- Учителю
- 4 Санымен таныстыру
4 Санымен таныстыру
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті- Математика(ҚМҰҚ)
Білім беру саласы; «Таным»
Сабақтың тақырыбы: 4 санымен таныстыру
Сабақтың мақсаты: 4 санының пайда болуы, құрамы, 4 цифрымен таныстыру.4 цифрын жаза білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: 4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім -біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Халық педогогикасын ұштастырып жұмбақ,санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру,есепке қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Баланың танымдық,шығармашылық,сөйлеу іс-әрекеттерін біріктіріп дамыту.Жан-жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру.Ойлау,қабылдау сезімдерін жетілдіру.Сөздік қорын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелесу,логикалық ойын дамыту,сұрақ-жауап,көрсету,санау,қайталау,бағалау,сергіту сәті,қорыту.
Көрнекіліктер: Сан таңбалары,үлестірмелі материалдар суреттер,таңғаждайып алаңы ойыны.
Сөздік жұмыс: төрт,бірлік.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
қозғаушы қызмет түрі
Ұйымдастыру ізденушілік
Рефлексивті түзету.
1.Шаттық шеңбері:
Күндей жадыра
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!
2.Жүректен- жүрекке
Біздің топтың ұл-қыздары
Тату-тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
тек жақсылық сыйлайды
3.Ережелермен таныстыру. Бүгінгі математика сабағында баршамызға ортақ ережені естен шығармайық.
Бір-бірімізге бөгет жасамай көмек беру.
4.Өткен сабақты қайталау.
«Қоянның тапсырмасы»
Себеттен 1 алма алып қою
1-саны туралы білімдерін тиянақтау
1 саны сандық қатардақай жерде тұрады?
Жалғыз сөзі нені білдіреді?
Кім 1 саны жайлы тақпақ біледі?
2-саны ол бірдің көршісі,яғни 1-санынан кейін 2-саны тұрады.
Екінің құрамы
2-саны жайлы қандай тақпақ білесіңдер
3-саны ол екінің көршісі,яғни 2-санынан кейін 3-саны тұрады
1 2 3 4
4 цифрымен таныстыру
5.Жаңа сабақ
№1тапсырма: «Үйшіктегі қояндар».
Орманда бір үйшік тұр .оған бір қоян келді, қанша қоян?
Енді ол қоянның жанына тағы бір қоян қосылады. Неше қоян?
Екі қоян тату- тәтті өмір сүріп жатты, орманнан тағы бір қоян келді. Неше қоян болды?
3 қоянға тағы 1 қоян қонаққа келді.
Енді барлық қояндар қанша екенін санайық.1 2 3 4 3+1,2+2,1+3
6.Жазу жұмысы
4 санының баспа және жазбаша таңбаларымен таныстыру
Ауада жазу, үлгісін көрсету.
Саусақ жаттығуы
Дәптерге 4 санын жазу.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Құс боп қанат қағайық
1-2-3,1-2-3 құс аспанға ұш
1-2-3 құс аспаннан түс
7.Санының құрамын анықтау
4 -таңбасын көрсету.Ол төрт бірліктен тұрады.
8. Карточка №1
4 саны сандық қатарда 3 санынан кейін тұрады.1-дің көршісі 2.2-нің көршісі-3, 3 тің көршісі 4 саны екен балалар. 4 саны сандық қатарда 3 санынан кейін тұрады
9.«Қонжықтарды сана» кері санау .
10.«Әртүрлі заттарды санау»
Алмұрт бірінші
Мысық үшінші
Көбелек төртінші
Сан таңбаларын қойып отырамыз.
11.Карточка№1 «Есепті шығар»
12.4 санағышпен 4 санын жазу. 13
13. «Поле чудес» ойыны
( 1.дөңгелек, жасыл,үлкен 2 зат
2.Дөңгелек емес, тік төртбұрыш,көк кішкене 1 зат т.с.с)
1.4«Логикалық есептер»
Аспанда күн нешеу?
Жапалақтың көзі нешеу?
Бағдаршамның неше көзі бар?
Машинаның дөңгелегі нешеу?
15.Ойын «Қандай сан жоқ»
1
3
4
.
2
17.Қорытынды.
Балалар біз бүгін 4 санымен таныстық,өз құрамын білдік.Қанша бірліктен тұратынын анықтадық,логикалық есептер шығардық.
Сабақ ұнады ма?
Не ұнады?
Не ұнамады?
Не қызықты болды?
Көңіл күйіміз қалай?
«Менің көңіл күйім» сурет салады.
Балаларды мақтап-мадақтау .Қоштасу.
Шеңберге қолдарынан ұстап тұру.(муз әуенімен)
Қолды жоғары,жанға созу.
алақандарын жоғары көтеріп үрлейді
Балалар орындарына отырады
1-санын көрсету.
Бірінші.
Біреу дегенді білдіреді
1 таңбасын табады
тақпақ.
1+1=2
Екі бірлік
Тағы бір алма қоямыз.
2 таңбасын табады
1+1+1=3
үш бірлік
Тағы бір алма қоямыз.
3 таңбасын табады
3+1=4
1 таңбасын көрсетеді
2 таңбасын көрсетеді 1
3 таңбасын көрсетеді
.(көрнекілік)
4 ке байланысты тақпақ оқу, таныстыру.
Жазудың алдында жаттығу жасайды
4 санын ауада,дәптерде жазу.
1 1 1 1
1-2-3-4 цифрларын жазады, ретімен санайды
Топпен,3-4 баланы тексеру, санату
4-3-2-1 кері санайды
Заттар әртүрлі болғанымен саны бірдей болады.
Шешуін тауып жазады.
Карточкаларды оқып,
тапсырмаларды орындайды
Жоқ санды табады.
Бет әлпеті жоқ қуыршақтарға өз көңіл күйін салады.
Күтілетін нәтиже:1,2,3 және жаңа 4 санымен танысып ажырата білді.
Меңгеруі:Қолмен ұстау,сезу,есту арқылы санай білді.Сан мен санамақ,ойын әдістерін,сөздік қорын меңгерді.
Жасай алуы:Берілген тапсырманы өз бетінше орындай алды.Достарының жұмысына өз көзқарасын білдіруі,әр оқу- іс әрекетінде сол пәннің ережесіне сай іс қимыл жасайды.