7


  • Учителю
  • Презентация по математика тех.карта 3+

Презентация по математика тех.карта 3+

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен - кіші. Бір - көп».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ойыншық кірпі - 1 дана, шымылдық, әр балаға жай қарындаштан, жұмыс дәптері, бір зат бейнеленген суреттер: үстел, күн, ай, орындық және көп заттар: орындықтар,қасықтар, кітаптар, дәптерлер, таңертеңгілік бейнеленген сурет.

Сөздік жұмыс: таңертең, үлкен, кіші.

Билингвальді компонент: таңертең - утро, үлкен - большой, кішкентай - маленький.Балалардың

іс-әркеті

Мотивциялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт.

  • Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден.

(Кірпі)

  • Балалар, жұмбақ не туралы?

Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалрмен амандасады. Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

  • Сендер үлкендер мен балалар

таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

- Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ала балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал тнде ұйықтайды. Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар. Кірпі шымылдықтың артында тұрып тақпақты оқиды.

Таң.

Таң шапағы алаулап,

Дала нұрға боялды.

Мүлгіген бақ манаурап,

Ұйқысынан оянды.

Жүзін желдің өтіне

Тосты гүлдер желбіреп.

Жапырақтар бетіне

Мөп-мөлдір шық қонды кеп.

Қызығушылық танытады.









Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады.



-Кірпі туралы.



Кірпінің айтқанын балалр мұқият тыңдайды.







-Иә, білгіміз келеді.



Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.







Тақпақты тыңдайды.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Бұл қай кезде болады?»ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі оқу іс-әрекеттерін орындау.

(1-оқу іс-әркеті, 1-тапсырма.)

Тәрбиеші балалрға бірнеше сұрақтар қояды:

-Балалар, тақпақта тәуліктің қай мезгілі (бөлігі) туралы айтылған?

-Біз таңертең не істейміз?

Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын айтады.











-Бала не істеп жатыр?









«Үлкен және кішкентай» ойыны.

(2-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма.)

Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.

-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?



-Кірпілер бірдей ме?

-Олар қандай екен?

Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады: үлкен кесе үлкен кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.

Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді: үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай, кішкентай кірпіден кішкентай кесеге қарай салыңдар.

-Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді?

-Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді?

Сөздік жұмыс: таңертең (таң), үлкен, кішкентай.



Билингвальді компонент: таңертең (таң)-утро, үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Сергіту сәті:

Жаттығу жасаймыз!

Бір деп - тік тұрамыз.

Екі деп - екі рет айналамыз.

Үш деп - үш рет секіріп.

Төрт дегенде - отырамыз!

«Бір және көп»ойыны.

(3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.)

Кірпілер тек сүтті ғана емес, алманы да қатты жақсы көретінін айтады.

-Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен.

Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші. Кірпі мынадай сұрақ қояды:

-Ағашта неше алма бар?

-Жерде неше алма бар?

-Қай жердегі алма көп?

Кірпі ағаштағы өсіп тұрған бір алманы қоршап сызуларын тапсырады. Жеке көмек көрсетеді.

тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рахмет айтадырақмет айтып, қоштасады.

Тәрбиеші балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден»,-деп сұрайды.

Түскі ас кезінде тәрбиеші балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың ішіндегі жемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді. Текшелермен, пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударын отырады.



























































Жұмыс дәптерлерін алады.



-Таңертең (таң) туралы.



-Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз.

Кірпінің айтқанын тыңдайды.



-Бала оянып,жуынып, жаттығу жасап, таңғы асын ішіп отыр.





Балалар сұрақтарға жауап береді:

-Кірпілерді көріп тұрмыз.

-Әртүрлі.

-Үлкен және кішкентай.





Балалар берілген тапсырманы орындайды.

-Үлкен кеседен ішеді.

-Кішкентай кеседен ішеді.

Қайталайды.





Балалр жаттығу жасайды. Бойларын тіктеп тұрады.

2 рет айналады.

3 рет секіреді.

Отырады.



Балалар мұқият тыңдайды.



Балалар жауап береді.

-Бір алма бар.

-Көп алма бар.

-Жердегі алма көп.











Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балалрға рақмет айтып,қоштасады.

Тәрбиеші балалардан: «топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден»,-деп сұрайды.

















Түскі ас кезінде тәрбиеші балалрға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың ішіндегі жемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді.

Текшелермен, пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балаардың назарын олардың көлеміне аударып отырады.

Кірпімен қоштасады



Үлкен орындық біреу, ал кішкентай орындықтар көп, аквариум біреу, ал гүл көп, сағат біреу, ал ойыншықтар көп, үлкен үстел біреу, кішкентай үстелдер көп.



Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Картинаны тап» ойыны

Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып атайды.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: заттардың көлемі мен санын, тәулік мезгілін - таңды атайды;

Түсінеді: заттардың көлемі бойынша (үлкен-кішкентай) және саны бойынша (біреу-көп) болатынын;

Қолданады: қарындашпен жұмыс істеуді, көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.





























































Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Кеш.Үлкен-Кіші. Бір - көп».

Мақсаты:таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ойыншық-бауырсақ, «Бауырсақ» ертегісінің үнтаспалық жазбасы; күн, үлкен және кішкентай дөңгелектер бейнеленген суреттер. Жұмыс дәптері, әр балаға қызыл, көк түсті дәптерлер.

Сөздік жұмыс: күндіз, дөңгелек.

Билингвальді компонент:Кеш-вечер,үлкен-большой,кішкентай-маленькийМотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт.

«Бауырсақ» ертегісінен үзінді қояды.



Балалардан сұрайды:

-Ертегі не туралы екен?

Тәрбиеші Нұрсұлтан Әлімқұловтың өлеңін мұқият тыңдап, өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай бөлігі туралы айтқанымызды еске түсірулерін сұрайды.

Таң

Қызыл арай таң атты,

Қырдан жңа асып күн.

Ақ сәулесін таратты,

Мен сол таңға ғашықпын.



Ұлан байтақ Отанды

Таң нұрына бөледі.

Ерте оянып, сол таңды

Күнде көргім келеді.

Тәрбиеші сұрақ қояды:

-Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

«Бұл қай кезде болады?» ойыны.

Жүмыс дәптеріндегші 1- оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма

Тәрбиеші күндізгі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді.

-Балалар, мен қай уақыт бөлігі туралы әңгімеледім?

-Біз күндіз не істейміз?



-Суретте не бейнеленген?



-Балалар не істеп жатыр?

«Дұрыс ата» ойыны.

(2-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма)



Қызығушылық танытады.

«Бауырсақ» ертегісінен берілген үзіндіні тыңдайды.













Мұқият тыңдайды.

















Сұраққа жауап береді:

-Таңертең туралы.



Мұқият тыңдайды.





-Күндіз туралы.

-Ойнаймыз, серуендейміз, тамақтанамыз.

-Балалар алаңы, тал, гүлдер, ойыншықтар және т.б.

-Балалар ойнап жатыр.

Балалар атайды:

мұрын біреу, ауыз біреу, бала біреу.





Ұымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға суретті мұқият қарап, бір-біоден тұрған заттарды атап, оларды қоршап сызуды ұсынады.

«Ойыншықтар». Сергіту сәті.

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Сүт құйып ем күшікке,

Төгіп кеттің обал-ақ.



«Жауабын тап және суретін сал» ойыны



(2-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма).

Тәрбиеші балаларға дөңгелек заттарға байланысты жұмбақтар жасырады.

Жұмбақ

Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек,

Басы жоқ, аяғы жоқ дөп-дөңгелек.

Жерінде басып кеткен із қалады,

Осыны тапшы, сен, болсаң зерек.

(Дөңгелек)

Егер балалар жұмбақтың шешуін таба алмаса, Бауырсақ дөңгелек заттарды көрсетеді (доп, шығыршық, дөңгелек т.б.).

Сөздік жұмыс: күндіз, дөңгелек.



Билингвальді компонент: күндіз - днём, дөңгелек - круг.



Бауырсақ дөңгелеп, өзінің бұрыштары жоқ, геометриялық фигураның пішініне ұқсас екенін көрсетеді.

Бауырсақ балалардан суреттегі бағыт сызығын бойлай саусақпен жүргізіп шығуларын сұрайды.

Үлкен шеңберді нүкте бойымен қызыл қарындашпен, ал кішкентай шеңберді көк түсті қарындашпен бастырып сызуды тапсырды.

Жеке жұмыс жүргізеді

-Қай шеңберді қызыл қарындашпен сыздыңдар?

-Ал көк қарындашпен қай шеңберді сызыңдар?



Күн, Ай, Жер біреу және оларды қоршап сызады.



Балалар оларды қоршап сызады.









Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.



Балалар жұмбақтың шешуін табады.













Балалардың жауабы.





Қайталайды: күндіз, дөңгелек.

Қайталайды: Күндіз - днём, дөңгелек - круг.









Балалар берілген тапсырманы орындайды.









- Үлкен шеңберді.

- Кішкентай шеңберді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Бауырсақ ертегіге қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады.

  • Сендер тәуліктің қай мезгілін білесіңдер?

  • Қандай геометриялық фигураны білесіңдер

  • Не біреу?







  • Күндіз туралы.

  • Шеңберді.

  • Жер, ай, күн, мұрын, ауыз, бала, біреу.





Күтілетін нәтижелер:

жасайды: геометриялық фигура - шеңберді, тәулік мезгілін - күндізді;

түсінеді: шеңбердің өлшемі әртүрлі болатынын;

қолданады: заттарды сезіну-қозғау арқылы зерттеу, қарындашпен жұмыс істеу дағдысы.









Білім беру саласы: Таным.

Бәлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Сол жақта - оң жақта. Заттарды сәйкестендіру. Дөңгелек».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншық қоян, перде, заттардың оң жақ пен сол жақ екенін көруге болатын сурет, әр балаға жұмыс дәптері және жай қарындаштар.

Сөздік жұмыс: оң жақта, сол жақта, дөңгелек.

Билингвальді компонент: сол жақта - слева, оң жақта - справа, дөңгелек - круг.









Мотвациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт.

Жұмбақ жасырады:

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян.)

  • Сендер мұның не екенін білдіңдер ме?

Перденің артынан қоян шығады.

Балалар амандасады.

Қоян балалардан өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай бөлігі туралы әңгімелегендерін еске түсіруді сұрайды.

Қызығушылық танытады.

Тыңдап, шешуін айтады: қоян.



-Иә, бұл - қоян.





Балалар сұраққа жауап береді: таңертең, күндіз, кеш, түн.





























Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Не қайда тұр?» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 5-оқу іс-әрекеті,

1-тапсырма.

Педагог жұмбақ жасырады:

«Қалқиған екі құлағы,

Тырс етсе зытып тұрады.

Өзі ноян,

Бұл қорқақ...» (Қоян.)

Қоян өзін суреттен табуын сұрайды.

Қоян балаларға мынадай сұрақтар қойып, олармен әңгімелеседі:

-Менің сол жағымда не отыр?

-Менің оң жағымда қандай аң отыр?

Сергіту минуты. «Қоян».

Ыршып-ыршып секіріп,

Қоян келді кеңкиіп.

Аяқтары жаураған,

Қолдары да жаураған,

Жылытпақ боп тырысты

Жүгірді де қуысты.

Бір жоғары, бір төмен

Жүр аяқтың ұшымен.

Секіреміз, отырамыз,

Аяқтарды жылытамыз.

«Жеткілікті ме?» ойыны.

(5-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма)

Қоян балаларға өлең оқып береді:

Маң-маң басқан, маң басқанғ

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

(Халық ауыз әдебиеті.)

Педагог балаларға мынадай сұрақтар қояды:

-Бұл өлең не жайында?

-Балалар көп пе, әлде түйе көп пе?



-Балалар бір-бір түйеден алғысы келеді.

Түйе жете ме?

Тексеріп көрейік: әр балаға өз түйесіне баратын жол салайық.

«Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды» ойыны.

(5-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.)

Суретті көрсетіп, ондақандай заттардың суреті салынғанын сұрайды.

Дөңгелек пішінді заттарды бояуға тапсырма береді.

-Дөңгелек пен доп қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Жеке жұмыс жүргізеді.

Сөздік жұмыс: сол жақта, оң жақта, дөңгелек.



Билингвальді компонент: сол жақта -слева, оң жақта - справа, дөңгелек - круг.

Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады.









Балалар суреттен қоянды табады.







-Түлкі отыр.

-Қасқыр.



Балалар тақпақтың мәтіні бойынша қимыл-қозғаулыстар жасайды.































Балаларға сұрақтарға жауап береді:

-Түйе туралы.

-Бала қанша болса, түйе де сонша.

-Иә.



Балалардан түйеге дейін жол салады.







Атайды:

-Шар, дөңгелек, доп, қияр.

Доп пен дөңгелектің суретін бояйды.

-Дөңгелекке.





Қайталайды: сол жақта, оң жақта, дөңгелек.



Қайталайды: сол жақта - слева, оң жақта - справа, дөңгелек - круг.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қоян тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтады. Балалармен қоштасады. Сұрақ қояды:

-Біз қарындашты қай қолымызбен ұстаймыз?

-Енді, сол қолдарыңды көтеріңдер.



-Біздің тобымыздағы дөңгелек пішінді заттарды атап беріңдерші?

Балалар қуанады.



Қоянмен қоштасады.

-Оң қолымызбен.



Сол қолдарын көтереді.



Балалар атай бастайды.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: заттар мен фигуралардың саны бойынша әртүрлі топтарын атайды;

түсінеді: сол жақты - оң жақты, қанша болса, соншаны;

қолданады: қоршаған ортадан дөңгелек пішінді заттарды таба білуді.





















Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта - оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: жұмбақтар мен тәулік мезгілдері бейнеленген суреттер салынған сандық. Әр балағажұмыс дәптері, жай қарындаштар, бағдаршамға арналған жапсырмалар; дөңгелек шамдар (қызыл, сары, жасыл).

Сөздік жұмыс: оң жақта, сол жақта.

Билингвальді компонент: сол жақта - слева, оң жақта - справа.Ғажайып сәт.

Балабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтың балаларына сандық әкеліпті.

-Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар екенін көрейік.

-сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ оларды білімнің арқасында алуға болады екен.

«сөйлемді аяқта» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 6-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.

Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады:

-Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ... ішеміз.

-Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз.

-Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ... .

-Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз.

Педагог балалардан суреттегі әр уақыт мезгілін атауды сұрайды.









Қызығушылық танытады.











-Күндіз.



-Кешке.

-Түнде.

-Таңертең.



Жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Айырмашылығын тап» ойыны.

(6-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма)

Педагог балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды.

-Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма?

Айырмашылықты тапқаннан кейін ортадағы тіктөртбұрышқа қанша айырмашылық тапса, сонша шеңбер салу керектігін түсінеді.



-Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар?

Жекелеген балаларға көмек көрсетеді.





«Апельсин»

Саусақтарымызды жаттықтырамыз.

Бір апельсинді бірнеше бөлікке бөлеміз, өйткені біз көппіз.

Бір бөлігі - кірпіге.

Бір бөлігі - қоянға.

Бір бөлігі - үйрекке.

Бір бөлігі - мысыққа.

Бір бөлігі - тышқанға.

Ал қабығы - қасқырға.

«Шамдарды жақ» ойыны.

(6-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.)

Педагог өлең оқып береді:

Бас көшеде қырағы,

Үш көзді дәу тұрады.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп біл үш сөзін.

Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта, баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Жүре бергін, жасқанба.

(Ә. Табылдиев)

Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Бұл өлең не туралы?

Балалар, дәптердегі бағдаршамның суретіне қараңдар.

-Суретте неше бағдаршам бар?

-Оның неше көзі бар екен?

-Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

-Олардың түстері қандай?

Педагог:

-Балалар, бағдаршамның көздері сөніп қалыпты. Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.

-Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?

-Онда тәрелкедегі дөңгелектерді (сары, қызыл, жасыл) алып, бағдаршамның төменгі көзінен бастап жағамыз.

Балалар суретке мұқият қарайды. Сандықтардың бір-бірінен айырмашылығын табады.

-Оң жақтағы сандықта құлып жоқ, ал сол жақтағы да бар.

Сол жақтағы сандық оюланған, ал оң жақтағы сандықта ою жоқ. Оң жақтағы сандықтың аяғы бар, сол жақтағысында жоқ.









Балалар тақпақтың мәтініне қарай саусақтарын кезек-кезек бүгеді.













Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.























-Бағдаршам туралы. Балалар суретті қарастырады.

-Бір.

-Көп.

-Шеңберге.

-Әртүрлі.



Балалар жапсырмаларды бағдаршамның көздеріне жапсырады.

-Иә!

Балалар бағдаршамның көздерін жапсырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог:

-Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?





Педагог балалардан алдымен солға бұрылып сол жақтағы көршісін, содан соң оңға қарап, оң жақтағы көршісінің атын атауды сұрайды.

Сұраққа жауап береді:

-Таңертең, күндіз, кеш, түн.

Балалар алдымен басын солға бұрып, сол жақтағы көршісін атайды, содан соң оңға бұрылып, оң жақтағы көршісін атайды.



Күтілетін нәтижелер: жасайды: таң, күндіз, кеш, түн - тәулік мезгілдерін; түсінеді: қағаз бетінде оң жақты, сол жақты бағдарлауды; қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.









Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Шаршы. Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздердісөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және санына қарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: бір-бірден үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар. Әр балаға жұмыс дәптерлері, қызыл және көк түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Шаршы.

Билингвальді компонент: шаршы - квадрат.Ғажайып сәт.

Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?» - деп сұрайды.

-Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік.



-Балалар, аю бізге геометриялық фигура - шаршыны ала келіпті.

Аю:

-Балалар, сендер қандай геомертиялық фигураларды білесіңдер?

-Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала келдім. Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай фигураның суретін табыңдар.



Қызығушылық танытады.

«Аю», - деп жауап береді.



Педагогпен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады.







-Шеңбер.



-Иә.

Дәптерлерін ашып, суретті табады.



Ұйымдастыру

шылық-

ізденістік

«Шаршыны бастырып сыз» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 7-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.

Жаңа геометриялық фигураны - шаршыны қарастыруларын сұрайды.

Сөздік жұмыс: шаршы.

Билингвальді компонент: шаршы - квадрат.



Педагог балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады.

Сұрақтар:

-Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?

-Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?

-Сендер бастырып сызған геомериялық фигура қалай аталады?

Жеке жұмыс жүргізеді.

«Жауабын кім табады?» ойыны.

(7-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма.)

Педагог балаларға екі қыздың суретін көрсетеді.

-Бұлар апалы-сіңлілі қыздар, олар бір-біріне қатты ұқсайды. Ал олардың бір-бірінен айырмашылығын тек ең зерделі бала ғана таба алады.

-Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?









Сергіту минуты. «Маймақ аю».

Маймақ аю секілді ақырын маймаңдаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз. Аяғымыздың ұшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз.

«Жол көрсетіп жібер» ойыны.

(7-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма)

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

«Жазда қыдырады,

Қыста апанда жатып,

Тынығады». (Аю.)

Аю жұмбақтың өзі туралы екендігіне қуанады. Суреттен оны көрсетулерін және ол балды жақсы көретінін айтады. Балаларға сұрақтар қояды:

-Менің сол жағымда не бар?

-Ал оң жағымда не тұр?

Аю балалардан сұрайды:

-Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек?

Балаларға бал құйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырады.





Қарастырады.





Қайталайды: шаршы.

Қайталайды: шаршы - квадрат.





Тапсырманы орындайды.



Балалар жауап береді:



-Үлкен.



-Кішкентай.



-Шаршы.



















Балалар суретке назар аударады. -Қыздардың біреуінің бұрымы қысқа, ал екіншісінің бұрымы ұзын.

Педагогтің айтқанын орындайды.







Балалар жұмбақтың шешуін табады.







-Аю.

-Аралар.

Балалар жауап береді:



-Сол жағыңда ара бар.

-Оң жағыңда бал құйылған бөшке тұр.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін, балға қарай жол салғандары үшін балаларға геометриялық фигура --шаршыны сыйға тартады. Қоштасып, кетеді.

-Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлады?

Қуанады.







-Шаршы.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: Геометриялық фигураларды - шаршыны, шеңберді;

түсінеді: геометриялық фигураның - тіктөртбұрыштың айырмашылығын;

қолданады: қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды; оң жақта, сол жақта орналасқанды анықтауды.

















Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Алыс - жақын. Шаршы».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: ойыншық қоян - 1 дана, жұмыс дәптері, әр балаға жапсырмалар, жай қарындаштар.

Сөздік жұмыс: алыс, жақын, шаршы.

Билингвальді компонент: жақын - близко, алыс - далеко, шаршы - квадрат.















Мотвация

лық-қозғаушы

лық

Ғажайып сәт.

Балалрға қорапты көрсетеді. Қораптың аузы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе жатқанын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек екен.

Педагог Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпағын оқиды.

Қоян-қорқақ,

Көрпеңде бұқпа.

Балалармен ойна,

Далаға шық та.

Қорқақ, қорқақ,

Ұйқыңнан оян,

Оян, қорқақ, қоян!

  • Бұл тақпақ не туралы екен?

Тақпақты оқығаннан кейін, қраптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге тапсырманы орындағысы келетінін айтады.

«Алыс - жақын» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 8-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.

Педагог балалар мен қоянға суреттегі бие мен құлындарға қарауын ұсынады. Балалар сұрақ қояды:

-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Құлындардың түсі қандай екен?





-Ақ түсті құлындар биеге жақын тұр ма, әлде алыс тұр ма?

-Қара құлын биеден алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма?



Педагог енесінен алыста жүрген құлынды қоршап сызуларын сұрайды.







Қызығушылық танытады.







Тақпақты мұқият тыңдайды.













-Қоян туралы.













Сұрақтарға жауап береді:

-Биені, құлындарды.

-Біреуі қара, басқалары ақ түсті құлындар.

-Жақын тұр.

-Қара құлын алыста тұр.

Балалар тапсырманы орындайды.















Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

«Кім зейінді?» ойыны

(8-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма).

-Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдарды, торсықтарды) бір-біріне сызық арқылы қосып, аттарын атауларын сұрайды.

-Балалар, сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?

-Сандықтарды неге қоспадыңдар?

-Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рақмет, сендерге!

Сергіту сәті. «Қоян».

Ыршып-ыршып секіріп,

Қоян келді кеңкиіп.

Аяқтары жаураған,

Қолдары да жаураған,

Жылытпақ боп тырысты

Жүгірді де қуысты.

Бір жоғары, бір төмен

Жүр аяқтың ұшымен.

Секіреміз, отырмаыз,

Аяқтарды жылытамыз.

«Терезесін жапсыр». Ойын түріндегі жаттығу.

Жапсырмалармен жұмыс. 8-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.

Педагог:

-Пойызға мініп көргендерің бар ма?

Балалардың жауаптарына құлақ асады. Содан соң суретті көрсетіп, пойызда біздің қоянымыз кетіп бара жатқанын айтады.

Педагог сұрақтар қояды:

  • Пойызда келе жатқан қандай аң?

  • Пойыздың неше вагоны бар екен?

  • Пойыздың дөңгелегі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

  • Вагондардың терезесі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Сөздік жұмыс: алыс, жақын, шаршы.

Билингвальді компонент: алыс - далеко, жақын - близко, шаршы - квадрат.

Жеке жұмыс жүргізеді.





Балалар суретті қарастырады. Бірдей суреттерді бір-бірімен сызық арқылы қосады.

-Қамзолдарды және торсықтарды.

-Өйткені, сандықтың біреуінің қақпағы ашық, екіншісінікі жабық тұр.









Балалар тақпақтың мәтіні бойынша қиымл-қозғалыстар жасайды.

















Балалар сұраққа әртүрлі жауап береді.

Суретті мұқият қарайды.





-Қоян.

-Көп.

-Шеңберге.



-Шаршыға.



Қайталайды: алыс, жақын, шаршы.

Қайталайды: алыс - далеко, жақын - близко, шаршы - квадрат.



Рефлексия

лық-түзетушілік

Қоян балаларға тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады.

Педагог балалардың өзіне жақындауын сосын алысырақ барып тұруын сұрайды. Содан соң, өздерінен алыс және жақын тұрған заттарды атап берулерін өтінеді.

Қоянмен қоштасады.

Балалар педагогтің айтқанын орындайды. Өздерінен алыс және жақын тұрған заттардың атын атап көрсетеді.





Күтілетін нәтиже: жасайды: суреттегі, айналадағы заттардың орналасқан орнын (алыс-жақын) бір-бірінен ажырату және атап көрсетуді; түсінеді: кеңістікте заттардың орналасуын: алыс-жақын; қолданады: жапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын; заттарды салыстыруды.









Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Жоғарыда - төменде. Алыс - жақын. Логикалық тапсырма».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: «Сиқырлы дорба» - 1, әр балаға жұмыс дәптері, жай қарындаштар.

Сөздік жұмыс:жоғарыда, төменде.

Билингвальді компонент: жоғарыда - вверху, төменде - внизу.Мотвация

лық-қызығушы

лық

Ғажайып сәт.

«Сиқырлы дорба» ойыны.

-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды. Қолдарыңды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғанын айтыңдар.

Педагог қалған балаларға бір-бір ойыншықтан үлестіріп береді (мысық және тышқан).

-балалар, ойыншықтармен ойнағыларың келе ме?



2-3 бала дорбаға қолдарын салып ойыншықтарды атайды.





-Ойнағымыз келеді.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

«Мысық-тышқан» ойыны.

Педагог:

-Балалар, мен мысық ұйықтап жатыр дегенде, тышқандар мысыққа жақындайды. Ал мысық оянды деген кезде тышқандар мысықтан алысқа қашуы керек.

«Жоғарыда-төменде» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 9-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.

Педагог балаларға саты туралы жұмбақ жасырады.

Әр өрнегін мінемін,

Өрге қарсы жүремін.

Басқан сайын қадамды,

Ұстап келем білегін. (Саты).

Дәптерден сатының суретін табуды ұсынады.

Сұрақтар қояды:

-Сатының жоғарғы жағында кім тұр?

-Сатының төменгі жағында кім тұр?

-Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеу керек?

-Сонда ол қай жерде болады?

-Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеу керек?

-Сонда, ол қай жерде болады?

Сөздік жұмыс: жоғарыда, төменде.

Билингвальді компонент: жоғарыда -вверху, төменде - внизу.

Сергіту сәті.

Саусаққа арналған жаттығу. Педагогтің қалауы бойынша орындалады.



«Шаршыны тап және қорша» ойыны.

(9-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма).

-Балалар, маған мына суреттегі заттарды атап беріңдерші?

Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсайтын заттарды тауып, атап көрсетуді және оларды қоршап сызуды тапсырды.

Жеке жұмыс жүргізеді.



Мұқият тыңдап, педагогтің айтқаны бойынша орындайды.







Жұмбақтың жауабын шешеді: саты.



Орындайды.



-Ұл бала.

-Қыз бала.

-Жоғары көтерілуі керек.

-Жоғарыда болады.

-Төмен түсуі керек.

-Төменде болады.

Қайталайды.

Қайталайды.





Педагогтің айтқанын орындайды.

Балалар суреттегі заттардың атын атайды: үй, Күн, алма, шырша, шар, теледидар, текше, үшбұрыш.

Балалар текшені, теледидарды қоршап сызады.

Рефлексия

лық-түзетушілік

«Ұшты, ұшты» ойыны.

Педагог балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың (ұшақ, тікұшақ, шар, зымыран, батпырауық, қасық, гүл, бала және т.б.) атын атауды сұрайды.

Балалар ұшатын зат айтылса қолдарын жоғары көтереді, ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді.





Күтілетін нәтижелер:

жасайды: кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді: алыс - жақын, жоғары - төмен;

түсінеді: заттардың кеңістікте орналасу бағдарын: жақын - алыс;

қолданады: заттардың геометриялық фигуралармен салыстыру дағдысын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал