- Учителю
- Математика пәнінен 8 сыныпқа арналған 'Трапеция' тақырыбындағы ашық сабақ жоспары
Математика пәнінен 8 сыныпқа арналған 'Трапеция' тақырыбындағы ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы | Трапеция | ||
Жалпы мақсаты | Трапеция, оның элементтері, түрлерімен таныстыру. Трапецияның қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білулеріне ықпал ету | ||
Оқыту нәтижесі | Трапецияның анықтамасын,элементтері мен түрлерін білетін болады.Есеп шығаруға машықтанады | ||
Әдіс тәсілдер | Жигсо әдісі,С.Т О | Топтық жұмыс, жеке жұмыс | |
Сабақта қолданылған материалдар | Флипчарт, стикерлер, маркерлер, қалам,оқулық, ақ қағаздар (А4) | ||
Тапсырмалар | Ой қозғау, постер қорғау, есептер шығару, бағалау
| ||
Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
1.Топқа бөлу 3 мин | Қима қағаздар арқылы топқа бөлемін
| Қима қағаздарды құрастыру арқылы -Тіктөртбұрыш -Ромб -Квадрат -Параллелограмм деген топтарға бөлінеді, топ басшылары сайланады. | |
2.Қорғау
7 мин | Әр топқа А4 ақ қағаздары беріледі, топ аттарын қорғау тапсырылады | Әр топ қасиеттерін жазып, аттарын қорғайды. | |
3.Венн диаграмасы
10 мин | Әр топқа тақырып және ақ қағаз беріледі.Венн диаграммасын толтыру тапсырылады | Тапсырма бойынша Венн диаграммасын толтырып, қорғайды. | |
4.Жаңа тақырып 5 мин | Трапеция оқушыларға өз беттерінше оқуға беріледі | №1топ анықтамасын №2топ элементтерін №3топ түрлерін айтады №4топ пысықтайды.
| |
5. Есептер | Әр топқа параққа берілгені жазылған есептер беріледі.
1 топқа №79 Трапецияның екі бұрышы берілген 112 және 65 қа тең.Оның қалған бұрышын есепте 2 топқа №81 теңбүйірлі трапецияның бір бұрышы екіншісінен 1,5 есе артық қалған бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар 3 топқа №86 теңбүйірлі трапецияның қарсы бұрыштарының айырымы 56ға тең, трапецияның бұрыштарын табыңдар 4 топқа №83 теңбүйірлі трапецияның диагональдары тең екенін дәлелдеңдер
|
Әр топ өз есептерін шығарады, тақтаға шығып өзге топқа түсіндіреді | |
6. Бағалау | Тақырыпқа арналған тест тапсырмалары |
| |
7. Бағалау | 1,2,3, балмен
Рефлексия | Топ басшылары бағалау парағын толтырады. Стикер жабыстырады, Сабақ ұнады, түсіндім Түсіндім Онша түсінбедім |