7


  • Учителю
  • Баяндама: Орта мектепте математиканы оқыту мәселелері

Баяндама: Орта мектепте математиканы оқыту мәселелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

СҚО, Уәлиханов ауданы, Өндіріс орта мектебі

Айтхожин А.С


Мазмұны


1.Шағын жинақты мектептегі математиканы оқыту ерекшеліктері

2.Математиканың әдістемелік жүйесі

3.Есептеу кезеңдері

4.Қорытынды мәселе.

Орта мектепте математиканы оқыту мәселелері.


Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен , бағыт-бағдарымен денгейлес болу керек.Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып отыр.

Білім берудегі басты міндет- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологисыненгізу, білім беруді ақпараттандыру. Біз жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, біздің балаларымыз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім өрісі биік , денсаулықтары мықты өкілдері болады.Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім берудің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілердің бірі орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады. Осындай ізгі мақсаттарды іске асыруда Республикамызда білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламасы жетілдіріп , жаңа мазмұңдағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындары пайда болды. Сонымен қатар білім сапасына да қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологилары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды.

Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман - математика ғылымының өте кең , жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты - математикалық мәдениеттің деңгейін қөтеру болып табылады.

Математика сөзінің өзі грек тілінде білім , ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан -ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.

Математика - ғылым болмысынан балама ұғымдар.Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады:

Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады,дамытады және шындай түседі.

Математикалық тілде тілдесу қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз коммуникацисы, яғни сойлеу мәдениетін дамытады;

Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;

Математика- болашақ тұлғаның моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Математиканың жасөспірімдердің мүлтіксізжәне заңдылықты жүйемен ойлау қабілетін тәрбиелеудегі алар орны мен рөлі белгілі дәрежеде жұртшылықтың мойындағаны белгілі.Математиканың білім беруде оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, оны дамыту барысында атқаратын ең басты міндегі ретінде тәрбиеленушіге дәйекті аргументацияның толыққандылығын уағындау, ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады.

Математиканы оқыту орта білім берудің маңызды компоненті болып табылады, өйткені ғылым-техникалық прогресс дәуірінде математика жаратылыстанудың, техниканыңжәне өндірістің тілі мен құралы ретінде пайданылады.Еліміздің ғылыми -техникалық потенциалы мектеп математика курсын оқыту сапасына байланысты болады.

Оқыту - білім беру, ол оқушыны ғылыми ілімнің жаңалықтарыны ынталандыру. «Білім» мемлекеттік бағдарламасы осы бағытты ұстай отырып, білім сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі жалпы білім беретін мектептердің мақсаттардың бірі- әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде жалпы мәдениетін көтере отырып жан-жақты дамуыны мүмкіндік тудыру, оқушының өзіндік іс-әрекетін дамыту, оқу үрдісін еңтиімді тәсілмен ұйымдастыру.

Математиканы кәсіби меңгеруге даярлау мен қатар таңдап алған мамандығына тәуелсіз барлық оқушыларға математикалық дарлықтың кепілді деңгейін қамтамасыз ету оқытудың маңызды мәселесі болып табылады. Мектептегі математиклық білім беруді қайта құрудың негізгі міндеті, оқытудың әдістемелік жүйесінің дамуы және ақпараттық атқару функциясы.Адам қызметінің түрлі облыстарын математикалық компьютерлердің пайда болуын күшейтеді. Осының бәрі математикадан шығатын нақты математикалық білімді, белгілібір ойлау стильін қажет етеді.

Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәрбиесіндегі күнделікті менгерілген қарапайым түсініктерден бастап,ғылыми және техникалық дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымның кеңістік формалары және сандық қатынастардың пән болып келуінің шарттарынан шығады. Техникалық құрлымның принциптерін білу және оны қолдану экономикалық әлеіметтік ақпараттарды меңгеруді нақты математикалық білімсіз түсіну қиын. Математика пәнінің мұғалімінен жалпы ілгері және айырмалы білім ғана емес, педагогтік қызметке шығармашылықпен қарау арқылы үздіксіз білімін жетілдіріп отыру керек.

Американдық педагог - математик Д.Пойа былай деген: «математиканы білу деген не?» Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емесойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өз болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару.

Сондықтан да, орта мектептің математика курсының бірінші міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарын үйрену.

Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушылардың ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік , жүйелік қасиеттері де қалыптасады.

Математиканы үйренумен белсенді шұғылданудың негізі- есеп шығару болып табылады. Есеппен жұмыс істеуде мынадай 3 кезенді (Пойа әдісі)бойынша бөлуге болады:

  1. Зерттеу кезеңі (әрекетпен қабылдауға жақынырақ және ең алдымен түсініктік немесе эвристикалық деңгейде жүреді)

  2. Қалыптасу кезеңі (терминологияны, анықтамаларды, дәлелдеуді жасауда жоғарғы ұғымдарды қалыптастырады)

  3. Меңгеру кезеңі - ең сонынан келеді, ол мәселенің «ішкі мәнін» табуға жауап береді; бұл кезеңде оқылатын материалды оқушылар толықмеңгеруі тиіс. Материал олардың білім қорына кіріп, дүниетанымын кеңейтуі тиіс.

Есеп шығару зерденің тез жоғары қалыптасуына әсер етеді. Есеп шығару кезеңінде жалпылауға үйретеді, жадыны дамытады, жалпылама ассоциация қалыптастырады. Ойлау әрекетін жандандыратын математикалық есептерді таңдап алу қажет, ойткені, математикалық ойлаудың дамуы, негізінен, оқушының шығармашылық белсенділік дәрежесіне байланысты.

Бұл заманда қалыптасқан қоғамдық тәжірибені қайта бағалау білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Орта мектепте білім берудегі математиканың оқытудың басты мақсаты: оқушыларға күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын және білімін ары қарай жалғастыруға мүмкіншілік беретін математикалық білім.

Мемлекеттік стандартта, орта білім беретін мектептерде әр бір оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына сай оқыту мен тәрбиелеудің сан түрлі үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұлжағдай оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өзбетінше білім алуға, дамытуға, ұйымдастыруға көп көңіл бөлуге талап етеді.

Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттілігі оқушылардық жоғары біліктілігін қажет етеді.

Жалпы білім берудің негізгі мәселелерінің бірі - терең алу үдерісі мен оқушылардың ойлау қабілетін , оқуға деген ынтасын дамыту үдерісін біріктіру болып табылады. Мектептегі математиканы оқыту жағдайын жүйелі түрде бақылау білім алуға деген қызығушылық тек оқыту материалымен ғана емес, сонымен бірге оқыту процесінің өзі арқылы пайда болады деген қорытынды жасауға болады.

Қолданылған әдебиеттер:

Шыныбеков Ә.Н «математиканы оқыту не үшін қажет?» МФ журнал, 2008

Баймұханов Б, Әлдібаева Т.Ә тб «Бағдарламалар.Математика жалпы білім беретін 5-7 сыныптарға арналған» , 2011,2012

Есенғабылов І «математиканы оқыту әдістері» МатФизика журналы,2013


Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы

Өндіріс орта мектебі


Өздік жұмысы

Орта мектептерде математиканы оқыту мәселелері.

Орындаған: Айтхожин А.С.

математика пәнінің мұғалімі



2015- 2016 оқу жылы

.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал