- Учителю
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына сабақ жоспары
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына сабақ жоспары
Тақырып:Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіне алмастыру тәсілін қолданып шығаруға үйрету;
ә)дамытушылық:екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы білімдерін дамыту;
б)тәрбиелік:ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
б) оқушы зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау:№1484
-
Жан - жақты білімдерін тексеру:
-
Екіайнымалы бар сызықтық теңдеуге анықтама беріңдер.
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін айтыңдар.
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?
IV. Жаңа сабаққа кіріспе:Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын қадағалау.
V.Жаңа сабақ: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешуді қарастырайық.
1 - мысал. Оқушы екі сан ойлады. Бірінші сан екінші саннан 7 - ге артық. Бірінші санды 3 еселеп, одан екінші санды 2 еселеп азайтқанда, айырма 27 - ге тең болады. Оқушы қандай сан ойлады?
Шешуі:
Бірінші теңдеудегі х - ті у арқылы өрнектеп, оны екінші теңдеудегі х - тің орнына қойғанда алғашқы теңдеулер жүйесімен мәндес теңдеулердің мынадай жүйесі алынады:
Мұндағы бір айнымалысы бар теңдеу. Осы теңдеуді шешіп, у - тің мәнін табу керек:
теңдеудегі у- тің орнына оның мәнін қойсақ, х - тің сәйкес мәні табылады: x=6+7; x=13.
Демек, (13;6)сандар жұбы берілген теңдеулер жүйесінің шешімі болады.
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:
-
Теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екінші арқылы өрнектеу керек;
-
Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек;
-
Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық еңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек;
-
Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалын табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу кеерк.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің біреуіндегі айнымалының коэффииенті 1 - ге тең болған жағдайда берілген теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.
VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі алмастыру тәсілімен қалай шешілетінін айтып беріңдер.
-
Қандай жағдайда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.
VII.Жаңа сабақты бекіту:
VIII.Үйге тапсырма
IX. Қорытынды:оқушылардың жаңа сабақты түсінгенін тексеріп, бағалау.