- Учителю
- «Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру» 5 сынып
«Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру» 5 сынып
Уақыты: 17.02.2015 ж.
Класс: 5«б»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы
« Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру» 5 сынып
Сабақ типі
Бекіту сабағы
Сабақ түрі
«Ертегі елінде»
Мақсаты
Ондық бөлшектерді азайту ережесін қолдана отыра, оны есептер шығаруда тиімді пайдалана алу дағдыларын жетілдіру, тақырып бойынша оқушылардың білімін жалпылау және жүйелеу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға бейімдеу, өзіндік таным әрекеті, топта ынтымақтаса жұмыс істеу құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері
Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, бұрын білетін тақырыппен байланыстырады, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір - біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
Сабақтың өтілу формасы
Өзара әрекеттестіктің интерактивті формасы (фронтальды, жеке, топтық, жұптық жұмыстар).
Әдіс-тәсілдері
сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, АКТ, практикалық, формативті бағалау.
Бақылау формалары
өзін-өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, мұғалімнің бақылауы.
Техникалық жабдықтар мен қажетті ресурстар
компьютер, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, рефлексия материалдары, жеке карточкалар, плакаттар.
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Оқушыларды бір-бірімен күлімдеп амандасып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастауын сұраймын.
Үй тапсырмасын дұрыс жауап үлгісі бойынша тексеру: №989, 991.
Амандасады, ынтымақтастық атмосферасын құрап, спорттық құралдар түрлерімен топтарға бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.
Үй тапсырмасын эталон арқылы бірін-бірі тексереді, бағалайды.
Қызығушылықты ояту
Тақтада еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерінің суреттері көрсетіледі. Бағыттау сұрағын қоямын «Оқушылар, суреттен нені байқап отырмыз?» Оқушылар, биыл осы 2015 жылы Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл мерейтойы толып отыр екен. Олай болса, бүгінгі сабағымызға осы ұлттардың белгілері қатысатын болады.
Француз жазушысы Анатоль Франс бір кездері айтқан екен: «Білімді тек көтеріңкі көңіл-күймен жақсы меңгеруге болады... Білімді сіңіру үшін, оны жақсы тәбетпен жұту керек». Оның кеңесіне еріп, назарымызды шоғырландырып, білімді шын ниетпен сіңірейік, себебі ол кейін бізге қажет болады.
Слайд№1.
Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазып қояйық.
Сабағымыздың тақырыбы - Ондық бөлшектерді азайтуды қайталау.
-Бөлшектер туралы ғылым әрдайым қиын деп саналған. Немістерде «Бөлшекке тап болу» деген мақал әлі күнге дейін сақталған, ол қиын жағдайға тап болу дегенді білдіреді екен.
- Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың мақсаты қандай?
- Сонымен, біздің ортақ мақсатымыз ондық бөлшектер бізді қиын жағдайға қалдыра алмайтындығын көрсету. Оларды сенімді түрде қоса және азайта алатын боламыз.
Сыни ойлана отырып, сұрақтарға жауап іздейді, талдайды.
Сабаққа қызығушылықтарын арттырады.
Сабақтың мақсатын ашады.
Ортақ девиз айта отырып, практикалық тапсырмаларды әр түрлі формада орындайды, диалогтық қарым-қатынас орнатады.
Қайталау сұрақтарына ауызша, есептерге жазбаша жауап береді.
Серігеді.
Мағынаны тану
II Дилогтық оқыту. Ұлттар бойынша саяхат.
Слайд №2.
«Ондық бөлшектер туралы білімің болсын саналы» девизімен саяхатқа шығамыз. (хормен)
Слайд №3.
2.1. Фронтальды сұрау (Илья Ильин).
1. Натурал санды ондық бөлшек түрінде жазуға болады ма?
2. Ондық бөлшектерді қалай салыстырады? (мысал келтір)
3. Ондық бөлшектерді қалай қосады? (мысал келтір)
4. Ондық бөлшектерді қалай азайтады? (мысал келтір)
Слайд №4.
