- Учителю
- Ашық сабақ 'Рационал бөлшектерді қосу және азайту'
Ашық сабақ 'Рационал бөлшектерді қосу және азайту'
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін үйрену, рационал бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындауды үйрену.
ә) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденуге, өз бетімен есеп шығаруға тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Оқушыларды тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алуға, нақты жауап беру қасиеттерін дамыту.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Блум жүйесін қолдану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме карточкалар, кітап.
Сабақтың жүрісі: ІҰйымдастыру.(оқушыларды түгендеу)
ІІ. Білу. (үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ. Түсіну. (жаңа сабақ түсіндіру)
ІV. Талдау (оқулықпен жұмыс)
VІ . Жинақтау (сәйкестендіру тест)
VІІ. Қорыту (бағалау, үйге тапсырма беру)
І. Білу:
1. Рационал бөлшек деп нені айтамыз?
2. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
3. Жай бөлшектерді қосу және азайту ережесі қалай айтылады?
4.Қандай қысқаша көбейту формуласын білесіңдер?
5. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
ІІ. Түсіну. Жаңа сабағымыз «Рационал бөлшектерді қосу және азайту»
Рационал бөлшектерді қосу үшін, жай бөлшектерді қосу ережесі орындалады.
-
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін бөлімі өзгеріссіз жазылады, ал алымдары қосылып алым етіп жазылады.
Мысалы:
1. 2.
-
Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді азайту үшін, азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазамыз, бөлімі өзгеріссіз қалады.
Мысалы:
-
Бөлімдері әр түрлі рационал бөлшектерді қосу және азайту үшін мына алгоритмді қолданамыз.
а) бөлшектердің бөлімдерін көбейткіштерге жіктейміз.
ә) бөлшектің ортақ бөлімін табамыз.
б) әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін табамыз.
в) әрбір бөлшектің алымы мен толықтауыш көбейткішін көбейтеміз.
г) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) амалын орындаймыз.
Алгоритмді пайдаланып, есептер шығарайық.
1.
2.
3.
ІІІ. Қолдану . Ауызша есептеулер.
ІV. Талдау. Оқулықпен жұмыс
256 есеп.
1.
2.
3.
4.
257 есеп.
1. 3.
2. 4.
258. есеп
1.
2.
3.
V. Жинақтау. Сәйкестендіру тест
VІ. Қорыту.
Сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
Үйге тапсырма: 260 есеп
Бағалау.
Аудандық мұғалімдер олимпиадасына
«Жауынбай Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы»
Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов
атындағы жалпы білім беретін орта мектептің математика
пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Ақдәрі Орпабайқызы
2011жыл