7


Математика 2 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Абдикаримова Ж.К., бастауыш сынып мұғалімі

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 115 орта мектебі» ММ

Қостанай облысы, Қостанай қаласы

Математика 2 - сынып Тақырыбы: Теңдеу шығару

Мақсаты: 1) теңдеулерді күрделі түрінен қарапайым түріне айналдыра отырып, шығарудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау; 2) шапшаң есептеу дағдыларын, геометриялық тапсырмаларды орындай білу дағдыларын дамыту;

3) пәнге қызығушылығын тәрбиелеу.

Көрнекілік: ауызша және жазбаша орындауға арналған дидактикалық құралдар

Әдісі: ойын, көрнекілік, топпен жұмыс, ізденісті - проблемалық жағдаят., АКТ технологиясы.

Түрі: жаңа білім игеру сабақ.

Сабақ жүрісі:



І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Топтар құру, Ұрандарын айтқызу

Ақылдылар: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ!

Шапшаңдар: Білекті бірді жығады

Білімді 1000 - ды жығады!

Тапқырлар: Қына тасқа бітеді

Білім басқа бітеді!

2) - Олай болса, балалар, сабағымызды бастайық

Орындайтын есептерді

Лезде шешіп тастайық!



ІІ. Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазу,

1) 6, 7 цифрларынан сандар құрастырайық, оларды көркем етеп жазайық:

67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76



ІІІ. Жаңа сабақ

1) Тақырыпты табуға арналған тапсырма:

Математикалық диктант: (Стол үстінде жауапты талап етіп, әріптерді көрсететін карточкалар жатады, оқушылар тиістісін кезекпен таңдап шешеді, мұғалім оларды тақтаға жабыстырады. Бәрі дәптерге жазады):

№1. 47 - ні 3 - ке арттыр - Т,

№2. 90 - ды 3 - ке кеміт - Е,

№3. 40 пен 6 сандарының қосындысын тап - Ң,

№4. 30 бен 5 сандарының айырмасын тап - Д,

№ 5. 100 санын 20 - ға кеміт - Е,

№6. 50 мен 4 - тің қосындысы - У,

№7. Азайғыш 25, азайтқыш 10, айырманың мәні қанша? - Ш,

№ 8. 60 - ты 30 - ға кеміт - Ы,

№9.. 81 - ді 7 - ге арттыр - Ғ,

№ 10. 6 мен 40 - тың қосындысы - А,

№11. Х пен 2 - нің қосындысының мәні 9, Х - ты тап.- Р,

№ 12. 43 пен С - ның айырмасының мәні 40, С неге тең?- У.

Жауабы: 50, 87, 46, 25, 80, 54, 15, 30, 88, 46, 7, 3

Т Е Ң Д Е У Ш Ы Ғ А Р У

2).- Енді, балалар, теңдеулер құрастырайық, оларды шешейік (суреттер беріледі)



ТАҚТАҒА немесе ПЛАКАТҚА орындау (Әр топтан 1 бала орындайды)

І - ТОП:

34+Х═27+33

34+Х ═60

Х═60 - 34

Х═26

34+26═27+33

60═60

ІІ - ТОП:

34+Х ═ 100

Х═ 100 - 34

Х═66

34+66═100

100═100



ІІІ - ТОП:

Х +30 ═ 20+ 38

Х+30═58

Х═58 - 30

Х═28

28+30═20+38

58═58



(Оқушылар дәптерлерінде орындайды)

3) Ізденісті проблемалық жағдаят жасау:

Теңдеудің жаңа түрін шығарту. (Суретін көрсету)

- Осы суретке теңдеу құрастырыңдар:



(Тақта мен дәптерге жазу)

(15+9)+Х═ 30 - Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?

- Алдымен оны жеңілдету, яғни қарапайым түрге айналдыру керек.

24+Х ═ 30

Х ═ 30 - 24

Х= 6

(15+9) +6 ═ 30

30═30

4) ЕРЕЖЕ: → слайд №3

Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатындарын орындап, оның сол жақ бөлігін жеңілдету керек.



5). Ойын: « КІМ ШАПШАҢ?»

Тақтада № 3 тапсырманы орындау:

І - ТОП:

35+23 +Х ═ 100

58+Х ═100

Х ═ 100 - 58

Х ═ 42

35+23 +42 ═100



ІІ - ТОП:

Х - ( 23 +17) ═60

Х - 40 ═ 60

Х ═ 60+40

Х ═100

100 -(23+17) ═ 60



ІІІ - ТОП:

70 - а ═ 8+9+2

70 - а ═ 19

а ═ 70 - 19

а ═ 51

70 - 51 ═ 8+9+2

ІҮ. Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір

Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай - ақ!

1, 2, 3 - отырамыз тып - тыныш.

- Балалар, алтын уақытымызды үнемдейік!



Ү. Баспадан шыққан дәптермен жұмыс:

- Балалар біз жаңа сағат болып иілдік, тәніміздің сымбатты болуын ұмытпадық. Енді сағатқа байланысты тапсырманы орындайық. Ол 40 - бетте.



1. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА



ҮІ. Оқулық материалымен жұмыс. Есептер шығару 143 бет

ПЛАКАТҚА ЖАЗДЫРУ немесе ТАҚТАҒА

№5

а) Болды - 56 м сым ----------------- Алынды - 14 м сым

Қалды - 14 м сым -------------------- Қалды -?, сонша

Алынды - х ---------------------------- Болды - х

Ш: 59 - Х ═ 14 ------------------------ Ш: Х - 14 ═ 14

Х ═ 56 - 14 ----------------------------- Х ═ 14+14

Х ═42 ----------------------------------- Х ═28

Жауабы: 42 м сым қалды. ---------- Жауабы: 28 м сым болды



ҮІІ. Өзіндік жұмыс

А) Р═ 3см +3см+3см +3см ═12см

Ә) Р═ 2см+5см+2см+5см ═ 14см

Б) Р ═1см+3см +1см+3см ═8см

Әр топтан 1 оқушы шығып шешуін айтады.



ҮІІ: Рефлексия кезеңі:

- Нені үйрендік?

- Қандай жұмыстар атқардыңдар?

- Сабақ ұнады ма?



ҮІІІ. Үйге тапсырма: №4 143 бет, №41, 21 бет.

ІХ. Бағалау.

- Қай топ көп фишка жинады - солар «5» алады

аз алғандар «4» алады

өте аз алғандар «3» алады





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Математика оқулығы «Атамұра» баспасы

  2. Бастауыш сынып журналы 2014 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал