7


  • Учителю
  • СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС: ТӨРТБҰРЫШТАР ӘЛЕМІ

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС: ТӨРТБҰРЫШТАР ӘЛЕМІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Райымқұлова Салиха Сайфадинқызы,Астана қаласы, Ғ.Орманов атындағы

№7 мектеп -гимназия математика пәні мұғалімі

8 сыныптарға арналған математикалық сайыс кеші

Тақырыбы: Төртбұрыштар әлемінде

Мақсаты: Математиканың күнделікті өмірде қолданбалылығын, қажеттілігін көрсету, алған теориялық білімдерін қолдана білуге, топ болып бірігіп жұмыс жасай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Математика туралы ой-пікірлер, математикалық қабырға газеттері, буклеттер, кітаптар, ребустар, жұмбақтар көрмесі және слайдтар

Кештің өткізілу барысы:

1. Кіріспе

Пән мұғалімдерінің сөзі: Сайыс сағатын ашу. Мақсатымен, жоспарымен оқушыларды таныстыру.

2. Қазылар алқасымен, сайыс хатшысымен таныстыру.

3. « Таныстыру». Әр сынып топ басшысын, атын , газеттерін, эмблемаларын таныстырады.

Көрермен жанкүйерлерден музыкалық ән-шашу тамашалату.

4. «Таныстыру» бөліміне берілген қазылар алқасының бағасы, хатшы тіркеп отырады.

5. Векториналық сұрақтар бөлімі. «Кім жылдам?»

1) Гректен шыққан атақты Пифагор қай ғасырда өмір сүрген?

(Ол біздің жыл санауымыздан бұрынғы 580 - 500 жылдар шамасында өмір сүрген)

2) Египет үшбұрышы дегеніміз қандай болады?

( Қабырғалары 3, 4, 5 сандарымен өрнектелетін тік бұрышты үшбұрыш «Египет үшбұрышы» деп аталған)

3) Қатаң деген атқа ие болған фигураны білесің бе? (үшбұрыш)

4) 17-дің квадраты нешеге тең? (289)

5) Координаталық осьтер қалай аталады?

6) Халықаралық 51 математикалық олимпиада қай елде және қай жылы өткізілді?

(2010 жылы,6-8 шілдеде, Қазақстанда)

7) Қандай сандардың қосындысы 11 - ге, көбейтіндісі 24 -ке тең? (3 және 8)

8) Тік бұрышты координаталар жүйесі кімнің атымен аталады?

( Рене Декарт)

9) Бір жылда 365 күн бар. Ақпан айында 28 күн, ал шілдеде 31 күн бар. Жылдың қандай бөлігін ақпан, қандай бөлігін шілде құрайды?

10) Екі санның қатынасы қалай аталады?

6. «Кім жылдам?» викториналық сұрақтар бөлімі бойынша қазылар алқасының бағасы.

7. «Логикалық есептер» бөлімі. (Бөлім есебін шығаруға әр топтың 2 мүшесі өз қалаулары бойынша шақырылады)

1) Мына сызбаларда қанша үшбұрыштар бар? Екеуін қоса алғанда.





















2) Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 минутта жесе, Асхат бір тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бідей уақытта жеп болды. Мәди неше тоқаш, Асхат неше тоқаш жеді?

3) Самат бір сан ойлады. Егер оны 30-ға бөліп, шыққан бөліндіден 5-ті азайтса, айырма 7-ге тең болады. Самат қандай сан ойлады? (360)

4) Төрт қабатты үйде Сәкен Жомарттан жоғарғы қабатта тұрады, бірақ Мұраттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарғы қабатта тұрады. Кім қай қабатта тұрады? (М-4, С-3, Ж-2, Е-1)

5) Мың қой жайылып жүр. Осы мың қойдың аяғында неше бақайшақ бар? (Бір қойда 8 бақайшақ болады. 8000)

6) Жыланның ұзындығы 60 см. Метрдің қанша бөлігін құрайды?

7) Жаңа туған пілдің баласы бір тоннаның бөлігін тартады. Ол неше кг болғаны?

8. «Логикалық есептер» бөлімі бойынша қазылар алқасының бағасы

9. «Барлығы да есімде» (Бөлім есебін шығаруға әр топтың 1 мүшесі өз қалаулары бойынша шақырылады) Шарты: «+» (ия) немесе «-» (жоқ) белгісімен кестені толтырады.



Параллелограмм



Ромб

Тік төртбұрыш

Квадрат

Трапеция

1. Қарама - қарсы қабырғалары параллель және тең

+

+

+

+



2. Барлық қабырғалары тең.



+



+



3. Қарама - қарсы бұрыштары тең және бір қабырғаға іргелес бұрыштарының қосындысы 180°



+



+



+



+



4. Барлық бұрыштары тік.





+

+



5.Диагоналдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

+

+

+

+



6. Диагональдары тең





+

+



7.Диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады және бұрыштарының биссектриссасы болып табылады.



+







8. Тек екі қабырғасы ғана параллель дөңес төртбұрыш









+

9. Тең бүйірлі . . . табанындағы бұрыштары тең





+

+

+

10. Топтық тапсырмалар. «Дәл жауапты табайық». (Тапсырмалардың жауабын топ болып тауып, кезектесіп жауап беру)

1 топқа тапсырма

1. Катеттері 3 - ке және 4 -ке тең тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы . . . тең.

2. Трапецияның параллель қабырғалары . . . деп аталады.

3. 30 ° - қа қарсы жатқан катет . . . тең.

4. Трапецияның әртүрлі неше биіктігін жүргізуге болады?

5. 3 доғал бұрышы бар төртбұрыш болуы мүмкін бе?

6. Қабырғасы 5 см болатын квадраттың ауданын табыңыз.

7. Алты 4 цифры арқылы 100 санын жазыңыз.

2 топқа тапсырма

1. Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы . . .

2. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 5 және 12 -ге тең, диагоналы . . .

3. Катеттері 6 - ға және 8 -ге тең тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы . . . тең.

4. Трапецияның параллель емес қабырғалары . . . деп аталады.

5. Ромб диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады және . . . болып табылады.

6. Трапецияның орта сызығы . . . тең.

7. Алты 4 цифры арқылы 100 санын жазыңыз.

3 топқа тапсырма

1. Қабырғасы 6 см болатын квадраттың ауданын табыңыз.

2. Параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан . . . бөледі.

3. Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы . . .

4. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 15 және 20 - ға тең, диагоналы . . .

5. Дөңес төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы неше градус?

6. Параллелограмм бұрышының биссектрисасы оны . . . бөледі.

7. Алты 4 цифры арқылы 100 санын жазыңыз.

4 топқа тапсырма

1. Өзінің диагональдары арқылы тең қабырғалы екі үшбұрышқа бөлінетін параллелограмм болуы мүмкін бе?

2. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 9 және 8 -ге тең, диагоналы . . .

3. 30 ° - қа қарсы жатқан катет . . . тең.

4. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы . . .

5. Үшбұрыштың орта сызығы . . . тең.

6. Кез - келген ромб . . . болады.

7. Алты 4 цифры арқылы 100 санын жазыңыз.



Топтар берілген дәл жауабын іздеп жатқанда, көрермендерге ұсынылған математикалық жұмбақтар:

1. Тақтада көрсетілген 81 саннын 63- ті алып, ал 86 санына 12- і қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады.



2. Айналған теңдеу шешу құралына,

4 саны араласқан құрамына.

Теңдеудің түбірлері нешеу деген,

Қандай сөз жауап берер сұрағыма ?

3. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтассың сен оны.

4. Тіреусіз күмбез,

Ірге тассыз ғимарат.

Сылақсыз қабырға,

Тұтқасыз есік.

5. Декабрь қай елдің сөзі, қандай мағына береді? (грек сөзі, оныншы деген мағына береді)

5.Мен жаңылмаймын (ойын).

- Жүргізуші: ойыншылардың бірін шақырып:

  • Нешеге дейін санай аласыз?

  • Қане, батылдырақ айт. Жүзге дейін? Мыңға дейін? Жақсы! Ендеше біз сенен дауыстап санауыңызды сұраймыз. Миллионға дейін емес, әрине 30 -ға дейін.

  • Ойын шарты 3 санын және 3-ке бөлінетін сандарды сен айтпауың керек(6, 9, 12..) сонымен қатар 13 , 23 сандарды да айтпайсың, оның орнына жаңылмаймын деп айтуың керек. Мысалы: 1, 2, жағылмаймын, 4, 5, жаңылмаймын ал кеттік тез -тез 30 -ға дейін санап шық!

11. «Барлығы да есімде» және «Дәл жауапты табайық»бөлімдері бойынша қазылар алқасының бағасы.



12. Топтық тапсырма - ойын «Сынық шаршылар». Бөліктерге бөлінген 6 бірдей шаршыны қайта жинап қалпына келтіру, құрастыру



13. Қатысушы топтар шаршылар құрастырып жатқанда «Төртбұрыштар туралы жыр жолдарын» жанкүйерлер оқиды:

1. Мен төртбұрышпын,

Көп бұрыштың бірімін.

Үшбұрыштан болсам да жас,

Бірақ одан ірімін.

2. Қабырғаларымның тұрысына қарай,

Бір - бірімен жасайтын бұрышына қарай:

Тік төртбұрыш, параллелограмм, трапеция

Ромбы, шаршы болып бөлінем.

3. Математиканы білместерге,

Құбыжық болып көрінем!

Бар бұрышым тік болса,

Тік төртбұрыш деп атаған.

4. Қарама - қарсы қабырғам,

Параллель әрі тең болса,

Іргелес жатқан бұрыштар,

Бірінен - бірі кем болса,

Қосындысы бірақ та,

180° - қа тең болса,

Параллелограммдеп аталам!

5. Бұрыштарымды қоссаңыз,

360° - қа тең болады.

Бұл қасиетімді білмейтіндер,

Басқаларға жем болады.

6. Ромбы атты бауырым,

Бәрінен де сымбатты.

Білімділер кеудеге

Тағады заттай қымбатты.

7. Трапеция туыстың

Ашуы мүлде тым қатты.

Параллелограмм атасын,

Жартылай ғана тыңдапты.

Сондықтан да қос табан,

Параллель болып қалыпты.

Қалған екі қабырға,

Өздерінше орын алыпты.

Сөйтсе де бұл туысты,

Тастамай адам далаға.

Гүл егетін ыдыс қып,

Сыйлаған екен балаға!

14. « Төртбұрыштар қазақтың ою - өрнегінде және көрпе - төсегінде» жасап әкелінген жұмыстар көрмесін таныстыру және қорғау.

15 . «Сынық шаршылар», « Төртбұрыштар қазақтың ою - өрнегінде және көрпе - төсегінде» жасап әкелінген жұмыстар көрмесі кезеңінің ұпайларымен таныстыру.

16. Жарыс нәтижесін жариялау. Жеңімпаздарды мараппаттау, қазылар алқасының түйін сөзі.

17. Мұғаімнің қорытынды сөзі:

« Білем» деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды

Көз жұмғанша оқыған

Көз көп нәрсені тоқиды.























Білім деген байлық бар

Еш байлық оған жетпейді

Жасыңда оқып жиып ал,

Тепкілесең кетпейді

Ұрылар да тимейді

Өртіңе ол күймейді,

Жатып ішер жамбастап

Жалқауды ол сүймейді.

өрт

















</ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС: ТӨРТБҰРЫШТАР ӘЛЕМІ













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал