- Учителю
- Процент от чила открытый урок (5-класс)
Процент от чила открытый урок (5-класс)
Сынып: 5
|
Пәні: математика |
Мұғалім: Н.Т.Сүйінәлі | |||
Сабақ тақырыбы
|
Санның пайызын табу тақырыбына есептер шығару | ||||
Жалпы мақсаты
|
Өтілген тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу, тақырыпты тиянақтау. Санның пайызын табудың әр түрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға баулу. | ||||
Әдіс-тәсілдер
|
Қызығушылығын ояту, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, АКТ. | ||||
Оқыту нәтижелері
|
Пайызды бөлшекпен жазуға, санның пайызын табуға машықтанады. Өтілген тақырыптардан алған теориялық білімдерін өмірде қолданып біледі. | ||||
Түйінді идеялар
|
Пайыз. Санның пайызын табу. | ||||
Ресурстар
|
Интертақта, А4 парақтары, стикер, үлестірмелер. | ||||
Сабақ барысы
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті | ||
Ұйымдастыру
Өтекенді қайталау |
1 мин
3 мин |
Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Топқа бөлу. Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас бөлшек жазылған парақшалар ұсынады. 1. «Дұрыс бөлшектер» тобы. 2. «Бұрыс бөлшектер» тобы. 3. «Аралас бөлшектер» тобы.
«Дұрыс бөлшектер» тобына:
«Бұрыс бөлшектер» тобына:
«Аралас бөлшектер» тобы:
|
Парақшаларды алады, топтарға бөлінеді.Топ атына байланысты білгендерін айтады.
Топтағы оқушылар сұрақтарға жауап береді. | ||
Үй жұмысын тексеру. |
5 мин |
Интерактивті тақтадағы шешу жолдары және жауаптарымен тексереді
1589. Ауылдағы 620 үйдің 80%-ында ит бар, 50%-ында мысық бар. Неше үйде ит, неше үйде мысық бар? Шешуі: үйде ит бар үйде мысық бар
1590. Банкке 5%-дық жылдық өсіммен 750 000 теңге салынды. Банкке салынған ақша бір жылдан соң неше теңге болады? Шешуі: 750 000+37 500= 787 500 тг болады
1599.
|
Интерактивті тақтадағы шешу жолдары және жауаптарымен тексереді. Топбасшылары бағалау парақшаларына баға қойып отырады
| ||
Түсіну
|
5 мин
|
Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған сәйкестендіру тесті. Сол жақтағы сандарды пайыз түріндегі жазылуын сол жақтағы сандармен сәйкестендіру керек.
|
Тапсырмаларға ауызша жауап береді. Топ басшылары бағалап отырады.
| ||
10. |
| ||||
1.i, 2.e, 3.h, 4.c, 5.g, 6.b, 7.d, 8.j, 9.f, 10.a. | |||||
Қолдану
|
10 мин
|
Тапсырмалар беріледі. 1-топ тапсырмасы. 1. Сыныпта 35 оқушы бар,оның 60 %-ы үйірмеге қатысады. Неше оқушы үйірмеге қатыспайды, неше оқушы қатысады? 2. Төлем терминалының комиссиясы 15%. Айнұр 500 тг салса, оның ұялы телефонына неше бірлік түседі?
2-топ тапсырмасы. 1. Сыныпта 25 оқушы бар олардың 40%-ы ұлдар. Сыныпта неше қыз, неше ұл бар? 2. Дүкенші 1500тг-лік заттың бағасын 25%-ға қымбаттатты. Сол заттың қазіргі бағасын тап.
3-топ тапсырмасы . 1. Балықшылар 220 балық аулады. Барлық балықтың 25%-ы сазан, қалғаны шортан. Сазан балықтың және шортан балықтың санын тап. 2. Дүкенші 1500тг-лік заттың бағасын 15%-ға арзандатты. Сол заттың қазіргі бағасын тап. |
Топ мүшесі тапсырманы алдымен жеке орындайды. Топпен тексереді. Тақтада орындайды. 1-топ. Ж: 1. 21-қатысады, 14-қатыспайды 2. 425тг
2-топ. Ж: 1. 15қыз, 10 ұл 2. 1875тг
3-топ Ж: 1. 55 сазан, 165 шортан 2. 1275тг
Топ басшысы бағаларын қойып отырады | ||
Талдау
|
8 мин
2 мин |
Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.
Салымшы банкке 50 000тг депозит салды. Банктің семестр сайынғы пайыздық өсімі 12%. Салымшы шотындағы бір жылдан кейінгі ақша сомасын 1. Жай пайызбен 2. Күрделі пайызбен тап.
</<span>Сергіту сәті. |
Есеп беріледі. Есептерді топпен талқылап шығарады. Топ басшылары соңғы нәтижемен таныстырады. Есептеу алгоритмін айтады.
1.62000 2.62720
Орнынан тұрып көрсетілген іс-қимылдарды орындайды | ||
Жинақтау
|
7 мин
|
Деңгейлік тапсырмалар: А-деңгейі: 24кг 100кг-ның неше пайызы? В-деңгейі: Өріктің 5%-ы қант. 20 кг өрікте неше кг қант бар? С-деңгейі; Тұрмыстық техникалар дүкенінде теледидар 20%, ал тоңазытқыш 15%-ға арзандатылған. Теледидар бағасы 45 000 тг, ал тоңазытқыш 80 000 тг тұрса, екеуіне неше тг төленеді? |
Тест орындайды. Интерактивті тақтадан жауабын тексеріп, бірін -бірі бағалайды. А: 24% В: 1кг С: 104 000 тг | ||
Бағалау |
2 мин |
Бағалау парақшалары бойынша бағаланады. | |||
Кері байланыс
|
1 мин
|
Арнайы тақтаға сабақ туралы ойларын стикерлерге жазып жапсырады. | |||
Кейінгі тапсырма |
1 мин |
Оқулықтың 156-бетінде №1591, 1595. есептерді шығару §8.3. Пайыз бойынша санды табу тақырыбын оқу, №1600,1601-тапсырмаларды орындау.
|