7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Берілген қатынаста бөлу

Сабақ жоспары: Берілген қатынаста бөлу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ № 14 Математика 6

Күні: 16.09.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Берілген қатынаста бөлуге есептер.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қатынас ұғымы туралы түсінік беру, Екісанның қатынасын таба білу

дағдысын қалыптастыру.берілген қатынаста бөлуге берілген есептерді шығару

дағдысын қалыптстыру

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: түсіндіру , баяндау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:Оқушылар түгелденіп,кластың сабаққа даярлығы тексеріледі.

Үйге берілген тапсырманы ауызша оқу арқылы тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген есепті тақтаға оқушы шығару арқылы тексеру.

Өткен сабақты пысықтау сұрақтары:

  1. Екі санның қатынасы дегеніміз не?

  2. Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?

  3. Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?

Жаңа сабақ.



1-есеп. Шебер 18 сақина дайындаған уақытта, оның шәкірті 12 сақина дайындайды. Олар

бірлесіп жұмыс істеп, 180 сақина дайындады. Шебер неше сақина , шәкірті неше

сақина дайындады?

Шешуі: 1) 18 : 12 немесе 3:2 қатынасындай.

  1. 3 + 2 = 5

  2. 180 : 5 = 36

  3. 36 ∙ 3 = 108 , 36 ∙ 2 = 72

Жауабы: 108 сақина , 72 сақина.



2-есеп: 350 г тұзды су ерітіндісі дайындалды. Ондағы тұздың массасының судың массасына

қатынасы 2: 5 қатынасындай.Ерітінді құрамында неше грамм тұз бар? Неше грамм

су бар?

Шешуі: 1) 2 + 5 = 7

2) 350 : 7= 50 (г)

3) 50 ∙ 2 =100 (г) , 50 ∙ 5 =250 (г)

Жауабы: 100 г ; 250 г.



Сонымен берілген қатынаста бөлу үшін:

  • берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек.

  • Санды табылған қосындыға бөлу керек.

  • Шыққан нәтижені қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек



Жаттығулар орындау.



Сыныпта: № 28 ,29 , 30 , 35

Сабақты бекіту

  1. Екі санның қатынасы дегеніміз не?

  2. Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?

  3. Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?



Үйге тапсырма: 1.2. Берілген қатынаста бөлуге есептер. 13- бет № 31, №34



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал