- Учителю
- Математика пәнінен 5 сыныпқа 'Зымыран сұрақтар' сайысы
Математика пәнінен 5 сыныпқа 'Зымыран сұрақтар' сайысы
«Зымыран сұрақтар»
-
Миллионда неше нөл бар? 6 нөл
-
2 ғасырда неше жыл бар? 200 жыл
-
Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
-
Жазыңқы бұрыштың шамасы? 180
-
Температураны өлшейтін құрал? (термометр)
-
Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4 - ші)
-
Парижде ән салған қазақ әншісі кім? (Әміре Қашаубаев)
-
Сандардың шығу тарихын зерттеген орыс классик ақыны? (А.С. Пушкин)
-
Ұялы телефонды ойлап тапқан физик ғалым кім? (Жорес Альферов- орыс ғалымы)
-
Ең кіші натурал сан? 1
-
Төрт ағаның бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (5)
-
Барлық натурал сандар қалдықсыз бөлінетін натурал сан? (1)
-
1 майшам 20 минутта жанып бітеді. 10 майшам бір мезгілде неше минутта жанып бітеді? 20 минутта
-
Қазақтың 3 - ғарышкерлері кім? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов)
-
Шаршының ауданы 49 м2. Қабырғасын тап? (7м)
-
3 түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың нешеуі қалды? (түйеқұс ұшпайды)
-
5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минутта)
-
Столдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш
-
1 пұт неге тең? 16 кг
-
1 шақырым неше метрге тең? 1000 м
-
Домдыраның басы - 10 см, мойыны - 50 см және шанағы - 40 см. Домбыраның ұзындығын тап. 1 м
-
Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады? 3 кг
-
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? 1,2,3
-
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0
-
Ең үлкен натурал сан бар ма? Жоқ
-
Натурал сандар қатарына жатпайтын сан? 0
-
Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? Жарық
-
Санды өрнек дегеніміз не?
-
Дүние жүзінде ең көп тараған сұйықтық? Су
-
Арабаға қатарынан 3 ат жегілген. Олар бір сағатта 27 км жол жүредін Осы уақытта 1 ат қанша км жол жүреді? 27 км
-
12 жылдың мүшел аттарын ата. (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
-
Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді? (Грек астрономы Птоломей)
-
Әріпті өрнек дегеніміз не?