- Учителю
- Математикадан ҰБТ-ге дайындық 11-класс
Математикадан ҰБТ-ге дайындық 11-класс
Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдері.
Исенова Айгул Галимжановна
жоғары санатты математика пәні мұғалімі
Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы
Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан - жақты дамыған, Отанның әлуметтік - экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын, өзіне сенімді азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.
2004 жылы ақпан айында Үкіметтің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жүйесі құрылды. Қазіргі уақытта оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында тестілеудің тиімді екені дәлелденді. ҰБТ-ді енгізу мақсаты білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, олардың нақты рейтингін анықтауға, жалпы білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар мен мұғалімдердің оқу жұмысының қорытындысын дәлелдеуге, білім бағытын және мазмұнын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Осы жылдар ішінде, біздің гимназияда баланы ҰБТ-ге дайындаудың өзіндік жүйесі қалыптасты.Оқушылардың ҰБТ көрсеткішінің жоғары болуы үшін, оларға жеткілікті дәрежеде білім беру, әзірлік жұмыстарын жүйелі орналастыру, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп бағыт - бағдар беру, жан - жақты жағдайлар жасау мен көмек көрсету жұмыстарына төменгі сыныптардан бастап басты назар аударылады. Ал, әр оқу жылының басында ҰБТ мәселесі жан - жақты талқыланып, ата - аналармен келісе отырып, дайындық кестесі құрылады. Сөйтіп мектеп басшысы да, ата - аналар да мұғалімге әр баламен жеке жұмыс атқаруға жағдай жасайды. Ата - аналарға әрбір байқау тесттен кейін, баласы туралы мәлімет беріліп тұрады. Осылайша бірлескен жұмыс ҰБТ -де өз нәтижесін беріп жүр. Бірнеше жылдан бері оқушыларды ҰБТ - ге математика пәнінен жоғары санатты мұғалім Саматова Н.И. екеуміз бірлесіп, дайындап келеміз.
Жалпы айтқанда математика пәнінен оқушыларды ҰБТ -ге дайындау өте қиынға соғады, себебі гимназия гуманитарлық бағытта болғандықтан математикадан сағат саны аз, сондықтан уақытпен де, ақшамен де санаспай қосымша көбірек жұмыстануымызға тура келеді. Дайындықты 10 сыныптан бастаймыз. Бірлесе жүріп қиындықтарды жеңіп, өзімідің гимназиямыздың абройы үшін талмай жұмыс жасауымыздың арқасында жақсы нәтижелерге жеттік.
Әр жыл сайын «Алтын белгі» мен «Үздік» аттестатқа үміткерлер қатарының саны артуда. Әйтсе де ол үміткерлердің көпшілігі математикадан қиналады, яғни бәрі бірдей қабілетті емес. Ол оқушының қабілеті жетпей тұрса, оның сенімін оятып, осы пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды жеткізу мақсатында аянбай еңбектенеміз. Сол еңбегіміздің нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
</ 2006-2015 оқу жылдарындағы математика пәні бойынша ҰБТ қорытындысы2004-2015 жылдар аралығында гимназияны бітіруші түлектер саны - 300. Соның ішінде «Алтын белгі» иегерлері -94, «Үздік » аттестат -55.
«Алтын белгі» иегерлері«Үздік» аттестат иегерлері
ҰБТ дайындық жұмыстары төмендегідей үлгіде жасаланып келеді:
-
Ең алдымен жоспар құру;
-
Осы жоспар бойынша дидактикалық материалдар жинақтау;
-
Әр балаға психологиялық диогностика жасау;
-
Оқушыларды деңгейге бөлу;
-
Математикалық есептерді шығарту жолдары.
Менің оқытудағы басты мақсатым - оқушыларды өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушының тек білім, білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы, өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеті оянады.
Мен өз тәжірибемде СТО бағдарламасының стратегияларын пайдаланып жүрмін. Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі баланың танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада, оқушы:
-
Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлауға үйренеді;
-
Нақты мақсат қоюға дағдыланады;
-
Өзіне деген сенімі артады;
-
Оқу процесіне белсенді қатысады;
-
Жолдастарының пікірімен санасады;
-
Өзін толғандыратын проблемалық сұрақтар қоя біледі;
-
Пәнге деген қызығушылығы артады;
Баланың өз бетімен есеп шығару дағдысы қалыптасқанша көп еңбектенуге тура келеді. Сабақты түсінді, енді есепті шығара алады деп ойлауға болмайды. Бізде оқытылатын материал көп, өткенді қайталауға уақыт жетпей жатады. Аптада өтетін үш сағатта біз тек 11 - сыныптағы тақырыптарды ғана қамти аламыз. Қосымша сағаттарда оқушылардың түсінбей қалған есептері мен төменгі сыныптардағы тақырыптарды қайталап үлгермей жатамыз. Міне , осы кезде бала байқау сынақтарында межелеген ұпайды жинай алмай қиналып, менің қолымнан есеп шығару келмейді, басыма математика қонбайтын болды ғой деп күйзеліске түсіп кетіп жатады. Содан математикаға деген қызығушылықтары төмендеп, уақыттарын текке жойып алады. Тек қана оқыту арқылы жаксы көрсеткішке жетемін деуге болмайды. Осы жерде балаға психологиялиялық тұрғыдан әрекет ету пән мұғалімінің міндеті. Көбіне, мен баланы қайрау арқылы өзіне деген сенімін оятуды көп қолданамын. Сен білесің, өткен жылғы мына оқушыдан қабілетін жоғары, міне өзін қарашы сенен қанша баллға төмен, енді оның нәтижесіне көзіңді жүгірт... Мына оқушы жинай алмай жатыр, өзінің қолынан жинау келе ме әлде келмей ме?- деген басшылық тарапынан қойылған сұрақтарға мұғалім соңына дейін шыдамдылық танытып, оқушыдан үмітін үзбегені дұрыс. Осылай әр балаға психологиялық диагностика жасап отырамыз.
Өз тәжірибемде сыныпты деңгейлеріне қарап үш топқа бөлемін:
І топ : Өз бетімен есеп шығара алатын оқушылар.
ІІ топ : Бағыттау арқылы жұмыстана алатын оқушылар.
ІІІ топ: Деңгейлері төмен оқушылар.
Осылай бәрін ескере келе әр оқушының қабілеті мен мүмкіндігін ашып,
әрқайсысымен жеке байланыс орнатып жұмыстанамын. Сонда бірінің білмегенін
бірі көрсетіп, өзара көмектесу арқылы есеп шығаруға дағдыланады. Өз бетімен
жұмыс әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекеті зерттеу әрекетіне көшеді. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу жүйелілігі , бірізділікпен ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға әкеледі, оқушыны өзіндік терең ізденіске бастайды. Нәтижесінде ІІ деңгейдегі оқушылар І деңгейлердегі оқушыларды қуып жетіп, жоғары балл жинап жатады. І топтағы едәуір алға жылжыған оқушыларды ІІ,ІІІ топтарға көмектесуге жіберемін. Одан ол оқушының білімі ортаймайды, қайта өз білгендерін үйрету, көрсету оның есінде сақтап қалуына пайдалы.
Тәжірибемде негізінен ҰБТ - ге дайындауда төмен балл жинайтын оқушылармен көбірек жұмыстандым. Көп оқушы алаңғасарлықтан өзінің баллын жоғалтып алады. Ондай оқушылар әсіресе «Алтын белгіге» үміткерлердің арасында жиі кездеседі. (Слайдтар арқылы төмен баллдан бастап жоғары балл жинаған оқушыларды көрсету).
Оқушының математикаға икемділігі болмаса, жоқ дегенде «4»-тік баға алу үшін ең алдымен есептеу жұмыстарына көңіл бөлемін. Оқушы арифметикалық амалдарды орындауда қателеспеу керек. Дәрежеге шығару, түбірден шығару, туынды табу, интегралдау, логарифмдеу амалдарын жетік меңгеруге тиіс. Геометриялық есептерді шығаруда жазықтық, кеңістік ұғымдарын ажырата білуі керек. Тест тапсырмаларын орындағанда бірден жеңіл есептерден бастап, күрделі есептерге көшуге дағдыландыру оң нәтиже береді.
Осылайша еңбектенуіміздің арқасында жылдан жылға математика пәні бойынша орташа балл көтеріліп келеді.Биылғы өзім сабақ берген сыныбымдагы 15оқушының 5-і - 25 балл, 5-і - 24 балл,1-і - 23 балл, 1-і -22 балл, 2-і - 21 балл,1-і -19 балл жинады.
Қорыта айтқанда ҰБТ-ге оқушыларды дайындауда жақсы жетістіктерге жетуміздің бірден бір себепшісі - гимназиямыздың директоры Дариға Ғазезқызының игі ықпалымен деп айта аламын. Дариға Ғазезқызының әрдайым мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана жұмысы алға жүреді, ол мұғаліміне сөзсіз сенуі керек, сонда ғана мұғалім мен оқушы жұмысы біртұтастыққа айналады деген сөзі мені қажырлылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Мұғалім де жұмыс жасау үшін басшылық тарапынан қолдауды күтеді. Қажып жүрген ұстазға басшы қайрат берсе, мұғалім балаға жігер береді. Сөйтіп, қызығынан гөрі қиындығы басым, жыл сайын ел сынағынан, сүзгіден өтіп отыратын ұстаз еңбегі өз жемісін береді.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛСЫ
Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы
Баяндаманың тақырыбы:
Оқушыларды математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдері.
Математика пәні мұғалімі: Исенова А.Г
Подстепное ауылы - 2015 жыл