7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара 'Озық болсаң, ойлап көр' (5-сынып)

Сыныптан тыс шара 'Озық болсаң, ойлап көр' (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектеп" МЖ




Тақырыбы: "Озық болсаң, ойлап көр"

(5-сыныптар)


Өткізетін: Джанбырбаева Айнур Кадыровна


2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: "Озық болсаң, ойлап көр"

«Адамның ақыл - ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді»

О.А. Жәутіков

Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, табандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Өз ойын толық айтуға, дәлелдеу алуға, мәселелерді шеше білуге бағыттау.

Пәнаралық байланысы: Математика, информатика,қазақ тілі.

Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.


Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.

2. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
3. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады:

1-кезең Ғажайып жетілік

2-кезең Логикалық есептер

3-кезең Ғажайып туынды

4-кезең Топбасшылар сайысы

Жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Математканың жанкүйерлері! Бүгінгі "Озық болсаң, ойлап көр" тақырыбындағы сайысымызда 5Ә,Б,В,Г- сыныптарының оқушылары білімдерін сынамақшы. Математикалық сайысқа қош келдіңіздер!

Жас достарым мұна жаксы ұғайық,

Математика құрметтеуге лайық.

Дүниеде құбылыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де. Ортаға

1- топ: Алғырлар

2-топ: Тапқырлар

3-топ: Білгірлер

4-топ: Зерде топтарын шақырамыз.

Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ. Біз сендермен математикадан логикалық есептермен әртүрлі жұмбақтар шешіп, қиялымыздағы математика әлемін суретке бейнелеп жарысамыз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық...

1.________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Ортадағы топтармен таныстыра кетейік: ( топтың аты, ұраны таныстырылады).

І топ. Алғырлар

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.


ІІ топ. Білгірлер

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.


ІІІ топ Зерде

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


4 топ Тапқырлар
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».
Сәлемдесуі:
Мазмұннан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез - ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын.
Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа біз түсейік
Жанкүйерлер қолдасын.
Тәртіп болсын арада,
Тыныштықты сақтайық,
Көңілденіп баршамыз,
Үйімізге тарқайық.


Жүргізуші

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біз бірінші кезең «Ғажайып жетілік» кезеңін бастайық.

І кезең «Ғажайып жетілік»

Бөлшектер
10 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
20. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
30 .Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
Математикалық калейдоскоп
10.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
20.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
30. Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5

Төртіншісі артық
10.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
20.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
30 .Төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)
Сандар
10. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
20.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
30.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөлінеді ,мысылы 3,7,13)
2-кезең Логикалық есептер

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

4444444 = 500 Жауабы: 44:4*44+4*4 = 500

2. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой

333333 = 1000 Жауабы: 333*3+3:3 = 1000

3. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой 777777= 100 жауабы: (777-77):7=100

4. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой 55555=100 Жауабы: 5*5*5-5*5=100

3-кезең Ғажайып туынды Сайысқа қатысушы топтарымыз "Математика елінде" атты сурет салады.

Сурет салып болғанша сайыскерлеріміз мен көрермендерге жұмбақтар жасырайын.

  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (Түзу)


  1. 1 ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?

(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

  1. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер)

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


  1. Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)


  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )


8. Бірдей сан бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады (Дәреже)

9. Дүниеде бүтін сан бола бермейді,

Көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.

(Бөлшек сан)

10. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі

(Кесінді)

4-кезең

Топбасшылар сайысы

1.24 пен 42-нің қайсысының бөлгіштері көп?

2.Тәуліктің төрттен бір бөлігі?

3.Қай бөлшек артық: дұрыс бөлшек пе, бұрыс бөлшек пе?

4.1 сағатта қанша секунд бар?

5. Ең кіші жай сан?

6. 640 саны 5 - ке бөліне ме?

7. Ең кіші үш таңбалы сан

8. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар.

9. Ең кіші натурал сан.

10. Периметр дегеніміз?

Жауаптары:1)24; 2)6 сағ; 3)бұрыс бөлшек; 4)3600 с; 5)2 6) ия 7) 100 8) натурал сандар 9) 1 10) Барлық қабырғалар қосындысы


Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар, дей отыра бүгінгі "Озық болсаң, ойлап көр" атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді осы сайысқа қатысқан сайыскерлерімізді марапаттасақ.


Жеңімпаз топты дипломмен марапаттау.

Әділқазылар алқасына сөз беру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал