- Учителю
- 8-сынып саба0 жоспары. Квадраттық теңдеудің түбірлерінің формуласын пайдаланып есептерді шешу.
8-сынып саба0 жоспары. Квадраттық теңдеудің түбірлерінің формуласын пайдаланып есептерді шешу.
Арқалық қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия
Абилгазин Базархан Жумашович
математика пәні мұғалімі
сот.87028312561
Пәні: Алгебра (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеудің түбірлерінің формуласын
пайдаланып есептерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Квадрат теңдеудің анықтамасын, түрлерін, түбірлерінің формуласын меңгерту. Есеп шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез
ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп - саралап оқыту, сұрақ - жауап, ізденіс, сарамандық жұмыс.
Өткізілуі:Жұппен, топпен
Көрнекілігі: Кестелер, формулалар , оқулық, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (интертақта)
ІІІ. Ой қозғау:
Өтілген бөлім бойынша теориялық материалды қайталау
Сұрақ - жауап:
1.Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?
2.Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
3.Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
4.Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
5.Теңдеуді шешу дегеніміз не?
6.а мен с қандай болғанда ах2 +с = 0 теңдеуінің шешімі бар болады?
7.Квадраттық теңдеу түбірлерінің дискриминантын қалай табамыз?
8.Квадраттық теңдеудің түбірлерінің санын қалай анықтаймыз?
9.Квадраттық теңдеуде в = 2к яғни жұп сан болса, түбірдің формуласын қалай жазамыз?
10.Келтірілген квадраттық теңдеудің түбірінің формуласын қалай жазамыз?
Өздік жұмысы:
1-нұсқа.
1 . Әрбір теңдеуі үшін мәндерін ата
а) б) .
2 . квадрат теңдеуінің дискриминантын формуласын есептеуді жалғасты
5х2 - 7х + 2 = 0, D = b2 - 4ac = (-7)2 - 4· 5 · 2 = …;
3. Теңдеуді шешуді аяқта: квадрат теңдеуінің дискриминантын D = b2 - 4a есептеуді жалғастыр.
2 нұсқа.
1. Әрбір ax2 + bx + c = 0 теңдеуі үшін a, b, c мәнін табыңдар.
а) б)
2. №2 . квадрат теңдеуінің дискриминантын формуласын есептеуді жалғастыр.
5х2 + 8х - 4 = 0, D = b2 - 4ac = 82 - 4· 5 · (- 4) = …;
3. Теңдеуді шешуді аяқта 2х2 - 5х - 3 = 0 квадрат теңдеуінің дискриминантын D = b2 - 4a есептеуді жалғастыр.
ІV. Ойды іске асыру :
Оқушылардың білімдерімен шеберліктерін тексеру: Практикалық жұмыс:
Міндетті деңгей тапсырмалары:
А тобы тапсырмалары:
№131 (1;3), №133 (1;3) тақтамен жұмыс
Б тобы тапсырмалары:
№132 (1;2), №133 (5;7) өз бетімен жұмыс
С тобы тапсырмалары:
№134(1;3), 136(3)
V. Білімді жүйелеу:
1-тапсырма: Кестедегі бос орынды толтыр
ах2 + вх +с =0, а > 0
с=0, в=0
х=
ах2 + вх=0
х ( ) =0
х =0 немесе
ах=
х=
в=0
= - с
х =
х =
2 - тапсырма: Формуланы жаттадық па?
Сәйкестендіру тестісі (оқушылардың ой - қабілетін дамытуға)
Квадрат теңдеулердің түбірлерінің формуласын қайталау
VІ. Қорытынды: 1. Квадрат теңдеу деп қандай түрдегі теңдеуді айтамыз?
2. Квадрат теңдеудің түбірі қандай формуламен анықталады?
Үйге тапсырма беру
№132 (2;4), №133 (2;4;6) №136(4)
VІІ. Бағалау : Бағалау парағындағы орта баға қойылады. (интертақта)