- Учителю
- Мықты болсаң жеңіп көр
Мықты болсаң жеңіп көр
Тақырыбы: «Мықты болсаң жеңіп көр »./8-сынып/
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Мықты болсаң жеңіп көр» деп аталатын математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысымызды бастаймыз.
Математика ермек емес балалық,
Математика - көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
Үлгілі тәртіп жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты,
Алғырларды ортаға шақырайық
2-ж: Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Тапқырлар тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысатын оқушылар орындарына келіп отырады.
1-ж: Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
1. Бейсекбаева Г.С.
2.Джумабаева Г.А.
3. Толқынов Е.А.
2-ж. « Тапқырлар тартысы» сайысы 5-турдан тұрады
1. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/
2. Мықты болсаң жеңіп көр!
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет.
Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер!
1-топ
1.Квадрат теңдеудің анықтамасын айтып бер.
2.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3.30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат/
4. Параллелограмм деп қандай геометриялық фигураны айтады?
5.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
7. Трапецияның орта сызығы неге тең?
8.1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
9. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
10. Рене Декарт қай елдің математигі? / Француз/
2- топ
1. Алғашқы математик әйел. /С.Ковалевская/
2. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?
3. Геометрия деген сөз қай тілден шыққан, қандай мағынаны береді?
4. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
5. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
6. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? /Қ.Сатпаев/
7.Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? /қосындысы/
8. Пифагордың туған жері /Самос аралы/
9. Қандай көпмүше квадрат үшмүше деп аталады?
10. α сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы? / сүйір бұрыштың синусы/
3-топ
-
«Жүз өгіз есебі» қалай айтылады? /Пифагор теоремесы/
-
Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы. /1879ж. Ы.Алтынсарин/
-
«Геометрия» пәнінің негізін салушы. /Евклид/
-
Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?
-
Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
-
Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? /»Әл жебр деген араб сөзі»/
-
Шеңбердің үлкен хордасы /диаметр/
-
Жүзден бір бөлік /процент/
-
Математика ғылымының докторы. Дүниежүзілік математика конгресінде ғылыми баяндама жасаған тұңғыш қазақ. /Төлеубай Ыдырысұлы Аманов/
-
8 класс Алгебра оқулығының авторы кім? /Шыныбеков, А. Әбілқасымова/
3. «Кім жылдам?»
Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.
1.Болгар халықтарының есебі:
Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?
Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.
2.Греция халықтарының есебі:
Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» - деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?
Шешуі: х/2+х/4+х/7+3= х
14х+7х+4х+84= 28х
3х=84
Х= 28
Жауабы: 28 оқушы
3.Египет есебі
Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?
Шешуі:7*7*7*7*7=16807
4. «Сен маған, мен саған» сайысы. Әр топ өздері үйден бір сұрақ дайындап келеді. Сұрақ қалған екі топқа қойылады. Жауап бере алмаса, өздері жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
5. «Білімдіге - биіктен орын» Әр топтың басшылары келіп, тапсырмалар алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Олар дайындалып болғанша, топтың қалған мүшелері арасында мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылады. Мақал-мәтелдер тек математикалық терминдер туралы болмақ.
1. Сәуледе 6 сақина бар оның біреуінің массасы қалғандарынан ауыр, бесеуінің салмағы бірдей. Табақты таразыға екі рет қана өлшеп, ауыр сақинаны қалай анықтауға болады?
Жауабы: Екі табаққа үштен бөліп өлшейміз, біреуі ауыр болғандықтан сол табақтағы үш сақинаны өлшейміз. Екі сақинаны табаққа саламыз, тең болса, жердегі сақина іздеген сақина болады.Әйтпесе қай төмен тартылғаны болады./
2. Дүкендегі бұйымның бағасы 8 процентке арзандатылды. Бір айда уақыт өткеннен кейін тағы да 8 проценке арзандатылды. Ал екінші дүкенде алғашқы айда бірден 16 процентке арзандатылды. Қай дүкендегі бұйым арзан?
Жауабы: екінші дүкендегі арзан, себебі 16 процент 8 процентке қарағанда үлкен сан
3. Қоңыр қалтада 7 жасыл, 4 сары және 2 қызыл шар бар. Қалтадағы осы шарлардан ең болмағанда :
1) 3 жасыл шар;
2) 2 сары шар;
3) 1 қызыл шар алу үшін , кем дегенде неше шар алу керек?
Жауабы: 1) 3 жасыл шар алу үшін , кем дегенде 9 шар алу керек. Өйткені жасыл шардан өзге шарлар саны 4+2 =6. Сонда 6+3=9.
2) 2 сары шар алу үшін , кем дегенде 11 шар алу керек. Өйткені сары шардан өзге шарлар саны 7+2=9. Сонда 9+2=11.
3) 1 қызыл шар алу үшін, кем дегенде 12 шар алу керек. Өйткені қызыл шардан өзге шарлар саны 7+4=11. Сонда 11+1=12.
6. «Математика өмірде» атты постер. Әр топ өздері математиканың өмірдегі қолданысы туралы, маңызы туралы постер шығарады. Оны қорғайды.
7. Әділқазыларға сөз береміз.
Қорытынды.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін.