- Учителю
- План- конспект урока по геометрии в 8 классе 'Средняя линия трапеции'
План- конспект урока по геометрии в 8 классе 'Средняя линия трапеции'
Геометрия, 8 класс
Сабақтың тақырыбы: Трапецияның орта сызығы
Мақсаты: Трапецияның орта сызығы туралы теорема мен оның дәлелдемесімен танысу. Трапецияның орта сызығының қасиетін есептер шығаруда қолдана білу.
Оқытудың нәтижесі: Трапецияның орта сызығы туралы теореманы, формуласын білетін болады.Формуланы есеп шығаруда тиімді қолданып, білімдерін жетілдіріп, ойлау қабілеттерін дамыта түседі.
Әдіс - тәсілдер: СТО, АКТ; Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жалпы сыныптық жұмыс
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, маркерлер, А- 2 форматты қағаздар, стикерлер, оқулық
І. Сыныпты стикерлер арқылы топқа бөлемін.
Оқушылар топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды.
ІІ. Өткен тақырыптар қайталанады: 5 минут
1-топқа: Трапеция анықтамасы
2-топқа: Трапецияның элементтері
3-топқа: Трапеция түрлері
4-топқа: Тең бүйірлі трапецияның қасиеттері
Топтың шешімімен әр топтан бір оқушы жауап береді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру:
Трапецияның орта сызығы туралы теореманы оқушыларға өз беттерінше оқып танысу тапсырылады.
Интерактивті тақтадан теореманың дәлелдемесі көрсетіліп, қорытындыланады.
IV. Интерактивті тақтадан тақырып бойынша берілген мысалдардың шығару жолдары көрсетіледі. Сұрақ-жауап арқылы есептің шығарылуы қарастырылады, талданады.
V. Өз беттерінше шығаруға интерактивті тақтада есептер беріледі:
1-топқа: Трапецияның орта сызығы 6-ға тең. Табандарының ұзындығын табыңдар.
2-топқа: Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғалары 3см, орта сызығы 5см. Периметрін табыңдар.
3-топқа: Теңбүйірлі трапецияның орта сызығы 4см, бүйір қабырғаларының қосындысы 5см. Периметрін табыңдар.
Сызбасын сызып, тақтаға есепті әр топтан бір оқушы шығарады.
VІ. Оқулық бойынша топпен жұмыс: №107,108 есептер шығарылады.
VІІ. «Бағдаршам» бойынша қорытынды, рефлексия жасау.
VІІІ. Үйге тапсырма беріледі: Трапецияның орта сызығы. №110, 112
ІХ. Бағалау: ОүБ; Стикер түсі арқылы бағаланады.