- Учителю
- Қосу және азайту амалдарының байланысы
Қосу және азайту амалдарының байланысы
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарының байланысы.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу мен азайту арасындағы өзара байланысты балаларға көрсету; Мысалдар төрттігін құрастыруға үйрету.
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабіліеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап, ізденушілік
Сабақтың көрнекіліктері: сандар,
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
І. Психологиялық дайындық
Күнде шат күліп күн,
Шаттанамыз бәріміз.
Өміріміз көңілді,
Мәңгілік достықпен,
Мақтанамыз бәріміз.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жұмыс: 50 бет.
«Бір немесе көп затты тап», «Сандарға реті бойынша өз орнын табуға көмектес» .
IІІ. Жаңа материалмен таныстыру
Жаңа материалды оқып - үйрену.
1)3 қызға тағы 2 қыз келіп қосылды. Неше қыз болды?
2) Егер 2 қыз кетіп қалса, неше қыз қалады? Мұны қандай амалмен көрсетуге болады? ( 5-2 =3 ). Ал егер 3 қыз кетіп қалса ше. (5-3 =2).
Оқулықтағы №1 талдау.
№2 -ні дәптерге орындау
3+2 3+1 1см+4см
2+3 1+3 4см + * см
5-3 4-3 5см - * см
V. «Ойлан, тап » ойын
№3 ауызша орындау.
Сандар құрамын айту.
2 3 4 5
Тұрғындардың мекен жайын анықтайтын тапсырмамен №4 оқушылар алғаш рет кездесіп тұр. Тұрғындардың орналасуын дұрыс айтуға үйрету керек- алдымен подъезді, содан соң қабатты анықтайды.
№5 тапсырмадағы сурет бойынша ұжыммен тақтада өрнек құрастыруға болады.
VI.Сергіту сәті.
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп -теріп алайық
Қалтамызға салайық
VII.Дәптермен жұмыс 41 бет №1 тапсырма оқулықтағы №1 -ге ұқсас. алдымен 1 суреттегі бос торкөздерді сандармен толтырады. Амал компонент-терінің атауларын пайдалана отырып, өрнектерді оқиды.
Содан кейін балаларға екі түрлі түсті қарындашпен қоршаудың ішіне дөңгелек (үшбұрыш) сызу ұсынылады. Қосу мен алу компоненттерімен өзара байланыс орнатылады.
№ 3 тапсырма орындатылады.
Өздік жұмыс №4 -42 бет. Берілген сандардың құрамын нүктелер арқылы көрсету.
VIIІ.Сабақтың қорытындысы.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау