7


  • Учителю
  • Математика сабағында көрнекілікті пайдалану тиімділігі

Математика сабағында көрнекілікті пайдалану тиімділігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік. Көруге болатынды - көрсету, есіте алатынды - есті
предварительный просмотр материала



Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы «Экономика және бизнес» №24 арнаулы лицейінің математика пәнінің мұғалімі педагогика ғылымдарының кандидаты С.Н. Ибраева

Математика сабағында көрнекіліктері пайдалану мүмкіндіктері

Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.

1. Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.

  • Көруге болатынды - көрсету, есіте алатынды - естірту, сезіне алатынның бәрін -оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу.

  • Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

  • Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету.

  • Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады.

  • Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады.

  • Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр-түсін байқап, көзімен көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.

  • Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады.

  • Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады.

  • Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады.

  • Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.

  • Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.

  • Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану.

  • Көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.

Бүгінгі күнде жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін қолдана отырып, математика сабағына қызығушылығынарттыруда, жаңа сабақты түсіндіруде нақтыдан абстактіге немесе абстрактіден нақты жетелейтін құрал ретінде, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда сабақта пайдаланып отырған құралдар

  • Электронды оқу құралдары

  • Флипчарттар

  • Презентациялар

  • Программалар



Электронды оқу құралдары

Өзара параллель a, b жазықтықтарын және a жазықтығында жататын радиусы r, центрі O болатын L шеңберін қарастырайық. L шеңберінің әрбір нүктесінен a жазықтығына перпендикуляр түзулер жүргіземіз. Бұл түзулердің a және b жазықтықтарының арасында орналасқан кесінділері цилиндрлік бет құрайды. Кесінділер цилиндрлік беттің жасаушылары деп аталады. АА1, ММ2 және басқа жасаушылар кескінделген).

Салуымыз бойынша жасаушылардың a жазықтығында орналасқан ұштары Lшеңберін толықтырады. Ал жасаушылардың b жазықтығында орналасқан ұштары центрі О1, радиусы r шеңберін толықтырады, мұндағы О1 нүктесі О нүктесі арқылы өтетін a жазықтығына перпендикуляр түзу мен b жазықтығының қиылысу нүктесі. Бұл пікірлердің дұрыстығы мынадан шығады: жасаушылардың b жазықтығында жататын ұштарының жиыны L шеңберін векторына параллель көшіргенде алынады. Параллель көшіру қозғалыс болып табылады, демек, ол беттестіру де болады, ал беттестіруде кез келген фигура өзіне тең фигураға көшеді. Олай болса, векторына параллель көшіруде L шеңбері оған тең центрі О1 нүктесінде, радиусы r болатын L1 шеңберіне көшеді. Шекаралары L және L1 шеңберлері болатын екі дөңгелекпен және цилиндрің бетпен шектелген дене цилиндр деп аталады. Цилиндрлік бет цилиндрдің бүйір беті, ал дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады. Цилиндрлік беттің жасаушылары цилиндрдің жасаушылары деп, ал ОО1 түзуі цилиндрдің осі деп аталады. Цилиндрдің барлық жасаушылары өзара параллель және параллель a, b жазықтықтарының арасында орналасқан кесінділер болғандықтан, олар өзара тең. Жасаушының ұзындығы цилиндрдің биіктігі деп, ал табанының радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады. Цилиндрді тік төртбұрышты бір қабырғасынан айналдыру арқылы да алуға болады. АВСD тіктөртбұрышын АВ қабырғасынан айналдырғанда пайда болған цилиндр кескінделген. Бұл жағдайда цилиндрдің бүйір беті СD қабырғасын айналдырғаннан, ал табандары ВС мен АD қабырғаларын айналдырғаннан алынады. Цилиндрді әр түрлі жазықтықтармен қиғандағы қималарын қарастырайық. Егер қиюшы жазықтық цилиндрдің осі арқылы өтсе, онда оның қимасы екі қабырғасы жасаушылар, ал былайғы екі қабырғасы цилиндр табанының диаметріне тең болатын тіктөртбұрыш болады. Мұндай қима осьтік қима деп аталады. Егер қиюшы жазықтық цилиндрдің осіне перпендикуляр болса, онда оның қимасы дөңгелек болады. Шынында да, егер g - жоғарыдағыдай қиюшы жазықтық болса, онда ол қарастырылып отырған цилиндрден цилиндр болатын денені қияды. Бұл цилиндрдің табандары екі дөңгелек, олардың біреуі қарастырылып отырған қима болып табылады.






  • Флипчарттар



  • Презентациялар



  • Программалар



1. Geoqebra программасы

2. Falco Graph программасы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал