- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы» 6-7 сынып
Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы» 6-7 сынып
Ильичевка орта мектеп
мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:
«Озық ойлы оқушы»
Математика пәнінің мұғалімі: Калымова Ж.Б
2014-2015 оқу жылы
Сайыстың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
Сабақтың мақсаты:
1. Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.
2 Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды алғырлыққа, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Түрі: матеметикалық сайыс
Әдісі: топ бойынша жұмыс.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.» Білімді азамат - ел ертені»» Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар» Бүгінгі сайысымызға 6-7 - сынып оқушылары қатысады. 4 команданы ортаға шақырамыз.Сайыстың жоспарымен таныстырайық.
-
Таныстыру
-
«Жорға»
-
«Тіл өнері»
-
«Ғажайып үштік»
Әділ қазылар сайлаймыз.
Төрт команданың сәлемдесуі. Дұрыс жауап бес ұпай, толық болмаса үш, тәртіп бұзса екі ұпай кемітіледі. Ендеше, осы қасиеттер бойынан табылар 6-7-сынып оқушыларын «Озық ойлы оқушы» деп аталған сайысқа шақырамыз.
-
Жүргізуші
Бүгінгі кеш төрінде, дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде .есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып, есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық, жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда тағы қызық бар, жаңылтпаш ,жұмбақ бәрі бар
Ат салысып аянбай , бар өнерге басайық
-
Жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар
Жүрете от көздерінде жалын бар
Бүгінгі кешке қатысушы өрендерді
Қол соғып қарсы алыңдар
Біліктілігі мен білімін
Сараптап өздеріңіз көріңіздер , Ұқыптылықпен тыңдай отырып
Оларға баға беріғіздер
І. Бәйге. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ. Сұрақтарға тез,тапқырлыпен жауап беру керек
І топ
1.Тік бұрыштан кіші бұрыш ? (сүйір бұрыш)
2. Ақихаттығы дәлелденетін сөйлемді не дейміз? (теорема)
3. Ортақ бөлгіші 1- ге тең сан (жай сан)
4. 640 саны 5 ке бөліне ме? (ия)
5. Ең кіші үш тағбалы жай сан? (100)
6. Пайыз дегеніміз не? (санның 1/100 бөлігі)
7. Үшбұрыш дегеніміз не? ( )
8. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0)
9. Қабырғасы 1 см -ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
10. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? (параллель)
ІІ - топ
-
396 саны 3- ке бөліне ма? (ия)
-
20 мин сағаттың қандай бөлігі? (1/3)
-
Бір нүктеден шығатын екі сәуледен құралған фигура? (сәуле)
-
Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
-
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс)
-
Үшбұрыштың тік бұрышына қарама-қарсы қабырға? (гипатенуза)
-
Шеңбердің радусы 6 см .Диаметрі қанша? (12)
-
6 санына кері сан (1/6)
-
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
-
Төрт таяқтың 8 үшы бар, алты жарым аяқтың неше ұшы бар? ( 14)
ІІІ топ
-
Сағаттың төртен бір бөлігі? (15 мин)
-
Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді, бұл қай күн? (29 ақпан)
-
Ең кіші натурал сан? (1)
-
Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
-
5-6 сынып оқулығының авторы? ( Алдамуратов)
-
Геометрия қандай ұғымды біліреді (жер-өлшеу)
-
1 кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма? ( тең)
-
5-ке қарама қарсы сан? (-5)
-
Стереометрия нені зерттейді? (кеңістіктегі фигуралардың қасиетін)
-
Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
4 топ
1.Бірлік кесіндісі берілген сәуле? (координаталық сәуле)
2. Миллионда неше ноль бар? (6)
3. Ең кіші жай сан? (2)
4. Ұшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы?(180)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)
6. 17 құрама сан ба? (жоқ)
7. Жақша алдында минус таңбасы тұрса жақша қалай ашылады? (Жақша ішіндегі өрнектің таңбасы өзгереді)
8. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді)
9. Көбейтіндісі 1 тең болатын сан? (өзара жай сан)
10. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
-
ІІІ- кезең «Тіл өнері»
Бұл кезең бойынша берілген жұмбақтың нақты жауабын тауып, оны 3 тілде айту керек.(30 ұпай)
1.Жоқ өзінде баста , қас та мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, ruler)
2. Қабат -қабат қаптама,
Ақылың болса аттама? (кітап, книга, book)
3. Компьютермен енеді. қағаз басып береді (принтер, принтер,printer)
4. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің? (ауа, воздух, air)
5. Қонса аяғы көп, ұшса аяғы жоқ? (ұшақ, самолет, plan)
6. Суға салсаң батпайды, отқа салдаң жанбайды (мұз , лед, ice)
7. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? он екі, двенадцать, tweive
8. Отыз тістен шыққан сөз - неше рулы елге тарайды?
отыз, тридцать, soty
ІV -кезең «Ғажайып үштік» Кезең шарты бойынша , ойыншы ұяшықтарды таңдап , сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Ғажайып үштік» сайысын
Бастаймыз!
Қызықты математика сериясы
10
20
30
40
Тарихи серия
10
20
30
40
Сан есімі бар жұмбақтар
10
20
30
40
Қызықты математика сериясы
10 - Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.
Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай (1 бала асықты дорбасымен алды)
20- Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен
тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
30- Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
40- Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)
Тарихи серия
10- Функция терминін математикаға 1964 жылы тұңғыш енгізген физигі, математигі, ( Г.В. Лейдниц)
20 - Жиын теориясының негізін қалаушы ? ( Георг Кантор)
30- Арифметика -дегеніміз бұл математика негізі деп айтқан ғалым? ( Л.Н. Толстой)
40- XVIII ғасырдың соңында Германияда бір сабақта мұғалім оқушыларына «1 ден 100 ге дейінгі натурал сандардың қосындысын» табуды жасырғанда ойланбастан 5050 -ге тең деп жауап берген оқушы кейінен аты әлемге әйгілі болған математиктер каролі? (Карл Фридрих Гаусс)
Сан есімі бар жұмбақтар
10- Бір -бірімен жарысқа , төрт аю бір арсытан
Екі қой мен бір түлкі , бәрі нешеу кім білді (8)
20- Дүкеннен мен сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер ,бір карандаш
Тіс ысқышты тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бәрі (6)
30 - Он бір түйе бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі.
Екі қоян үш түлкі
Таба алмасаң бос күлкі (28)
40- Тауда 7 ағаш , әр ағаштың түбінде 7 ін, әр әнде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік бар? (2401)
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.
Ең бастысы орын емес жарыста
Терең білім , жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз
Өмір де жетері хақ табысқа.
Осымен «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!
«Озық ойлы оқушы» атты сайыс
р/с
Топ аттары
Таныстыру
Бәйге
Тіл өнері
Ғажайып
үштік
Қорытынды
1
2
3
4
«Озық ойлы оқушы» атты сайыс
р/с
Топ аттары
Таныстыру
Бәйге
Тіл өнері
Ғажайып
үштік
Қорытынды
1
2
3
4
Ильичевка орта мектебі
Тақырыбы:
Пән мұғалімі:Калымова Ж.Б
2013-2014 оқу жылы