- Учителю
- «Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамытудың маңызы».
«Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамытудың маңызы».
Қ.Шайменов атындағы орта мектебі
Баяндама :
« Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамытудың маңызы».
Математика пәнінің мұғалімі
Абишева Қаламқас Сейткалиевна
2014-2015 жыл
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы да терең білім мен іскерліктің болуын,олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін,ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні оқушыларға өз ойын қысқа,дұрыс, дәл айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады.Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді. Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамидыСондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу - математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі.
Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл-күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек.Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс.Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы - баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады..
Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Оқушының есепті шығару шеберлігі арқылы, оның математикалық ойлау жүйесінің дамуын және оның іс-әрекетінің белгілі бір сапасын анықтауға болады. Оның логикалық ойлау жүйесі, арнаулы саладағы терең білімінің, практикалық тәжірибелі іске деген ынтаның негізінде дамиды. Дамытудың маңызды шарты табандылығы мен инициативасы болып табылады.Оқушының математикалық ойлау қабілеті дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс:
1) Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру.
2) Пәнге қызығып, оған көңіл қойып тереңдете оқып үйрену.
3) Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға, интеллектуалды ойындарға қатысу.
Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл- ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушының түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикалық білімін емес, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Қорытындылай келе,осылайша, оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда олардан:
-білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап, өз биігіне көтеретін;
-табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылған;
-өздігімен танып, ізденіп, іс-әрекет жасайтын;
-өз бетімен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруымызға болады.
Логикалық жаттығулар.
1 Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
Жауабы: Айжан - Мұраттың қызы, Маржан - Асқардың қызы.
2 Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
Абзал> Арман, Аян > Абзал осыдан ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал екендігін табамыз.
3 Мұрат, Жандос, Асхат бір сыныпта оқиды. Олар Ораз, Ахмет, Үсен деген кісілердің балалары. Егер Мұрат Ораздың , Жандос Ахметтің , Асхат Үсеннің баласы еместігі, Асхат пен Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса, әр баланың әкесі кім?
Жауабы: Асхат Ахметтің, Мұрат Үсеннің, Жандос Ораздың баласы.
4 Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын сұрағанда мұғалім: Ешқайсың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағалары әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?
Жауабы: Әсем -«5», Анар -«4», Ардақ -«3».
5 Шоколад плиткасы 4 жол, 8 бағаннан тұратын майда бөліктерден құралған. Оны әр бөлгенде бір бөліктен сындырса, ең аз дегенде неше рет сындыру арқылы майда бөліктерге бөлуге болады?
Жауабы: 31 рет.
6 Өзеннің бір жағынан екінші жағасына ешкіні, қасқырды және капустаны алып өту керек. Қайықпен бір жануарды ғана немесе капустаны ғана алып өтуге болады. Оларды екінші жағаға қалай өткізу керек?
Шешуі: Бірінші ешкіні алып өтеді. Себебі қасқыр капустаны жемейді. Екінші капустаны алып өтеді де, ешкі капустаны жемес үшін ешкіні қайтадан екінші жағаға алып өтеді. Осы жағада ешкіні қалдырып, қасқырды алып өтеді. Соңында ешкіні қайтадан алып өтеді.
7 Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Үшеуі қатар жесе қанша уақытта жеп бітіреді?
Шешуі: x=1 сағатта жеп бітіреді.
Қ.Шайменов атындағы орта мектебі
Баяндама :
« Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамытудың маңызы».
Математика пәнінің мұғалімі
Абишева Қаламқас Сейткалиевна
2014-2015 жыл