2.2. Қателерді тауып, дұрыстаңыз. (топтық жұмыс)
4,6 2 1,4 5 9,1 6 8
3,7 6,7 2,0 1 5 7,3
4,9 9 7,115 7,1 5 5 1,3
Слайд №5. (жауабы)
4,6 2 1,4 5 9,1 6 0 8,0
3,7 0 6,7 0 2,0 1 5 7,3
8,3 2 8,1 5 7,1 4 5 0,7
Слайд №6, 7
2.3. Өз бетімен жұмыс (Денис Тен) (жеке жұмыс)
Теңдік дұрыс болатындай үтірлерді дұрыс қойыңдар.
Теңдеулерді шешіңіз: х + 3,8 = 8
х - 6,5 = 12 9,71 - у = 3,31
5х + 1,2 = 11,2 10,96 - 3у = 1,96
Слайд 8.
2.4. Тарихи мәліметтер.
«Ергежейлі» деп аталатын сандар бар екен.
Олар біздің өмірде қандай мағына береді?
0,001 бөлшегі өте кішкентай сан. Мысалы, 0,001с - бұл уақыт арасында дыбыс ауада 33 см-ге таралады екен, ал 700-800 м/с жылдамдығымен атылған оқ 70 см ұшады. Жер шары болса бұл уақытта 30 метрге айналады, ал кіп-кішкентай маса қанатымен жоғарым-төмен қағып үлгереді.
Бағыт алады.
Сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмысты сыни ойлана отырып, атқарады.
Өз бетімен жұмыстануға машықтанады, шешім іздейді.
Жаңа мәліметпен танысып, қызығады, есте сақтайды.
Сергіту сәті
Слайд №9.
2.5. Физкультминутка.
- Мен бір сөз айтамын, математикаға байланысты болса, екі қолымызды жоғары көтереміз, болмаса отырып-тұрамыз.
Слайд №10.
Есеп шығармай математика пәні өтпейді, олай болса:
2.6. Галиб Джафаров.
Оқулықпен жұмыс №1000 (1-2-3) (В тобы)
Есепті шешіңіз: Дүкенге алмалар салынған массасы 267,4 кг контейнер келіп түсті. 1-ші күні 35,9 кг, 2-ші күні -10, 08кг және 3-ші күні - 50,12 кг алма сатылды, сонда контейнерде 160,3 кг алма қалды. Бос контейнердің салмағын есептеңдер. (11 кг)
1) 35,9+10,08+50,12=96,1 (кг) 3 күнде сатылған алма.
2) 160,3+96,1=256,4 (кг) барлық алма.
3) 267,4-256,4=11 (кг) қалғаны.
Ответ: 11 кг.
Слайд №11.
2.7. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?
1. Бұл сұраққа жауап беру үшін амалдар тізбегін орындайық (ауызша)
Топтаса отырып, практикалық жұмысты орындайды, талдайды, ортақ шешім шығарады, қорғайды.
Білімдерін жинақтайды.
Ой толғаныс
Рефлексия
«Көңіл-күй гүлшоғы»
Ал енді көңіл-күй гүлшоғын дайындайық. Қызыл гүл - сабақ қызықты болды, жаңа нәрселер білдім, өзім жақсы түсіндім, жасыл гүл - сабақ қызықты болмады, ешнәрсе түсіне алмадым.
Топ басшысының бағалау парағын толтыруы.
Ынтымақтастық шырағын сөндірмейік!
Сабаққа қатысымы бойынша өзін-өзі, бірін-бірі және сабақты бағалайды, алға мақсат қояды.
Сабақтың қорытындысы
Слайд №12.
Үй тапсырмасы. (Шығармашылық жұмыс)
«ҚХА- 20 ізгі іс» атты республикалық эстафета.
Тапсырма «математикалық шығарма» деп аталады. «Қыс және спорт» сөздерін қолданып есеп құрастыру. Мүмкіндігінше 2 амалдан тұратын есеп болу керек. + №1001 есеп В тобынан.
-
Жиынтық бағалауды жүргіземін.
Үй тапсырмасын жазып алады, бағалану үшін мұғалімге күнделіктерін әкеледі.