7


  • Учителю
  • Математика пәнінен ашық сабақ 'Өрнек 10-а'

Математика пәнінен ашық сабақ 'Өрнек 10-а'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9.04.15ж. Математика Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өрнек 10 - а

Сабақтың мақсаты:
Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.
Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.
Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: Интербелсенді тақта, слайдтар
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз
«5»болсын алар бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

- Сабақ басталды, бәріміз орнымызға отырамыз. Балалар, сендер білесіңдер бізде қазір қандай сабақ екенін, бізде 2-сабақ математика.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын, сендер маған 1-10 ға дейін тура ,кері санап беріңдерші.
- Өте жақсы, ендеше енді үй тапсырмасына кезек берейік.
Үй тапсырмасын оқытып тексеру. «Ұшақтың жолын анықта».

«Ойлан, тап» Өткенді еске түсіру.
-Ал, енді өткен тақырыпты еске түсірейік. Тақтада нелерді көріп тұрсыңдар?
а+1 ------------ 4+а ----------- 7 - 2 ------------ 8 - 4 ----------- 10 - а ---------- 10 - 5
6 - а ----------- 3+3 ------------ 5 - а ------------ 9+а ------------ 5+2 ------------ 2+6
7+а ------------ 4+6 ------------ 8 - 3 ------------ 2+0 ------------ а - 9 ----------- 7 - 7
а+8 ------------ а - 4

Енді мына өрнектерді қалай бөлуге болады?
(2-ге: әріпті өрнек, санды өрнек)
- Тағы қалай бөлуге болады, кәне қарайықшы жақсылап. (дұрыс, айырмаларды бір бөлек, қосындыларды бір бөлек бөлуге болады екен.)

Балалар сендер өрнектердің түрлерін әріпті және санды өрнектерді айыра алады екенсіңдер, және айырма, қосындыларды жеке-жеке топтауды біледі екенсіңдер. Енді осы білімімізді әрі қарай толықтырайық.
Жаңа сабақ.

Ал, қанекей, балалар,

Бері таман қараңдар,

Жаңа сабақ бастайық,

Есептерді қиналмай

Лезде шешіп тастайық.

Оқулықпен жұмыс.
1-мысал. Кестені толтырамыз.

а

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10-а 3-есеп. Есепті шығар.
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: 10 ағаш
Мына амалдарды орындап нені табасың: 6+4, 6 - 4?
(Оқушылар есепті оқып талдайды, шартын құрып, шешуін табады, есепті шығарады. Сұрақ бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады).

А) Қарағай -6 ? артық
Қайың -4
6-4 = 2
Жауабы: қарағайдың 2-уі артық
Ә) Қарағай -6
Қайың -4 ? кем
6-4=2
Ж: қайыңның 2-уі кем
Сергіту сәті

Біз азайттық қостық,
Есептедік шаршадық.
Орнымыздан тұрайық.
Қимылдатып аяқты,
Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық.
Соқтығысып қалмайық.
Сәл демалып алған соң,
Есептеуді жалғайық.

4-мысал. Сандардың құрамын көрсет.
(Ауызша орындалады, оқушылар бір - бірден санның құрамын атайды).



8

9

5

7



3


4

1

2

2

1

3


4


4


7

3

8

6

1

5


2







Кім шапшаң? ойыны. ( логикалық есептер )

10 асықтың үшеуін

Досың сұрап алады?

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?



Аулада 5 үйрек

Табақта 5 өрік

Қорада 3 үйрек

Қолымда 4 өрік

1 үйрек тығылды

Қосқанда барлығын

1 үйрек жығылды

Болады неше өрік? /9/

Қалғаны неше үйрек? /6/

Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонады оның нешеуі

Қәне, кім шешеді? /5/

Балапандарым - байлығым,
Бармысыңдар барлығың?
Тексерейін, санайын.
Ұябасар - анасы
2 - еуін тапты жүйектен.
Арпа іздеген 2 - еуін
Байқап қалды алыстан.
Айтыңдаршы балалар
Нешеу екен барлығы? (4)

Шығармашылық тапсырма

мәреМашинаның мәреге жетуіне көмектесейік. Ол үшін дұрыс жолын табамыз өрнектердің мәндерін табу арқылы

машина 3+2 5-3 2+1 3+3 6

Бекіту. Сәйкестендіру кестесі

9-5 10

7+3 9

5+4 4

6-5 8

3+5 1
Үйге тапсырма. 2-мысал 167-бет

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал