- Учителю
- 'Бөлінгіштің негізгі қасиеті' (5 сынып)
'Бөлінгіштің негізгі қасиеті' (5 сынып)
Сабақ тақырыбы: Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға бөлінгіштіктің негізгі қасиеттін пайдаланып, есептерді тиімді тәсілдермен таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
Жаңа сабақты түсіндіру
-
Есептер шығару
-
Инклюзив оқушымен жұмыс
-
Үйге тапсырма беру
-
Бағалау
-
Қорытындылау
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу, түгендеу,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№ 570. Амалдарды орындаңдар:
№ 582.
-
11 санының еселіктері: 11, 22, 33, 44, ...;
-
9 санының еселіктері: 9, 18, 27, 36, ...;
-
13 санының еселіктері: 13, 26, 39, 52, ...;
-
15 санының еселіктері: 15, 30, 45, 60, ... .
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 6 см ұзын. Оның ауданы 40 см2. Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр?
Шарты:
Ені - х
Ұзындығы - х + 6
Шешуі: S = ab
x(x+6)=40
40 санының бөлгіштері: 1, 2, 4, 5, 8, 10, 20, 40 немесе бөлінгіштер жұбы: 1 және 40; 2 және 20; 4 және 10; 5 және 8.
Осы бөлгіштерден іріктеп, теңдеуді тура теңдікке айналдыратын бөлгішті таңдап алайық. Ол - 4 саны, x = 4
Жауабы: 4 см
IV. Есептер шығару
№ 1. Теңдеулерді натурал сан түбірлерін бөлгіштер жұбын іріктеу тәсілімен тауып, сонан соң жазбаша тексеріңдер:
-
77 санының бөлгіштері: 1, 7, 11, 77.
-
54 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18, 27, 54
-
85 санының бөлгіштері: 1, 5, 17, 85
-
63 санының бөлгіштері: 1, 3, 7, 9, 21, 63
№ 2. Тік төртбұрштың ауданы 70 см2. Оның ені ұзындығынан 3 см қысқа. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр? Ені неше сантиметр?
Шарты:
Ені - х - 3
Ұзындығы - х
Шешуі: S = ab
x(x - 3)=70
70 санының бөлгіштері: 1, 2, 5, 7, 10, 14, 35, 70
Жауабы: ұзындығы - 10 см, ені - 7 см
№ 4. Тік төртбұрыштың ауданы 120 см2. Оның ұзындығы енінен 7 см ұзын. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
Шарты:
Ені - х
Ұзындығы - х +7
Шешуі: S = ab
x(x + 7)=120
120 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 12, 15, 20, 24, 30, 40, 60, 120
Жауабы: Р = 46 см
V. Инклюзив оқушымен жұмыс
№1. 32 асықты әр үймедегі асық саны өзара тең болатындай:
-
2 үймеге
-
3 үймеге
-
4 үймеге
-
5 үймеге
бөлуге бола ма?
Тік төртбұрыштың ішіне тиісінше «болады», «болмайды» сөздерін жазыңдар.
№2. 7 санына еселік болатын 48 санынан үлкен екі таңбалы сандарды жазыңдар: 49, 56, 63, 70, 77, 84, 91, 98
VI. Үйге тапсырма беру
№ 3, 5 есеп 135 - бет
VII. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Қорытындылау
-
Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табамыз?
-
Берілген натурал санға еселік сандар қалай табылады?