- Учителю
- Математика пәнінен 6 сыныпта өткен ашық сабақ
Математика пәнінен 6 сыныпта өткен ашық сабақ
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Сейпулла Айымгүл Қайратқызы
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды көбейтуді,
оларға есептер шығаруды үйрету, ұғындыру
2) Дамытушылық: Оқушылардың бірлесіп жұмыс
жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтары,
математика тілінің мәдениетін дамыту
3) Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа,
жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Топтастыру, есептер шығару
Көрнекілігі: Схема, үлестірмелі карточкалар, ребустар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу
-
Оқушыларды түгендеу
-
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару
Тренинг. «Көңілді поезд» мен өлеңнің басын бастып айтамын, оқушылар менің соңымнан жалғастырады. Сөйтіп біріміздің артынан біріміз ілесіп поезд болып жүреміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 535
С. (9,51 + 5,12) : 4,18 + 60,86 : 8,5 = 10,66
Б. (2,4 · (9,5 - 6,85) : (3,64 + 1,66)) : 0,6 = 2
К. ((17,65 - 9,25) · 2,5 - 3,9 · 0,4) : 2,43 = 8
О. 15,96 : 5,7 · 0,5 + (13,25 - 8,35) · 2,5 : 7 = 3,15
Жауабы:2; 3,15; 8; 10,66 БОКС
-
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады? Мысалдар келтір
-
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады? Мысалдар келтір
-
Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең? Мысалдар келтір
ІІІ. Рационал сандарды көбейтуге байланысты есептер шығару
Бұл тапсырма әр топқа беріледі. Бос орындарды толтырып, х-тің мәнін табу керек.
І топ ІІ топ ІІІ топ
№ 538
-
- 63 · (7 - 11) = 252 4) (26 - 11) · (- 0,4) = - 6
-
9,9 · (3 - 5) = - 19,8 5) (32 - 40) · 3,5 = - 28
-
- 2,2 · (8 - 3) = - 11 6) (0,99 - 1) · 26 = - 0,26
№ 539
-
1,9 · (- 13) + 30 = 5,3 4) 0,05 · (- 100) + (- 11,2) · 3 = - 28,6
-
- 3,5 · 9,2 - 7,8 = - 40 5) - 20 · (- 6,9) - 39,4 · 10 = - 256
-
- 6,1 · (- 0,5) - 4,15 = - 1,1 6) 8,5 · (- 0,4) + (- 1,3) · 2 = - 6
№ 541
-
(- 20) · (- 1) · (- 2) · (- 3) · (- 4) = - 480
-
- 1
-
(- 0,1) · 10 · (- 0,2) · 5 · (- 0,25) · 4 = - 1
ІV. Сергіту сәті: «Ойлан тап»
Көбейтіндіні орындап, шыққан мәндерді өсу ретімен орналастырып тиісті әріптерді қойсақ мақалдың жасырылған сөзін анықтаймыз. (Әр топқа беріледі)
І топ 1) (- 3) · (-4) = 12 (т) 4) (-3) · 4 = -12 (а)
2) 4 · (-2) = - 8 (қ) 5) (-3) · (-5) = 15 (а)
3) 5 · (-5) = - 25 (м) 6) (-9) · (-5) = 45 (н)
Жауабы: Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпанның жалғыз болса да сақтан.
ІІ топ 1) (-2) · 3 = - 6 (г) 4) (-6) · (-4) = 24 (н)
2) (-10) · (-3) = 30 (і) 5) 12 · (-2) = - 24 (л)
3) (-3) · (-2,2) = 6,6 (е) 6) 5 · (-6) = - 30 (ө)
Жауабы: Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
ІІІ топ 1) (- 20) · (-4) = 80 (а) 4) 3 · (- 25) = - 75 (с)
2) 0 · (- 15) = 0 (а) 5) (-30) · (-2) = 60 (м)
3) 28 · (- 2) = - 56 (ы) 6) (-3) · 18 = - 54 (н)
Жауабы: Досыңды үш күн сынама,
Үш жыл сына.
-
Жарайсыңдар балалар!
-
Келесі тапсырмамыз ребустар шешу
-
Мен сіздерге тақырыптар беремін сол тақырыпты мысалдар келтіру арқылы ашып бересіздер, келістік пе?
-
І топқа Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін
-
ІІ топқа Таңбалары бірдей екі санды көбейті үшін
-
ІІІ топқа Көбейткіштің біреуі 0-ге тең болса
-
Ендеше іске сәт (3 - 4 минут)
-
Ал, қане кім ортаға шығып түсіндіреді (оқушылардың тапсырмалары түсіндіріледі)
V. Үйге тапсырма беру
№ 540, № 542
VI. Қорытындылау. Бағалау
-
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу, азайту, көбейту үшін
-
Таңбалары бірдей сандарды қосу, азайту, көбейту үшін
-
Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою
-
Стикерлер арқылы бүгінгі сабақты бекіту