- Учителю
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығару.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығару.
№ 3 орта мектебі
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар
сызықтық теңдеулерді шешуге
есептер шығару.
Өткізген:Л.Түсібекова
2014-2015 оқу жылы
Күні: 21.01.2014ж
Сыныбы: 6а
Пәні: математика
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бір айнымалысы бар теңдеулердің анықтамасын айта білуге, теңдеудің түбірін таба білуге және онымен мәндес теңдеулерді анықтай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті таңта, смайликтер
Оқыту әдісі: СТО технологиясы.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау»
-
үй тапсырмасын ауызша тексеру
-
сұрақ жауаптар:
-
Теңдеу дегеніміз не?
-
Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
-
Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
-
Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
-
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?
ІІ. Мағынаны ашу.
«Ой толғаныс»
«Ой шыңдау» (оқулықпен жұмыс)
№583
-
4х+5(3-2х)=5-11х 4) 23-4(3х+8)=1-17х
4х+15-10х=5-11х 23-12х-32=1-17х
4х-10х+11х=5-15 -12х+17х=1-23+32
5х=-10 5х=10
х=-10: 2 х=10: 5
х=-5 х=2
№855
-
8у-3(2у-3)=7у-2(5у+8) 3) 5у+7(3-у)=3(5-2у)-6
8у-6у+9=7у-10у-16 5у+21-7у=15-6у-6
2у-7у+10у=-16-9 -2у+6у=9-21
5у=-25 4у=-12
у=-25:5 у=-12: 4
у=-5 у=-3.
«Ой сергіту» (логикалық есептер)
-
Нанды үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек (2)
-
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жазасыз? (шырпы)
-
Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
-
1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3 минут)
ІІІ. «Ой қорыту»
жалғасын тап.
-
«Бір кісі қазған құдықтан, ... » (мың кісі су ішер)
-
«... - ақыл-ойдың гимнастикасы» (математика)
Үйге тапсырма: №853 (2,3). №855 (2,4)
Бағалау. Бағдаршам әдісі
Сабақты аяқтау. Смайликтер арқылы.