7


  • Учителю
  • Теңдеу 5 класс (сабақ жоспары)

Теңдеу 5 класс (сабақ жоспары)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 05.10.2015

Пәні:Математика

Сыныбы:5 «б»

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу

Мақсаты:

Санды теңдік негізінде теңдеу құрастыра білу; Әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәнін түсіну;

Міндеттері:1. Білімділік: Теңдеу түбірін табу немесе оның бірде бір түбірі болмайтындығына көз жеткізу; Теңдеу құрауыштарын ажырата алу.

2.Дамытушылық:оқушылардың ой өрісін, логикалық ойлауын дамыту

3.Тәрбиелік:Еңбекке, оқу еңбегіне тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: ребус, плакаттар

Жабдығы: түрлі түсті бор, оқулық.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланысы:Информатика, жаратылыстану

Сабақтың әдісі:Топтық жұмыс, жеке жұмыс

Барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу

М: Саламатсыздарма, оқушылар!

Түгендеу

Сыныпта кім кезекші?, түгелміз ба?

ІІ. Ой тудыру : Ребус

,,,,,,, ,,

,,, ,



Ребустың шешімі «теңдеу» болады. Осыдан балаларға теңдеу дегеніміз не? Түбірі дегеніміз, шешу дегеніміз не деген секілді сұрақтар қойылады



ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

Суретпен жұмыс. Оқушылар суретке қарап, теңдеу құру арқылы асқабақтың массасын табады.

Бір асқабақ массасы х болса

х+х+х =2+5+5

3х = 12

х= 12:3

х=4 яғни асқабақ массасы 4 кг болганда таразы басы теңеседі.

құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды.

1-мысал

(45-х)*3=93

Шешуі: берілген теңдеуде 45- х көбейткіші белгісіз. Белгісіз көбейткішті табу үшін, көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.

45-х=93:3

45-х=31

х=45-31

х=14

Теңдеудің түбірі

14-ке тең

2-мысал

(х-13):7=2

Шешуі:берілген теңдеудің х-13 бөлінгіші белгісіз. Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөлінді мәніне көбейтеміз

х-13=2*7

х-13=14

х=14+13

х=27

Теңдеудің түбірі

27-ге тең

3-мысал

72:(х+12) =4

Шешуі: теңдеуде х+12 бөлгіші белгісіз. Бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз.

х+12 =72:4

х+12 =18

х=18-12

х=6

Теңдеудің түбірі

6-ға тең



Есептер шығару № 413

  1. х+23=41 3. 85+z=97 4. х+16=19+5 6. 35+z=66-18

х=41-23 z=97-85 х=24-16 z=48-35

х=18 z=12 x=8 z=13

№ 415

  1. 38-х=15 3. 132-z=84 4. 7y-25=45 6. 130-4x=70

х=38-15 z=132-84 7y=45+25 4x=130-70

х=13 z=48 y=70:7 x=60:4

y=10 x=15



№ 416(есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар)

100 кг магнитті теміртас кенінің құрамында темірдің массасы тастың массасынан 44 кг артық. 100кг магнитті теміртас кенінде неше кг тас бар.

Шешуі:

х+х+44 = 100

2х = 100-44

2х=56

х= 56 : 2

х=28 ж:28 кг



№ 417(есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар)

Марат түстен кейін түске дейінгіге қарағанда 2 балықты кем аулады. Ол барлық аулаған балықтарының жартысын атасының үйіне қалдырғанда өзінде 5 балық қалды. Марат түске дейін неше балық аулады.

Шешуі: (х+х-2):2= 5

(2х - 2):2=5

2х - 2 = 10

2х=12

х=6 Ж: 6

№ 418(есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар)

Әсем пойыздың басынан есептегенде 7 вагонға отырды. Марина пойыздың соңынан есептегенде 7 вагонға отырды. Сонда кыздар екеуі бір вагонга тап болды. Пойызда барлығы неге вагон бар?(15)

№ 419(есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар)

дүкендегі орам матадан 16 м мата сатылды. Қалған матадан әрбір көйлекке 3 метрден жұмсап, 8 койлек тігілді. Алғашқыда неше метр мата болды?

Шешуі:

Х-16 =8*3

Х-16 = 24

х=24+16

х=40 м

Ж:40 м

Уйге: 420, 421

Бағалау: Белсенді араласып отырған және тақтаға шыққан оқушылар бағаланады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал