7


  • Учителю
  • План урока на тему: 'Пирамида'

План урока на тему: 'Пирамида'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ПИРАМИДАНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ. ҚИЫҚ ПИРАМИДА


Жаңылова Гүлазат Инабатқызы

Бірінші санатты математика пәнінің оқытушысы


Сабақтың тақырыбы

Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері. Қиық пирамида

Сілтеме

Геометрия 11сынып «Мектеп» 2007жыл

В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева

Сабақтың мақсаты

Студенттердің тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту;логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, мпәнге деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу


Оқу нәтижесі

-Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.

- топта диалогтік әңгіме дамиды.

-Топпен жұмыс жасай отырып студенттер еркін ойлауға қалыптасады.

Туындайтын идеялар

Пирамида, оның түрлерін ажырата білу, құрылымын үйрену, өмірмен байланыстарын іздеу.


САБАҚ БАРЫСЫ


ОҚЫТУШЫ ІС ӘРЕКЕТІ



СТУДЕНТ ІС ӘРЕКЕТІ

1. Сәлемдесу 1-2 мин.


Топта психологиялық ахуал туғызу

«Жүрек жылуы» тренинг

- оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.

- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?

- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

- Менің жүрегім қамқоршы

- Менің жүрегім адал.

- Менің жүрегім жақсылыққа толы

- Менің жүрегім бақытты.

- Менің жүрегім қайырымды, т.б.

- Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.

(алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу)

Студенттер бір-біріне жақсы тілек айтады


Топты 3 топқа бөлу

1-2 мин.

Геометриялық фигураларды таңдата отырып, үш топқа бөлемін.

1.Үшбұрыш 2.Төртбұрыш 3. Трапеция

Студенттер фигуралар бойынша 3 топқа бөлінеді

Үй тапсырмасы

5 - 7 мин

Өзара сұрақ қойғызу арқылы өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

  • Призма дегеніміз не?

  • Призманың элементтері дегеніміз не?

  • Призманың жазбасы дегеніміз не?

  • Призманың бүйір бетінің ауданының формуласы қандай? т.б.

Өткен тақырып бойынша топ бір - біріне сұрақ қояды

Жаңа тақырып

13 - 15мин.

Интерактивті тақтада слайд көрсетіледі

Төртбұрыш + 4 үшбұрыш

Үшбұрыш +3 үшбұрыш

Алтыбұрыш +6 үшбұрыш

Онбұрыш +10 үшбұрыш

Nбұрыш + n үшбұрыш

Пирамида анықтамасын өздері шығарады.

Пирамида - көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны бар, бұйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын геометриялық фигура


Кластер

«Пирамида» сөзіне байлынысты бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жазыңыздар

Тақтадағы «Пирамида» сөзінің жанына ассоциацияларын жазады

Пирамиданың табанын, бүйір қырларын, биіктігін, апофемасын көрсету, формуласы:

Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы

оның табаны периметрінің жартысын

пирамиданың апофемасына көбейткенге тең

S=Pl/2

Пирамиданың толық бетінің ауданы деп оның бүйір бетінің ауданы мен табанының ауданының қосындысын айтады.

Sт.б= Sб.б + Sтаб

Тақтадағы слайдтан пирамида элементтерін табады, бүйір бетінің ауданын табу, толық бетінің ауданын табу формулаларын талқылай отырып шығарады.

Слайд арқылы әлемдегі пирамидаларды көрсету және студенттердің ойларын тыңдау.

Египет пирамидасы

Бейбітшілік және келісім сарайы

Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған.Оның биіктігі - 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.

Әлемнің сегізінші таңғажайыбы биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Имарат өзі жасанды онбесметрлік үйінді үстінде орналасқан. Атақты мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өзінің жобасы үшін діни жаққа қатысы жоқ пошымды арнайы таңдап алды. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді.


Сергіту сәті

1 мин.

Сергіту жаттығулары

Студенттер жаттығулар жасайды

Төртбұрышты пирамиданы 1 студентке қидыртамын. Не байқадық?


Қиық пирамида

Қиық пирамида тәріздес бөшке

Студенттер өз ойларын айтып, қиық пирамидаға анықтама береді.

Қиық пирамида деп пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима арасындағы бөлігі аталады.

Суреттен қиық пирамиданың элементтерін көрсетеді.табандары

  • бүйір жақтары

  • биіктігі

Білімді бекіту

10 - 12 мин.

Есеп шығару:

1. Хеопс пирамидасының қазіргі биіктігі жуық шамамен 139 м, табан қабырғасы 230 м. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.

3. Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайының жер бетіндегі биіктігі 62 м, табаны - қабырғасы 52 м болатын квадрат.

Сарайдың толық бетінің ауданын табыңдар.

Топ студенттері есеп шығарады.


Рефлексия

1-2 мин

1.Келесі сабақта істейтін

әрекетіңіз немесе сұрағыңыз

2.Сізге әсер еткен екі сөз

3.Бүгінгі сабақтың маңызды

үш сөз

Берілген парақтарға студенттер сабақтан алған әсерін жазады

Үй тапсырмасын түсіндіру: 1 -2 мин.

§ 3.1, 3.2 оқу - 18-19 бет №7- 22 бет Қосымша тапсырма: қағаздан пирамиданы қиып жасау

Дәптерлеріне тапсырманы жазып алады

Бағалау: 1-2 мин.

Бағалау критерийін пайдаланып, топты және жеке студенттерді бағалау

Топтың өздерін бағалауы, топтардың бір - бірін бағалауы, оқытушының бағалауы.

Критерийлері:

1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану

3 балл

2.Қосымша тапсырмаларды орындауы

2 балл

3.Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы

5 балл

0-4 балл - «2»

5-6 балл - «3»

7-8 балл - «4»

9-10 балл - «5»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал