7


  • Учителю
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан обылысы Жарма ауданы Әуезов кенті

«Бақыршық орта мектебі»КММ математика мұғалімі Айтимова

Гулсим Солтансейтовна





Сыныбы: 6

Сабақ реті:

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді ықшамдауды және шешуді, есеп шартына қарай теңдеу құра білуге әр түрлі есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, білім - біліктерін тексеру, бағалау.

Дамыту:

Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін мәселе есептер құру арқылы ой - өрістерін дамыту, пәнге танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, деңгейлік тапсырмалар,слайдтар

Сабақ құрлымы:

Үйымдастыру

1. «Ой толғау сәті» (сұрақ-жауап)

2. «Кім жылдам?» (ауызша есптеу)

3. Біліміңді тексер (деңгейлік тапсырма )

4.«Білім-таусылмайтын кен»(тест)

5. Қорытындылау

Сабақ барысы:

Үйымдастыру:

I-Психологиялық дайындық:(Баяу музыка қойылады. Оқушылар шеңбермен бойымен тұрып, қол алысып бір-біріне сәттілік тілейді.)

1.Ортаға шығып,әртүрлі сыйлықтар таратылады.

2.Әртүрлі түстер бойынша топ құрып,орындарына отырады.

3.Топ басшысын сайлайды.

4.Бағалау парағы үлестіріледі.



Ой толғау сәті

Кім жылдам

Біліміңді тексер

Білім-таусылмайтын кен

Қорытынды

1-топ











2-топ











3-топ











II-Ой қозғау.(Сөздің мағнасын қорғау.)

Барлық сайыстан жоғары ұпай жиған топ жеңеді. «Ерлердің ұлттық бас кимдеріне» тоқтала кетейік.Сонымен, ерлердің ұлттық бас киімдер мен олардың түрлері қадір - қасиеті туралы тоқталайық.. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, ерлердің қандай ұлттық бас киімдерін білесіндер?

Бас киімдер: Бөрік; Тақия; Тымақ

Бөрік- сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Сал-серілер бөріктеріне

Тымақ - аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.

Тақия - шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардантігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді.

II-Мағнаны ашу.(Сабақтың тақырыбы мен максаты айтылады.)

1. «Ой толғау сәті» (сұрақ-жауап)

1.Екі теріс санды көбейтіндісі қалай тұжырымдалады?

2.Екі теріс санның қосындысы қалай тұжырымдалады?

3.Жақша алдында қосу таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

4. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз?

5. Екі теріс санды бөліндісі қалай тұжырымдалады?

6. Жақша алдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

7.Таңбалары әртүрлі сандардың қосындысы қалай тұжырымдалады?

8. . Қандай теңдеуді мәндес теңдеу деп атаймыз?





2. «Кім жылдам?» (ауызша есптеу)

| 6 - x | = -5; | 2 + x | = 0;

5а + 3а; 9а - 2а;

15у-8у, мұндағы у=9; 16у-9у, мұндағы у = 8;

-(2а+5в-3); -(-4а+7в+1)

3. Біліміңді тексер (деңгейлік тапсырма )

1-деңгей

Теңдеуді шешіңдер:

а)7(х+6)=4(5х+4)

ә) | 4 + x | = 12



2-деңгей

1.Жақшаларды ашып,өрнектің мәнін табыңдар:

а)12(х+3)-5х-21,мұндағы:х=0.5

2. Теңдеуді шешіңдер:

9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8).

3-деңгей

Теруші шығарманы үш күнде терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін , ал екінші күні 21 бет терді. Үшінші күні шығарманың 25%-і қалды. Шығармада неше бет?



ІV.«Білім-таусылмайтын кен»(тест)

1. Теңдеуді шешу: 0х=7

а) 0; в) 5; с) түбірі жоқ

2. Теңдеуді шешу: 5х-1 = х+15

а) 4; в) 2; с) 3,25

3. Теңдеуді шешу: 0х = 0

а) 0; в) 1; с) х- кез-келген сан

4. Теңдеуді шешу: 8х-7 = 5х+2

а) 3; в) -4/7 с) -4

5. Теңдеуді шешу: 7х = 1

а) 3; в) 1/7 с) 1



III-Ой-толғаныс: «ОЙЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»

Алты қалпақ - ойлаудың әртүрлі тәсілдері

Ақ Қалпақ. Сандар және мәліметтер. Ақпараттар. Сұрақтар. Толықтай объективтілік. Біз қандай ақпаратқа иеміз? Қандай ақпарат бізге қажет?

Қызыл Қалпақ. Эмоциялар үстемділігі. Интуиция, сезімдер. Сезімге негіздеме беру қажетсіздігі. Бұл жағдайға қатысты менде қандай сезімдер пайда болады?

Қара Қалпақ. Байқампаздық. Пікір. Баға. Бұл шындық па? Бұл жұмыс жасай ма? Кемшіліктері неде? Мұнда не дұрыс емес?

Сары Қалпақ. Артықшылығы. Позитивті ой қорытындыларын құру. Негіздеу. Неге мұны жасау керек? Артықшылықтары қандай? Неге мұны істеу керек? Бұл неге жұмыс жасайды?

Жасыл Қалпақ. шығармашылық. Әртүрлі идеялар. Жаңа идеялар. Ұсыныстар. Мүмкін болар кейбір шешімдер мен әрекеттер қандай? Қандай альтернативалар бар?

Көк Қалпақ. Ойлауды ұйымдастыру. Ойлау жайлы ойлану. Біз неге қол жеткіздік? Ары қарай не істеу керек?





Үй жұмысы: № 886

Бағаланады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал