегімен тапқан. Қазақ даласы кең кей жерлердегі қазақтар егін шаруашылығымен айналысқан, кей жерлерде қазақтар қала тұрғызған, қол өнерімен айналысқан. ( буклетпен жұмыс).
- Қазақ бұрын ұзындықты қалай өлшеген? ( сүйеммен, қарыспен, құлашпен, қадаммен)
- Салмақты қалай өлшеген? ( дорбамен, қаппен)
- Малдың етін қалай бөлген?
- Малдың етін он екі жілік , төрт аяқ жарты ет деп мөлшерлеген.
- Өздері осы өлшемге еш уақытта саған артық, маған кем кетті деп өкпелі сөз айтпаған.
- Ал бүгінде ұзындықтың өлшем бірліктері қандай? Ұзындықты қалай өлшейміз? ( көз мөлшермен, беттестіру арқылы, өлшеуіш құралдар арқылы.)
- Сендерге бұған дейін таныс ұзындық өлшемдері см, дм, м. Біз екі ауылдың немесе екі қаланың арасының ұзындықтарын табу үшін бұған дейінгі таныс өлшем бірліктерінің ең үлкені метр тиімді ме? Демек, ұзындықты өлшеудің метрден үлкен бірлігі қажет. Ондай өлшем бірлік бар. Ол- километр. Ал, ертеде адамның айқайлаған даусы естілген қашықты «шақырым» деп белгіленген.
1 шақырым- 1 км.
Қазақ халқы қашықты көштің өлшемімен де анықтаған.
( Қозы көш жер, өгіз күш жер, түйе көш жер )
Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Суретпен жұмыс.
№2. Нүктелердің орнына сәйкес ұзындық бірлігін қойып, сөйлемдерді оқу.

-Балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Біз қазір «Бәйге » ойынын ойнаймыз. Бұл ойын қай кезде ойналады?
600см=60 дм 37см = 3дм7см
6000см=- 600дм 49дм =4м9дм
600дм =610м 589м =5м8дм9см
Логикалық тапсырма:
«Жылқы атасы - Қамбар ата»
Бірде ауылда ат жарысы болады.
Аттың көркі жал емес пе?
Адам көркі малт емес пе? -дей келіп әкесә немересінен
- Анау үш пар атты көрдің бе?- деді.
- Үш пар ат сегіз шақырым шапса , бір ат неше шақырым шабады?-деді.
- Немересі қалай жауап берді деп ойлайсыңдар ( ол да 8 шақырым шабады)
№4 Есепті оқу, талдау.
Каспиде- 97 Табан балық - 38см
Аралда- ? 47 кем Аққайран- ? 32см ұзын
Балқашта- 17 түрі кем Ақмарқа-? 10см ұзын
Шешуі: 97-47=50 Шешуі: 38+32 = 80см
50-17 =33 Жауабы: Ақмарқаның ұзындығы 80см
2) 97-47 -17 = 33
Жауабы: Балқаш көлінде 33 түрлі балық бар.
Есептерді салыстырыңдар, не байқадыңдар?
№5 Суретте барлығы неше кәмпит бар? Соны қосынды түрінде жазыңдар.
Шешуі:8+8=16(к)
Жауабы: Барлығы 16 кәмпит бар.
Осы кәмпиттерді екі ыдысқа неше кәмпиттен бөліп салынған? Сол кәмпиттерді неше ыдысқа екі- екіден бөліп салуға болады?
16-2-2-2-2-2-2-2-2=0
Шығармашылық тапсырма:
12 орындықты бөлменің екі қабырғасына 4-тен , ал бір қабырғасына 6-орындықтан орналастыр.
Қорытынды:
Балалар, бүгінгі сабақта не оқып, не үйрендік?
Мұнда берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар , осы тапсырманың артынан аңыз оқи аласыңдар.
1дм =... см 1м - ... дм =... см 1км = ... м
Жетеліге жеті өсиет
«Жетеліге жеті өсиет» аңызында Ұлықпан хакім мың жасаған екен. Ерекше таланты, мол білімі және зеректігі арқасында даңқы шартарапқа жайылған. Қандай қиын дауды болмасын оңай шешіп, қандай кеселді болмасын емдеп, жазып отырған. Күндердің күнінде Ұлықпан өз шәкірттеріне жеті өсиет айтыпты:
1. Ерте тұру.
2. Орта тазалығын сақтау.
3. Дене шынықтыру.
4. Үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
5. Үнемі сергек жүру.
6. Артық тамақ ішпеу.
7. Көп ұйықтап жалқау болмау.
Осындай ғұлама өсиетті жадымызда сақтап жүрейік.
Үйге тапсырма:№3 есеп
Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал