7


  • Учителю
  • 'Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер' (5 класс)

'Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 5

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер.

Сабақтың мақсаты:

  • Дұрыс бөлшектерді, бұрыс бөлшектерді ажырата білуге үйренеді;

  • Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді;

  • Логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау (топтастыру, болжау, семантикалық карта)

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жетондар, рефлекция.

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру. (2 минут)

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгендеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

в) сабақтың мақсатымен таныстыру;

г) сыныпты топқа бөлу(жетон арқылы).

  1. Психологиялық ахуал. (1 минут)

Орыстың ұлы математигі Л.Ф. Магницкийдің:

Бүтінге келсең жұлынып,

Алдыңа еш жан салмасаң,

Бөлшекке келсең бұғылып,

Жауабын таба алмасаң,

Есепке мықты демелік,

Бөлшекке көңіл бөлейік! - деген сөзімен сабағымызды бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын сұрау (1 минут).

Қызығушылықты ояту

(5 минут)

БөлшекТоптастыру алымы

бөлімі жай бөлшек



ондық дұрыс бөлшек бөлшек



бұрыс бөлшек үлес (бөлік)



бөлшек сызығы

бөлшекті қысқарту



Мағынаны тану

(27 минут)

Болжау стратегиясы

Мысал:

- бұрыс бөлшек

- дұрыс бөлшек

- бұрыс бөлшек

Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

Кез келген дұрыс бөлшек 1 - ден кіші.

Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.

Кез келген бұрыс бөлшек 1 - ден үлкен немесе 1 - ге тең.

Оқулықтан есептер шығару.

№850 (ауызша)

№851

бөлшектерінен дұрыс бөлшектерді бір қатарға, бұрыс бөлшектерді екінші қатарға теріп жазыңдар.

Дұрыс бөлшектер:

Бұрыс бөлшектер:

№852

  1. 9 және2; 3 және 7; 10 және 1; 8 және 5 сандарынан дұрыс бөлшек құрасырып жазыңдар;

  1. 3 және 5; 9 және 2; 2 және 7; 1 және 8 сандарынан бұрыс бөлшек құрастырып жазыңдар;

№853

5, 6, 8, 11, 15 сандарын бөлімі 7 - ге тең бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.

№855

8 м сым өзара тең: а) 3 бөлікке; ә) 24 бөлікке бөлінді. Бір бөлік сымның ұзындығын бөлшек түрінде жазып көрсетіңдер.

Бір бөлік сымның ұзындығы қай жағдайда 1 метрден кіші, қай жағдайда 1 метрден үлкен?

а) - бұрыс бөлшек.

ә) - дұрыс бөлшек.

Шығармашылық есеп.

Орамда 11 метр мата бар. Орамдағы 11 метр матадан бірдей 4 көйлек тігу керек. Әр көйлектің өлшемін бөлшек түрінде көрсет.

Ой толғаныс

(3 минут)

Семантикалық карта

Бөлшектер

Дұрыс бөлшек

Бұрыс бөлшек

+



+


+


+

+


+






  1. Үйге тапсырма беру№854, 855 б), в).

  2. Бағалау.

  3. Кері байланыс. Бүгінгі сабақ туралы үйренгендерін стикерге жазып, өз пікірлерін білдіреді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал