7


  • Учителю
  • Урок для 8 класса «Қаздар қайтып барады»

Урок для 8 класса «Қаздар қайтып барады»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: "Описание материала:Туған жер- киеліде қасиетті мекен. "Ата- бабаларымызтуған жерін өз арындай қорғаған. Қайда жүрсе де туған жердіңтопырағын өз жүректерің тұсында алыпжүрген Тағдыр тауқыметімен еліне кеткенталай қандастарымызға туған жердің бір уыс топырағыбұйырмаға
предварительный просмотр материала

Өтепова Салиха Қамбарқызы

Астана қаласы №8 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Сынып : 8 .

Сабақ тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылы:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік:Оқушылардың бойында Отанына, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдіс - тәсілдері: Зерттеу, әңгімелеу, дәлелдеу, зерделеу, тест тапсырмалары

Көрнекілігі: Суреттер, тест сұрақтары ,кесте

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу

2. Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ - жауап:

1. М. Мақатаев қандай ақын?

2. Ақын өлеңдерін қандай тақырыпқа жазған?

3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы не?

4. Қандай киелі аң - құстарды білесіңдер?

5. Олардың киелігі неде?


ІІІ Жаңа сабақ өту. Мағынаны ашу

1 . Қ. Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу

Өмірдерек

Шығармалары

Қ. Жұмаділов 24. 04. 1936 жылы ҚХР Шыңжаң

өлкесі, Тарбағатай ауданында туған. Балалық

шағы Қытайда өткен.

1956 ж. ҚазақҰУ оқуға түседі

1958 ж. Қытай мемлекеті қайта шақырып алады.

1962ж. бірталай қазақ жастары шекараны бұзып өтеді де, жазушы оқуын Қазақстанда аяқтайды.

Жұмыс жолын «Қазақ әдебиеті», «Жазушы» баспасында бастайды.

1983 ж. Жазушылар Одағы сыйлығының иегері,

1990ж. Қазақстан сыйлығының иегері,

1998 ж. Қазақстан халық жазушысы атағы беріледі

1954 ж. алғашқы өлеңдер жинағы жарық көреді

Жалпы: 1 өлеңдер жинағы,

10 роман, 5 хикаят, әңгіме, мақалалары бар.

2003/2004 ж.ж. 12 томдық жинағы жарық көрді.

«Тағдыр», «Соңғы көш»- «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен тағдырлас туынды.

«Дарабаз» романы - қазақтың атақты батыры Қабанбай батыр өмірін суреттеп жазған туынды

Шығармалары: орыс, украин,

өзбек, белорус, ұйғыр,қырғыз тіліне аударылған.


Бүгін сендермен жазушының алғаш жазылған шығармасы , 60- жылдар оқиғасын

суреттеп жазған туындысы «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

Шығарманы талдаудан алдын, қазақ жерінде 30 -жылдарда болған зобалаң, қазақтың қайғылы да қасіретті күндерін еске түсіріп алайық.

-Қазақ даласында байлардың мал - мүлкін тәркілеу саясаты;

- 1 млн. астам қазақтың шетелге ауып кетуі,

- 1931/1933 ж.ж ашаршылықтың болуы;

- 2,1 млн. қазақтың қырылып, мыңдаған адамдардың көршілес елге, шет елге

қоныс аударуы

Қ. Жұмаділовтың « Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас ақсақал - осындай

тағдыр тауқыметімен елін , туған жерін тастап, шет елге кеткен қандастарымыздың бірі.

Қане, келіңдер, әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндап берейік.

( «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнын әңгімелету)


Шығарманың тақырыбы: Туған жерге деген сағыныш

Шығарманың идеясы: Туған жерді , атамекенін сүюге уағыздау

Шығарма тіліне тоқталып өту:

Көркем суреттеу

Шығармадан үзінді

Пейзаж

Тау іші. Иен дала . Ұшқан құс,жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі тарқап,

Таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп- сұрғылт. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстап, көкке жаншыла қарап тұр.

Портрет

Ұзын бойлы ,қапсағай қара шал

Суреттеу

Әлдекімге мұңын шаққандай еңкілдеп жылап жіберді. Сақалынан пора - пора жас ақты. Жер - ананы құшақтап сүйе берді. Біресе жылап, біресе күле береді

Байтас қарт Қытай жерінде 40 жылдан астам өмір сүрді, бірақ қазақтың салт -дәстүрі

мен ұлттық заттарын ұмытпай қолданып жүргенін шығармадан байқаймыз. Олар қандай заттар екенін табайық.

-Қоржын

- Торсық

- Саптыаяқ

- Домбыра


« Дәлелде»

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дегендей, тақтадағы мақал -мәтелдерде көп мағына бар.Сендер осы нақыл сөзге байланысты шығармадан оқиға үзіндісін әңгімелеп беріңдер

1. «Жол азабы- көр азабы»

2. «Бөрі азығы мен ер азағы жолда»

3. « Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

4. «Ерден айырылған көмгенше жылайды,

Елден айырылған өлгенше жылайды»

5. «Алла, атам деп жылатсаң да, балам деп жылата көрме»

6. «Өлі тоймай, тірі байымас»


«Зерделе»


Қайсар Мейірімді Қайсар Жомарт


Арманшыл Байтас қартқа мінездеме бер Өркөкірек


Намысшыл Кеңпейіл Сезімтал Қатыгез

Шығармашылық жұмыс:

1 топ «Туған жер - алтын бесік» шағын шығарма

2 топ «Дүниеден туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» ойтолғау

3 топ « Отан - алтын ұя» өлең


ІҮ Жаңа сабақты бекіту:

Тест сұрақтары


1.Қабдеш Жұмаділовтің туған жері

С) Қазақстан Т) Қытай У) Монғолия


2. Жазушының қазақтың атақта батыры Қабанбай туралы жазылған тарихи шығармасы

С) «Тағдыр» Т) «Соңғы көш» У) «Дарабоз»


3. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тақырыбы

Ғ) Туған жерге деген сүйіспеншілік Д) Табиғатты қорғау Ж) Аңшылық туралы


4. Байтас қарт еліне келер кезде асып өткен тау

А) Тарбағатай Ә) Алатау Б) Тибет


5. Қарттың немересінің қайтыс болу себебі

М) аурудан Н) аштықтан О) соғыста


6. Ақсақалдың тұмарында 40 жылдай сақтап келген зат

Ж) топырақ З) Құран сүресі К) өсиет


7. Қартың 40 жылдай арманы не еді?

Е) Туған жердің топырағына аяқ басу

Ж) Жасырып кеткен байлықты алу

З) Ата - баба зиратын келіп көру


8. Осы әңгімеге байланысты мақалды көрсет

О) «Өзіңді білуден жеңіс басталады»

Р) «Адамда бір ғана Отан, Бір ғана ана бар»

С) «Отты қозғаған өшіреді,

Қонысты қозғаған көшіреді»


Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

Т

У

Ғ

А

Н

Ж

Е

Р


Туған жер- киелі де қасиетті мекен. Ата- бабаларымыз туған жерін өз арындай қорғаған. Қайда жүрсе де туған жердің топырағын өз жүректерің тұсында алып жүрген Тағдыр тауқыметімен еліне кеткен талай қандастарымызға туған жердің бір уыс топы-

рағы бұйырмаған, еліне деген сағынышы мен сүйіспеншілігі ақтық демі қалғанша кеуделерінде от болып жалындаған.

Атақты ғалым Әбу Насыр әл - Фараби, Сұлтан Бейбарыс, Қарлығаш би атанған Төле би, күй атасы Құрманғазы, кешегі жазықсыз жазаланған, Алаштың ардақты азаматтарына туған жердің топырағы бұйырмаған.

1991 ж. кейін, еліміз Егемендік алғаннан соң, Елбасымыздың Жарлығы бойынша

«Ұлы көш» бағдарламасы бойынша жұмыс істелініп келеді. Кезінде шетел асып кеткен

қандастарымызды туған жер , атамекеніне қайтып келулеріне көптеген мүмкіндіктер мен материалдық көмектер, жұмысқа, жоғары оқу орнына түсуге жағдай жасалынуда.

Қорытынды. Ешқашан ешкімді туған жерінен айырмасын. Әркім өз кіндік қаны тамған мекенде өмір сүріп, елі үшін, жері үшін қызмет етіп, адал , ұлтжанды, елжанды азамат болып халқына қызмет етсін.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Қ. Жұмаділовтің басқа да шығармаларын оқу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал