- Учителю
- Сандар туралы ғылыми жобасы
Сандар туралы ғылыми жобасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КММ М.В ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
Секция:Математика
Пәні: Математика
Тақырыбы: «Сандар туралы»
Дайындаған: Қалимолдина Жаннұр 5 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Кайнулдина Гульнур Кайдархановна
Зайсан қ.
2016 жыл
Мазмұны:
Кіріспе..............................................................................................................6 - бет
1. Негізгі бөлім
1.1. Сандар тарихы..........................................................................................7 - бет
2. Зерттеу бөлімі
2.1. Ерекше сипаттағы сандар туралы........................................................11 - бет
2.2. Сандар туралы санамақ........................................................................15 - бет
3.Қорытынды.................................................................................................24 - бет
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................25 - бет
Жұмыстың мақсаты:Күнделікті санауда қолданып жүрген натурал сандардың қасиетін көрсете келе олардың біздің өміріміздегі маңыздылығын көрсету.
Жұмыстың өзектілігі: Сандар туралы деректер өте көп. Күнделікті санауымызда пайдаланып жүрген сандар туралы әртүрлі халықтарда және қазақ халқының өмірінде түрлі мәнде ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп.Сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдарда көп сыр бар. Мұнда шешендік өнер,қасиетті түсінік,тобықтай түйін,тапқырлық,талғам,өмірлік тәжірибе,талап,терең ой,киелі тілеу,киелі сан да бар. Осы тақырыпты таңдауымыздағы негізгі себеп, ерекше сипатта қолданатын сандар туралы ақпараттар жинау, қасиеттерін зерттеу.
Зерттеу жұмысына біз келесідей болжамдар алып отырмыз:
- қазақ халқында ерекше сипаттағы сандар көп;
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттелетін объектіні таңдап алу;
- Зерттелетін объектіге сипаттама беру;
- Ақпараттар жинақтау;
- Сандар тарихын білу;
- Әртүрлі елдердегі сандар туралы ақпараттар жинақтау;
- Аудандық, облыстық кітапханалардан деректер жинау;
- Табылған материалдарды мазмұнына қарай бөлу;
- Қазақ халқында ерекше сипатта қабылданатын сандар туралы мейлінше көп ақпараттар жинау.
Ғылыми жұмыстың жаңашылдығы: Күнделікті санауда пайдаланып жүрген сандардың ішінде ерекше сипаттағы сандарды атап көрсету.
Ұсыныс:
1. Зерттеуде көрсетілген сандар туралы ақпараттарды математикадан өтетін сабақтарда және вариатив сабақтарда қолдануға болады. Сол арқылы оқушыларға ата - бабаларымыздың сандарға қатысты мұраларын насихаттауға болады.
Аннотация
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген.Ғылыми жұмыс осы сандардың ерекшеліктерін көрсету туралы болмақ. Жұмыстың мақсаты:күнделікті санауда қолданып жүрген натурал сандардың қасиетін көрсете келе олардың біздің өміріміздегі маңыздылығын көрсету.
Зерттеу жұмысынабіз келесідей болжамдар алып отырмыз:
- қазақ халқында ерекше сипаттағы сандар көп;
Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы облыстық, аудандық кітапханалардан алынған ақпараттармен толық танысып, оның ішінен зерттеуге қажетті мәліметтерді бөліп алды. Сонымен қатар зерттеуді бастамас бұрын оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Осы сауалнама қорытындысы негізінде оқушылардың басым бөлігі сандардың санаудан басқа біздің өмірімізде алатын орны туралы мағлұматтарды жетік біле бермейтіндігі анықталды. Сол себепті бұл жұмысты жазу барысында сол сандар туралы мейлінше көп ақпарат жинауға жұмыс жасадық. Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.
Кіріспе
Күнделікті санауымызда пайдаланып жүрген сандар туралы қазақ халқының өмірінде түрлі мәнде ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп.Сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдарда көп сыр бар. Мұнда шешендік өнер,қасиетті түсінік,тобықтай түйін,тапқырлық,талғам,өмірлік тәжірибе,талап,терең ой,киелі тілеу,киелі сан да бар.Халқымыз заман заманымен рухани бай қазынаны дүниеге әкеліп,қорландырып отырады.
Жұмыстың мақсаты:күнделікті санауда қолданып жүрген натурал сандардың қасиетін көрсете келе олардың біздің өміріміздегі маңыздылығын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттелетін объектіні таңдап алу;
- Зерттелетін объектіге сипаттама беру;
- Ақпараттар жинақтау;
- Сандар тарихын білу;
- Әртүрлі елдердегі сандар туралы ақпараттар жинақтау;
- Аудандық, облыстық кітапханалардан деректер жинау;
- Табылған материалдарды мазмұнына қарай бөлу;
- Қазақ халқында ерекше сипатта қабылданатын сандар туралы мейлінше көп ақпараттар жинау.
Негізгі бөлім
1.1Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар
шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар
сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер
қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз
түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Әуелі
олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің
пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде
жаңа жүйелерді өмірге әкелді. 0 - «цифр» деген мағынаны береді.
Ежелгі Үнді жерінде цифр - «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен
түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген.
Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ - ХҮІ ғасырларда)
математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол
қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл
таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу,
сату жәнеуақытты белгілеп берді.«0» саны -бұл сан абсалюттік
символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып
табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша
сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.«1» санына келсек, қазақ
халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде
болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін
басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.Даос ілімін
ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың,
тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда
да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді
білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы»
мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да
басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез
келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан - ақ ілінеді.«2» саны ол күні -
түні демалмайтын екеу: қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман,
ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының
көзқарасы міне осындай болып келеді.
Достық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат
ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара,
жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе - теңдігін
сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді.
Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы
өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең.Пифагорлықтарда екі саны
бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және
теңсіздік символы болып табылады. Екі саны жылылық пен суықтық,
мейрімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен
жұртшылдықтың арасында жүреді.
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған.
Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да,
жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың
символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі - Жұлдыз, Күн, Ай. Үш
бастау - Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі - еркее, әйел,
ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және
жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.Пифагорлықта үш санының
негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан.
Көптеген халықтарда үш саны есептеудің соңы деп саналады. Оны
толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі
Грекияда бұл сан - бақыттың саны. Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн,
Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім-нанымдарда, ертегілерде
үш саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол
алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады. Үш саны өткеннің, осы
шақтың, келешектің символы.«4» саны табиғаттағы төрт құбылыс - от,
жер, су, ауа, Төрт кітап: Мұсаның кітабы - Таурат, Дәуіттің кітабы
- Забур, Исаның кітабы - Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың кітабы -
Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір. «4» саны қытайлардың
үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады,
өйткені қытайларда төрт - «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де
қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік ғимараттарда
төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, төрт
қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік
мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан,
Күн және Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс,
Панголин және Айдаһар. Қытайларда төрт саны шамға теңелген - бір
қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ.
Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт - бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны - сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны - жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.
«8» саны- «гүлдену». Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленген.
«9» саны туралы қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейіл - пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы.
2. Мекайіл - барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі.
3. Әзірейіл - барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі.
4. Ысырайыл - ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште.
5. Дардайыл - ай, күн, жұлдыздардың уәкілі.
6. Ысмайыл - жер бетіндегі киелілердің жебеушісі.
7. Зұлқайыл - қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште.
8. Ахрайыл - барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі.
9. Мәлік - жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ - қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған ойын болатын.
10 саны - қандай да бір құбылыстың аяғын, соңын білдіреді.
Он мүшел:
1 - мүшел - 13 жас (ер жету).
2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ).
3 - мүшел - 37 жас (ақыл тоқтату).
4 - мүшел - 49 жас (орта жас).
5 - мүшел - 61 жас (орта жас).
6 - мүшел - 73 жас (қарттық).
7 - мүшел - 85 жас (кәрілік).
8 - мүшел - 97 жас (қалжырау).
9 - мүшел - 109 жас (алжаса бастау).
10 - мүшел - 121 жас (шөп-шек сүюнемене сүю).
«13» саны.Әлемнің көп халқы арасында 13 санын бақытсыз деп есептейді. Италияда 13 нөмерлі лоторея жоқ. Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ. Ал қазақта керсінше, 13- те отау иесі деп, жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
«40» саны. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген.
2.1 Күнделікті санауымызда пайдаланып жүрген сандар туралы қазақ халқының өмірінде түрлі мәнде ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп.Сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдарда көп сыр бар.Мұнда шешендік өнер,қасиетті түсінік,тобықтай түйін,тапқырлық,талғам,өмірлік тәжірибе,талап,терең ой,киелі тілеу,киелі сан да бар.Халқымыз заман заманымен рухани бай қазынаны дүниеге әкеліп,қорландырып отырады.
Енді мағынасы ерекше саналатын сандарға келетін болсам:
Үш жүз:
1.Ұлы жүз
2.Орта жүз
3.Кіші жүз
Үш жұрт:
1.Ағайын жұрт
2.Нағашы жұрт
3.Қайын жұрт
Үш байлық:
Бірінші байлық-денсалық
Екінші байлық-ақжаулық
Үшінші байлық-он саулық
Үш бақыт:
1.Халық
2.Тіл
3.Отан
Үш керек:
1.Ақыл
2.Ғылым
3.Ұғым
Үш сый:
1.Мінез
2.Ерлік
3.Сұлулық
Үш жаратылыс:
1Періште-нұрдан
2.Адам-топырақтан
3.Шайтан-оттан
Үш анық:
1.Құдай-бір
2.Құран-шын
3.Пайғамбар-хақ
Үш құсты өлтіруге болмайды:
1. Көкқарға. 2.Қарлығаш. 3. Байғыз.
Үш адамның ниеті бұзық:
1.Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:
1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.
Үш қуат:
1.Ақыл
2.Жүрек
3. Тіл
Төрт тұлға
От. Су. Жел. Жер.
Төрт құбыла
Шығыс. Оңтүстік. Батыс. Солтүстік.
Төрт маусым
Көктем. Жаз. Күз. Қыс.
Төрт тоқсан
1 Қыс тоқсан.
2 Жаз тоқсан.
3 Шілде тоқсан.
4 Күз тоқсан.
Төрт бұрыш
Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы деп Шын-Машын (Үндістан), Мысыр, Рим, Еуропа елдерін айтқан.
Төрт түлік
Түйе пірі - Ойсыл қара.
Жалқы пірі - Қамбар ата.
Сиыр пірі - Зеңгі баба.
Қой, ешкі пірі - Шопан ата, Шекшек ата.
Төрт мұрат
Дау мұраты - біту.
Саудагер мұраты - ұту.
Қыз мұраты - кету.
Жол мұраты - жету. (Сырым батыр).
Төрт мүлік
Бас - сандық. Тіл - кілт. Қол - мүлік. Аяқ - азамат.
Төрт қорлық
Шақырылмаған жерге бару.
Бейбастақ сөйлеу.
Дұшпаннан жәрдем күту.
Сараңнан қажет сұрау.
Төрт періште
Аллаға жақын төрт періште бар. Олар: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил.
Төрт қылыш
Хәмхам. Сәмсам. Зұлпыхар. Зұлқажа.
Төрт кітап
Тәурат - Мұсаның кітабы.
Зәбүр - Дәуіттің кітабы.
Інжіл - Исаның кітабы.
Құран - Мұхамметің кітабы.
Төрт пір
Жарлының пірі - қалтаң ата.
Ұрының пірі - жалтаң ата.
Шебердің пірі - тепшем ата.
Кәрінің пірі - кекшіл ата. (Досбол шешен)
Жеті қазына:
1.Ер жігіт 2.Сұлу әйел 3.Ақыл,білім 4.Жүйрік ат 5.Қыран бүркіт 6.Берен мылтық 7.Жүйрік тазы
Жеті шәріп:
1.Мекке
2.Мәдинә
3.Бұхар
4.Шам
5.Қатым
6.Құддыс
7.Кәләм
Жеті ғалам:
1.Шығыс 2.Батыс 3.Оңтүстік 4.Солтүстік 5.Аспан 6.Жер 7.Жер асты
Жеті ғашық:
1.Ләйлі-Мәжнүн
2.Таһир-Зухра
3.Уәлик-Ғарра
4.Жүсіп-Зылиқа
5.Фархад-Шырын
6.Арзу-Қамбар
7.Уәки-Күлшаһ
Жеті жұт:
1.құрғақшылық 2.жұт 3.өрт 4.оба 5.соғыс 6.топан су 7.зілзала
Жеті ата:
1.Бала 2.Әке 3.Ата 4.Арғы ата 5.Баба 6.Түп ат 7.Тек ата
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Қиюсыз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысыз қалған ел жетім.
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қат көк: Ай,Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн
Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ ,аспанда тіреуіш жоқ,таста тамыр жоқ,тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ.
Тоғыз жау:
Жаман болса-жақын жау,
Шайпау болса-әйел жау.
Шабан болса-атың жау,
Тартыншақ болса-түйең жау
Тебеген болса-биең жау
Күнде келсе-күйеу жау.
Жымысқы болса-жиен жау,
Тіл алмаса-ұлың жау.
Арсыз болса-қызың жау.
2.2.Ауыз әдебиетінде сандардың мәніне де ерекше сипат берілген.Қазақ халқы сандарды пайдалана отырып белгілі бір дәрежеде қорытынды,айғақты дерек пен болжамдар,ұтқыр ұғымдар тудыра білген.Оны мақалдап та, мәтелдеп те, айшықты сөздермен астарлап та, қисынды оймен қиып та айта білген.Оларды қай жағынан алсақ та қиысып, ұйқасып жатыр, дәлдік ұғымды да көрсетіп тұр. Сонымен, мұндай ұғымдар-тіліміздегі ерекше тапқырлық, өнеріміздің биік,әрі шеберлік көріністерінің асыл, мәдени мұрасы екендігі анықталады. Төменде сандар туралы айтылған санамақ жинақталған.
-
1 дегенім білікті,
1 қармаққа сап сары
Бір балық ілікті.
***
Бала тілі былдырлап,
1 саусағы шошайды.
Ата менен әжесі
Жүректері елжіреп
Ұрпағым міне
Санауды «1» -деп
Тез-ақ меңгерді.
***
1 кесе мен 1 қасық
Неге 1 ? - деп ойлады.
Себебі оның ауызы
1-еу ғой сен оған
Міне, қарашы.
1 аға, 1 әпкесі,
1 әкесі, 1 шешесі
Пана болған оған
Өзінің ата-анасы.
***
2 десем жұп болар,
Сыңарын тапқан аққу да
Жұп-жұбымен топ болад.
Төл төлдеген көктемде
Егізден туса көк ешкі
2 болар лағың
2 құлақ, 2 көз.
2 танау, шықты
Міне, өсіп екі мүйіз.
1-ді 1-ге қосқанда
Не болады?
Лақтарым жұбымен
Саналады.
Мал ұстасаң
Ешкі бақ
Тез көбейер, есепте.
***
3 дегенім 3 таған,
Орындықта 3 баған.
2 бала, 2 әке
Болады ғой 3 адам
Әр мезгілім үш айдан
Болады ғой 1 тоқсан
1 тоқсанда 3 ай бар
Табиғаттың сыры көп
Ата-бабам санаған
3 ай өтпей құс кетпес
3 ай өтпей шөп шықпас
3 ай өтсе піседі
Тастаған жерге дақылың
Ұғып алсаң бәрін сен,
Болады көп ақылың.
***
Торғай салған ұядан
3 балапан қылтиды.
Аузын ашып шықылдап
Шыбын-шіркей бер - дейді.
***
3 десем 3-ем болар
Жақсы ешкіден тарады
3 лақтар
***
4 десең 1 топ болар
4 табаны түйенің
4 аяғы төлдердің
Үстелде бар 4 таған
4 бағытта әлемім
4 кезеңнен 1 жылым
1 айда бар 4 апта
Ата-ана және
Ұл мен қыз
Үлкен бір міне,
Жанұя.
***
5 дегенім 5 парыз
Ата-ана борышын
Өтесең сен,
Болмайсың сен енді
Еш қарыз.
5 десең 5 алғаның
5 пәнді жақсы меңгеріп,
Жағдайым жақсы
5 десең
Көңілді күйің
Ол да анық
5 қызғалдақ, 5 сарғалдақ
Қосып алып
Гүл тереді 5 құрбы
1000 бұралып би билер
5-уі ән салды.
Шаттық кернеп
Көңілді, өйткені олар
Бақытты елдің өрені.
***
1 қолыңда бес саусақ,
2 қолда он саусақ.
Бірлеседі іске тез
Сурет салады қалам-ап
5 қойса екен апайы
Күлсін бала жадырап
Жүзі оның құлпырсын
Бал-бұл жайнап.
***
6 қандай ап-анық
«Атадан 6-ау тусаң да,
Отанға 1 жалғыздық»
Алауыз болса 6 адам
Ауыздағы кетеді
6 көшет ексең сен
Өсіп өніп жетіліп
6 жылда жемісін
Үйіп төгіп береді.
***
6 бұрыш 6-дан
Қабырғасы тұп-тура
6 ондық санау жүйесі
0-ді тіркеп соңына
1 сағатқа саяды
60 минут
Жақын қалды
1 минутқа
60 секунд таяды.
6 ондық
Санау жүйесі баяғы
Зерек бала санап алар
Әп-сәтте,
Бұл бір жүйе
Қалып қойды ағымнан
Қазіпгі санау жүйесі
0 мен 1 ден құралған.
***
7 деген желкілдек
Белбауы оның желпілдеп.
«Тақпын»-дейді тақылдап
Өткен көршім ақылды-ақ
Келер көрші сергелдең
Мені бөлсең 2-ге
Қалып қояр қалдық.
Қалдықты кім қалар?
Бөлінемін 1-ге және 7-ге
Маған ұқсаған
Тағы бір сан табылар
Өкпем жоқ менің ешкімге.
7 ата, 7 қазына, 7 күн
7 кереметі әлемнің
7 мен ғана шектелген
Демек, енді
7 саны керемет!
Белін буып белдікпен
Сондай сұлу көрінед.
***
7 жарғы тараған Әз-Тәукеден
Тәртіп үшін осы Заң негізделген
7 қазына ол дағы ата-салтың
Елімнің 7 кереметі, ол танылар
«7рет өлшеп, 1 рет кес» - деп
Ақыл айтқан даналар.
Көк аспан 7 түсті іліп ап
Кемпірқосақ иіледі майысып
1 жұмада 7 күн дәріптелген
7 деген 1 апта ұғымы ғой
Аптаның 7 күні ретімен
7 әулие, 7 шәріп, 7 жұт
7 десем, 7 атам түске енед
7 атасын білмеген жетесіз - дер
7 атам бір-біріне айтып кеткен.
7 қат болып көк аспан,
7 қат терең қара жер.
***
7 деген жетеген
Шамшырақ ол көктегі
Ожауға ұқсап 7 қарақшы
«Күзетемін» - деп
Айға олар қарапты.
***
1 аптада 7 күн, 7 түн бар
Бірін-бірі қуады кезек олар.
Темірқазық қозғалмайттын нүктені
7 батыр айналып қорғап жүреді.
***
Жетегенім - 7 жұлдыз
Темірқазық жалғыз тұр
Төбеден қарап 7 қарақшы
1 қазыққа байланып тұр қарашы.
Айналып ғаламды кең
Жол сілтейді бағытынан
Жаңылған саятшыға.
***
8-ің ол сергелдең
Құралады 8-ің 2 нөлден
Толғанып тұра алмайды
Құлайды ол оң мен солға
Минус пен плюсті қосып алып
Көз ұшында көрінбес
«Ұқсаймын» - деп
Шексіз деген ұғымға.
8 жақсы дегенмен
4-ті 2-ге еселейсің
2-ні 4-ке және
1-ді 8-ге еселеймін.
Жауабы оның 8
Осыны сен білгейсің.
***
9 деген тұғырлы
«Тік тұрамын»-деп
Ұмтылды
Шалқасынан -
түскенде
6-ға ұқсап айбарлы
Тез-ақ тұрды орнынан
9-ың мынау томпақ
9-ым бөлінеді өзіне
9-бен аяқталған
Барлық сандар
Қалдықсыз бөліне ме 3-ке?
Құрамының қосындысы
9ға бөлінсе егер
Әрине сол сан,
Бөлінер қалдықсыз 3-ке.
***
10 дегенім орнықты
1 соңына тіркеп апты жоқты
Қоса берсең жоқты
Үлкен сандар шықты
Сан атасы натурал
10-ға дейін мықты
Сандарды тез меңгердің
Білімді 1000-ды жықты.
Қорытынды
Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз. Киелі сандардың қасиеті Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Жұмыстың мақсаты:Күнделікті санауда қолданып жүрген натурал сандардың қасиетін көрсете келе олардың біздің өміріміздегі маңыздылығын көрсету болды.
Зерттеу жұмысына біз келесідей болжамдар алып отырмыз:
-қазақ халқында ерекше сипаттағы сандар көп;
Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде, қазақ халқында және басқа да халықтарда киелі саналатын және ерекше мағына беретін сандар өте көп екен. Оларды білуге біз міндеттіміз. Себебі, мағынасы жағынан бұл сандардың астарында үлкен тәлім - тәрбие жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Алдамұратова Т.А «Математика»Алматы «Атамұра»
2.Әлімбай Т.Р. «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар»
3.»Мөлдір бұлақ», «Балдырған» журналдары
4.»Құран кітабы» беттері
5. «Сиқырлы сандар құпиясы»энциклопедиясы
6. «Ол кім ,бұл не?»энциклопедиясы
7. www.wikibilim.kz/</</font>
25